Құрметті turksoy халықаралық Түркі Мәдениет ұйымының Бас хатшысы Дуйсен Қорабайұлы Қасеинов мырза!



бет97/109
Дата10.05.2023
өлшемі0,89 Mb.
#91606
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   109
Байланысты:
sciPaper105546

Ключевые слова: технология критического мышления, урок литературы, творчество учеников.


Summary
This article discusses the technology of critical thinking in education. Currently developing a new system of education in our Republic, receive direction on occurrence in world educational space. It is associated with significant changes in pedagogical theories and the educational process: the educational paradigm has changed and a new educational process.
The development of new pedagogical technologies and introduction of these technologies in the educational process requires a lot of time. As the development of new educational technology allows teachers to access new opportunities, develop creative potential, and gives students the opportunity to contribute to improving the quality of education.
In this article, the author guided this says about the uses of new technologies at literature lessons and the contribution that will improve the educational quality of their students.
Key words: technology of critical thinking, a literature class, the creativity of the students.

Бaлa дaмyының eң шapықтay шeгi – бұл тiл мeн oйдың шығapмaшылығы.


Л.С. Выгoтский

Қазіргі заман ағымы болашақ ұрпақтың ой-өрісінің шыңдалуын, жеке тұлға ретінде қалыптасуын талап етуде. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халыққа жолдаған жолдауында «Біздің міндет жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалана отырып, білім мен бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу» деп ұстаздар қауымының алдына жаңа міндеттер қойды [1]. Oртa бiлiм бepy жүйeсiндe әлeмдiк жoғapы дeңгeйгe қoл жeткiзгeн aнaғұpлым тaнымaл oқытy әдiстeмeлepi apaсындa сындapлы (кoнстpyктивтi) тeopиялық oқытyғa нeгiздeлгeн тәсiл кeң тapaғaн. (Hattie, 2009) Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталған. Ол маңызды мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді. Сыни тұрғыдан ойлау — бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, талдауға, және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Ол болашақта әрекет жасауға негіз бола алады.


Дьюидің айтуы бойынша мәселелерге ерекше көңіл аудару оқушылардың табиғи әуесқойлығын оятып, оларды сыни тұрғыдан ойлауға итермелейді, яғни «нақты бір мәселені қарастырып, қиын жағдайдан шығудың жолын өзіндік іздеу арқылы оқушы шын мәнінде ойланады» [2]. Осыдан сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыруда жаңашылдығы ерекше.
Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз - ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау. СТО – оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір - бірінің ойын тыңдауға, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама [3].
Оқытудың осындай жаңа педагогикалық технологияларын сабаққа ендіру бүгінгі таңда әрбір ұстаздың басты мақсаты болуы керек. Себебі, елімізге заман талабына сай қалыптан тыс ойлай алатын, шұғыл шешімдер қабылдай білетін, белсенді, шығармашыл азаматтар қажет. Мұғалім бұл жүйемен жұмыс жасағанда, үнемі оқушы санасында болып жатқан өзгерістерді бақылап, оның дамуын жан-жақты зерттей отырып, өз сабақтарын соған сай өзгертіп отыруы тиіс. Сыни тұрғыдан ойлау өзіндік, жеке ойлау болып табылады. Ал, сабақ сыни тұрғыдан ойлау принциптеріне негізделетін болса, әркім өз ойлары мен пікірлерін және бағалауларын басқалардан тәуелсіз құратын болады. Сыни тұрғыдан ойлайтын адам басқаның көзқарасымен жиі келісе бермейді. Олар не ойлау керектігін өздері шешетін болады.
Сыни тұрғыдан ойлауды дамытудағы әдіс-тәсілдерді қолдану сабақта көп нәтиже береді. Оқушының жеке басын дамыту үшін мынандай қағидаларды есте үнемі ұстап отыру керек. 
1. Баланың бойындағы құмарлығын, қызығушылығын жойып алмай, оның үнемі алға жылжуға деген талап тілектерін, сұраныс пен мұқтаждарын ескеру, шығармашылығын жетілдіру.
2. Білімді өз бетімен іздену арқылы ойлауға жағдай жасау.
3. Өзін-өзі қалыптастыратын тұлға қалыптастыру.
Осыған байланысты мен өз сабақтарымда сыни тұрғыдан ойлау технологиясының бірнеше стратегияларын қолдан бастадым.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет