Құрметті turksoy халықаралық Түркі Мәдениет ұйымының Бас хатшысы Дуйсен Қорабайұлы Қасеинов мырза!



бет27/109
Дата10.05.2023
өлшемі0,89 Mb.
#91606
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   109
Байланысты:
sciPaper105546

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Егеубаев А. Кісілік кітабы. – Алматы: «Ана тілі», 1998ж.

  2. Жарықбаев Қ.Б., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі. – Алматы: Санат, 1995 ж.

ЖҮСІП БАЛАСАҒҰННЫҢ «ҚҰТТЫ БІЛІК» ДАСТАНЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ӘДЕБИЕТПЕН БАЙЛАНЫСЫ


Бекбусинова Ж.Р., жоғары санатты мұғалім, Абай Құнанбаев атындағы орта мектеп,
Атырау қаласы.Қазақстан.


Резюме
Крупнейшим произведением поэтического творчества этой эпохи является поэма "Кутгы билик" (Благодатное знание). Она написана Юсуфом Хас-хаджибом из Баласагуна для одного из правителей Караханидскогогосударства Сатук Богра хана.
«Кутты білік» -духовное наследие, являющееся общим для всех тюркоязычных народов, рассказывающее о жизни людей средневековья на арабском языке, в этом фундаментальном произведении говорится о быте людей средних веков, их мыслях, жизненных отношениях, природе и окружающей среде. Власть и государственное управление, любовь, ум, знания, смысл жизни и удовлетворенность рассматриваются в философском смысле».
Ключевые слова: Благодатное знание, Ю.Баласагун, древнетюркская литература,
духовное наследие.


Summary


The Kutadgu Bilig proposed Middle Turkic: is a Karakhanid work from the 11th century written by an Turki author Yusūf of Balasagun for the prince of Kashgar.
Translated, the title means something like "The Wisdom which brings Happiness" or "The Wisdom that Conduces to Royal Glory or Fortune" (Dankoff, 1), but has been translated more concisely as "Wisdom Which Brings Good Fortune". The text reflects the author's and his society's beliefs, feelings, and practices with regard to quite a few topics,and depicts interesting facets of various aspects of life in the Karakhanid empire. While not produced in Turkey, and more accurately referred to as Turkic literature, the Kutadgu Bilig is often considered to belong to the body of Turkish.
Keywords: Beneficial Knowledge, Yu. Balasagun, Ancient Turkish Literature, spiritual heritage

Еліміздің Президенті Н.Назарбаев "Мәдени мұра" бағдарламасын іске асыру жөніндегі мәжілісте сөйлеген сөзінде атап көрсеткендей-ақ «Адамзат тарихының күретамыры –мәдениет, ал мәдениеттің күретамыры –адамзаттың ақыл-ойы мен іс-әрекетін дүниеге әкелген материалдық құндылықтар болып табылады. Бұл бәрімізге белгілі ақиқат. Қай халықтың болмасын өзге жұртқа ұқсамайтын бөлек болмыс-бітімін даралап, өзіндік тағдырын айқындайтын басты белгі –мәдениеті. Мәдениет -ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, жаны, ақыл-ойы, парасаты. Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, мәдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғаларымен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлкенді-кішілі үлесімен мақтанады. Сөйтіп тек өзінің ұлттық төл мәдениеті арқылы ғана басқаға танылады.» Ал мәдениет жетістіктерінің бір айғағы болып табылатын халықтың әдебиет тарихын сол халықтың қоғамдық санасы мен әлеуметтік ой-пікірінің даму тарихы деуге болады. Елдің ой-өрісі мен философиялық даму дәрежесін анықтау үшін ең алдымен сол халықтың фольклоры мен ежелгі әдеби, мәдени мұраларына көз салынатыны мәлім. Өйткені халықтың рухани мұрасы –көптеген ғасырлардан бері жиналған жемісі болып табылады.


Міне, сондай мұраларымыздың бірі -Жүсіп Баласағұнның моральдық-этикалық мәселелерді көтеретін «Құтты білік» дастаны.
1911жылы Қазан қаласында басылып шыққан Құрманғали Халидовтың «Тауарих Хамса» атты кітабында осы «Баласағұн», «Құтадғу білік» деген сөздердің мағынасына түсініктер беріледі. Халидовтың айтуынша: «Бала» - көрікті қашалған тас, «сағұн» - қала деген монғол сөздері. Көрікті тас қала деген ұғым береді» - дейді.
Жүсіп Баласағұнның толық аты Жүсуф Хас-хожиб. ХІ ғасырдың алғашқы ширегінен бастап, сол ғасырдың 70 жылдарына дейін өмір сүрген адам.
Әділет жолын іздеп, алас ұрған жігерлі жас әдебиет пен ғылым салаларын жете меңгерген. Жүсіп өз кезінен білімді адам саналған. Ол жасынан оқып, түркі тілдеріне қоса парсы, араб, қытай тілдерін жақсы білген. Сол тағы басқа ғылымдарынан мағлұмат алған.
«Құтадғу білік» поэмасын зерттеп, келелі пікірлер қозғап жүрген А.А.Валитова «бұл дастан тек Орта Азия мен Шығыс Түркістанның ХІ ғасырдағы қоғамдық санасы мен тілін зерттеу үшін керек ескерткіш қана емес, бұған қоса ол көп жерлерде әлі эстетикалық маңызын жоймаған еңбек, қазірдің өзінде де ол түркі тілді оқушылардың назарын аудара алады» - дейді.
Жүсіптің тілінде арыстандай айбатты, сауысқандай сақ, түлкідей айлакер, данышпандай ақылды, меруерттен көрікті деген сияқты теңдеулер қолданылады. Басқа да қанатты тіркестер, ойлы тұжырымдар көп.
«Құтадғу біліктің» білім туралы түсініктері – тамаша. Білім – адам баласының сарқылмас қазына-мүлкі. Білімді адам – білгір, ақылды; жазу, оқу, білімділік белгісі; надандық деген сырқатты ешбір емші жаза алмас, оны тек білімділік қана айықтырар. Ақыл – түпсіз құзға бара жатқан адамды аман сақтап қалатын қыл арқан. Терең ой, зерек білімімізбен ғана біз алдағы арманымызға жетеміз, надан адам – соқыр және керең, білімді адам – соқырға көз, кереңге – құлақ. Білместік – қараңғы түн, адасасың. Білім – жарық, өзіңе жол ашасың. Ақылың мен білімің ғана өмірде сый, өлгенде құрмет әпереді.
«Құдадғу білік» дастанында адамның асыл қасиеттерін қадірлейтін жолдары да көп. Білім мен ақыл адамның ең қымбат, ең тарауы арналады. Ақын өзін көркем сөз шебері ретінде де ақылды ардақтап, білімді дәріптеу негізгі міндетім деп біледі.
Білімді адам ешкімге тәуелді болмай-ақ, өзіне тамақ пен киім табады. Білімге жетелейік, білімнің қадірін білейік, білімді болсақ әркімге де қажет адам боламыз.
«Құтадғу біліктің» осы бір келтірілген жолдарын ағартушылық идеяның орта ғасырлық ең тамаша үлгілері демеске болмайды. Әсіресе XIX ғасырдағы Ыбырай Алтынсарин мен Абай Құнанбаев сияқты қазақ ағартушыларының пікірлерін Жүсіп Баласағұнмен сабақтастыратын да осындай жолдар сияқты. Баласағұн да заманында надандық пен тоғышарлыққа оқу, білім, өнерді қарсы қойған заманының ақылгөй ағартушысы, озық ойшылы. Бұл жағынан да ол - кейінгілерге ұстаз. Ақылды адамға жат мінез-құлықтарды атап керсетіп, оны сынауы жағынан да Жүсүп дастаны заманындағы адамдарға, ел басы ұлықтарға ғана өнеге болып қоймай, кейінгі ақын ұрпақтарына да үлгі болған деуге болады. Жүсіп ақылға қарама-қарсы ашуды, зұлымдықты, өтірікшілік-жалғандықты, қызғаншақтық пен пейілсіздікті, арамдық пен мейірімсіздіктерді қояды. Ел үшін еңбек етер, ақыл иесі ер азамат бұл сияқты жұғымсыз мінездерден таза болса екен деген арманын білдіреді.
Жүсіп Баласағұн өз дастанында өнер-білімге қажырлы еңбек пен зор талаптылық қана жеткізетінін ескерткен. Ол өзінің ақыл-кеңестерінде Абай Құнанбаевқа ұқсас түйіндер жасап былай деген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет