Құрметті turksoy халықаралық Түркі Мәдениет ұйымының Бас хатшысы Дуйсен Қорабайұлы Қасеинов мырза!



бет28/109
Дата10.05.2023
өлшемі0,89 Mb.
#91606
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   109
Байланысты:
sciPaper105546

Талапты ер жалықпас,
Талапсыз өмір жарытпас.
Еңбекпен барлық қажетін, табылар,
Еңбексіз ер қызықтан да жалығар.
Біліммен адам толығар,
Білімі оны зор қылар...
Ақылымен ғана адам хайуаннан ажырар,
Ақылымен ғана ер - әділет үшін құрбандыққа шалынар.
Адам өзінің адам деген атына лайық қайырымды болмақ! Адам адамға дос боп тату-тәтті өмір сүрсе, қой мен қасқыр бірге жүргендей жайлы өмір орнар еді, - деп татулыққа, ағайыншылыққа үндейді. Өмірдің қасиетті парызы адамның адамға жақсылық жасауы деп ескертеді.
Өмір жолы - көрген түспен тең,
Ғажайып, бірақ ұзақ емес.
Өмір қымбат болса да өлшеулі,
Жақсылық жаса, қайырымды бол.
Ұлыққа да, құлға да өлім болар хақ,
Түбінде бәрімізге тағдыр ортақ.
Күшің барда жақсылық қыл,
Бәрімізге қаза көрі қазулы тұр.
Жеке адамның тарихи рөлін бағалауда да Жүсіп пен Абай пікірлерінде ұқсастықтар кезігеді. Мысалы:
Біз малмыз, одан өзге данышпан,
Біз қойша шұбырдық, шопан соңынан.
Құмарлық, махаббат, сұлулық туралы ойларында да толып жатқан ұқсастықтар ұшырайды.
Әркім де білер бүл дүниеде
Сүйген жардың мінсіз боларын.
Ғашықтың көзі көр болар,
Көрмейтін өзге дүниені.
Абайдың кедей-кепшікке қарасуға үндейтін сөздерімен дастанның мына жолдарын салыстыруға болар еді.
Пақырға қарас, мейірімді бол,
Тағамың болса аяма, ашыққанды тойындыр.
Адамның мінез-құлқын бейнелеуде де бұлардың ойлары тамырласып жатады. Ақылға мінез сауыт болады. Ақылды адамға байсалдылық керек деген ойлар айтады. Қызғаншақтық, ашушаңдық, өзімшілдік мінездерге қарсы ақылдылықты, әділеттілікті қояды.
Ашу адамды ақылдан айырады,
Ашу үстіндегі мейірімді адамның өзі - зұлым.
Зұлым адам ұзақ өмір сүре алмас,
Өзінің зұлымдығы оны жұтар.
Зұлым (адам) бақытты да, қуанышты да білмес,
Тек мейірманды адам ғана дегенге жетер.
«Құтадғу біліктің» қазақ халқына ертеден таныс шығарма болғанын танытарлық деректер өте көп ұшырайды. Көктемнің көркін жырлауы, өнер-білімді уағыздау, ақыл-нақылдардың төркіндерінің қазақ ауыз әдебиетіне тоғысар тұстарын, адамның өмірін, жас ерекшеліктерін жырлайтын жолдары, жастыққа кәрілікті қарсы қою, айтыс формасына жақын кеңестер, диалогтар - бәрі Жүсіп шығармасын қазақ поэзиясымен туыстастырар фактілер.
Жастық шақ өмірдің ең жақсы өрнегі,
Шындық пен мейірімділік болсын көргені.
Жастықты мәңгі бермеген,
Ақылсыз ер етерін оның білмеген.
Кәрілік кеп түр есікке,
Маған жетті, сен де тұрсың есепте...
Қырық жас болды шекара,
Жел боп шыққан оңынан,
Елу жас келді өңмеңдеп,
Әжім басты өңімді.
Алпысқа қуып тастардай...
Күн санап қайрат кеміп тұр...
Не жаздым саған жастық шақ,
Алпысқа қуып тастардай...
Халық арасына кең тараған «Алтын жима, ақыл жи, иілместі алтын еңкейткен. Қанағатсызда тойым жоқ, қанағатсыз патшадан, қанағатты кедей артық» деген сияқты мәтелдер «Құтадғу білік» беттерінде сол қалпында сақталған. Немесе:
Биік таққа отырған ақылсыз,
Тақ қадірін кетірер.
Ақылды ер есіктен орын тепсе де,
Биікке өзін көтерер.
Шығыс зерттеушісі В.В.Бартольд те Жүсіп дастанына көңіл бөліп оның маңызын ерекше атаған. Онда парсының дидактикалық әдебиетінің әсері бар және автор жергілікті түркі халықтарының нақыл сөздерін, ауыз әдебиетінің образдарын жақсы пайдаланған.
Осы сияқты, қазақ әдебиетінде сақталып келген «Наурыз» жырларына ұқсас көктем жыры, табиғатты суреттеулер кездеседі. Көктем табиғаты жібекке, түрлі әшекейлі бұйымға салыстырылып, көтеріңкі жырланады. Көгі мен көлі мол шексіз дала, аспанмен таласқан кең алқапты заңғар таулар, көктем табиғатының көз тұтар әсем суреттері өте тартымды және ол адам баласы мен жан-жануарлардың шат көңіл-күйіне бөлене сипатталады.
С.Е.Малов осы дастанның мазмұны туралы бір маңызды ескертпе жасаған. Ол Жүсіп Хас-Хожибтің шығармасы «Құтадғу біліктің» «Көктем сипаты» деп басталатын (14 тармақ) жолдарын қазақ ақыны Шәңгерей Бекеевтің өлеңімен салыстырады. Шәңгерейдің Көлборсыны, оның бетінде дамылсыз қанат қаққан құстарды бейнелеуі, сол Жүсіп шығармасына үндестік белгі деп таныған.
Асылы, наурызды, туған жер табиғатын жырлаған Шәңгерей өлеңдерінде сөз болып отырған ескі шығармаға кейбір ұқсас жолдардың ұшырауы кездейсоқ болмаса керек. Бірақ бұл әлі жете дәлелденбеген жай. Оның үстіне бұндай өлеңдерді басқа да ақындардан табуға болады.
«Құтадғу біліктің» мазмұнында қазіргі қазақ түсінігіне қонымды жолдар аз емес... Әсіресе, Айтолды мен Әлібек арасындағы кеңестер ақыл, өсиет, нақылдарға толы.
Тумақтың өлмегі бар,
Тәңірдің қалағаны болмағы бар.
Өмір деген өткінші желдей есер,
Оны кім тоқтатып күшін басар?
Дастандағы осы бір даналық сөздер кейінгі кемеңгер ақындарымыздың өлеңдеріне де ұқсап жататын сияқты. Мысалы, Абайдың өсиет өлеңдерінде осы жолдар көп өзгеріссіз қайталанып отыратынына таң қалмасқа болмайды. Дастан авторы тілдің маңызын түсіндіруге талай тапқыр сөздер қолданған. Тауып айтқан сөз ақылдылық куәсі, ал ақылды сөз адамға бақыт, жұғымсыз сөз адамға қасірет әкеледі, сондықтан, адамның өз тілі өзіне бірде дос, бірде қас, тіліңе сақ бол, әр сөзді ойлап айт, сөзге мән бермесең, басың кетеді,—дейді. Қазақтың мақалдарында: «Жақсы сөз жарты ырыс», «Адам тілі тас жарар, тас жармаса бас жарар», болмаса «Ауру - адамның өз тілінен» дейді. Бұл нақылдың барлығы әрине, «Құтадғу білікте» жазылғандай, ерте заманнан мирас болған, бір арнаға түскен алтын ойлар. Олардың түбегейлі сарыны адамды адастырмау, оны тежеп ойға түсіру, ақылды іс істеуге шақыру.
Жүсіп Баласағұн өз сөзін өте жоғары бағалайды. Өмірдің өткіншілігін, болымсыздығын айта келіп, өзі кетсе де сөзінің қалатынына сенеді.
Жасаған Алла адамға сөз берді,
Биіктен орын тепсін деп.
Ақылды берді шексіз білім тапсын деп,
Жер бетіне жарық шырақ жақсын деп.
Алла бізге ар-ұятты беріп еді,
Зұлымдық пен залымдықты жойсын деп.
«Құтадғу білік»- орта ғасыр ескерткіштерінің ең көлемдісі және көркемдігі жағынан зерттеушілерін таңдандырған әдеби көркем туынды. Орта Азия мен Қазақстан жерін мекендеген түркілердің көне мәдениеттерінің жарық жұлдызы деп атарлық әдеби мұра. Бұл- өлкенің бір кездегі өркендеген мәдениетін танытарлық тарихи куә, тамаша ескерткіш. Орат ғасырдағы көптеген ру, тайпа тілдерін бір ізге салып, қалыптасуына, әдеби тілдің негізін қалауға зор үлес қосқан дастан.
Бұл шығарма – қазіргі қазақ әдеби тілінің негізін, әдебиеттің ескі арнамыздың көзін танытатын маңызды көркем туынды. Ата-бабадан қалған баға жетпес мұра. Әлемдік мәні әйгілі, түгел түркі халықтарының мақтанышы дерлік мұра, жазба әдебиетіміздің ең ілкі тұлғалы шығармасы. Орта Азия мен Қазақстанның ескі тайпалары қалдырған орта ғасырлық ортақ мәдениет үлгісі. Жазба әдебиетіміз тарихында лайықты орны бар ескерткіш.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет