Құрметті turksoy халықаралық Түркі Мәдениет ұйымының Бас хатшысы Дуйсен Қорабайұлы Қасеинов мырза!


ЖҮСІП БАЛАСАҒҰННЫҢ «ҚҰТТЫ БІЛІК» ДАСТАНЫНДАҒЫ «АҚЫЛ» ҰҒЫМЫ



бет26/109
Дата10.05.2023
өлшемі0,89 Mb.
#91606
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   109
Байланысты:
sciPaper105546

ЖҮСІП БАЛАСАҒҰННЫҢ «ҚҰТТЫ БІЛІК» ДАСТАНЫНДАҒЫ «АҚЫЛ» ҰҒЫМЫ
Жамирова У., педагогика ғылымдарының кандидаты, Қазақ және орыс тілдері кафедрасының доценті, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз қаласы.
Резюме
В данной статье рассматривается великое наследие Ю.Баласагуни и его трактата «Кутадгу билиг», где понятие «Разум» имеет воспитательное значение. Главный герой Огдюлмюш показан в произведении олицетворением ума, знания и человеком, неустанно работающим на благо общества.
Summary
This article viewing the great legacy Yusuf Balasaguni and his treatise “KutadguBilig” and where the concept of “mind” has educational value. The main hero Ogdulmyush in shown in the embodiment of the product of the mind, values and man, has worked tirelessly for the good of man.
«Құтты біліктегі» Өгдүлміш кейіпкерінің басты міндеті – ақыл тәрбиесінің мәнін ашу. Өгдүлміш ақыл ұғымын былай деп сипаттайды:
Ақыл, деді ол – қымбаттының қымбаты,
Ақыл жоқта, құнсыз тәннің сымбаты.
Ақыл тұрар қатпарында миыңның –
Баста бәрі – қимас асыл сыйыңның.
Кісіге ақыл бейне кісен тәрізді,
Тұрар бағып әр қулық, іс әрі ізді (1835-1838)
Келесі бәйіттерде ақыл туралы:
Ақыл тірлік, ақылсыз жан – бір өлік,
Ей, ақылсыз, ақыл болсын тілерің!
Адам – білсең үй, түн түнеп түнерген
Ақыл ғана жарық төгіп жіберген (1839-1840)
Жүсіп Баласағұн Өгдүлміштің бұл монологтарында ақылдың педагогика мен психологияға қатысты білімдерді жеткізеді. Мысалы, адам баласына мидың қажеттілігі, оның ақылмен байланысы, тағы басқа қағидалары айтылады. Сонымен қатар ақылдың есі бар адамның белгісі деп санайды. Ес – ақылдың түзік жолы – «сағат сайын, сәт сайын». Ақыл ұғымын сипаттауда Өгдүлміш халық тәлім-тәрбиесіне сүйенеді. Ондағы:
Есті жанның тілі – шындық шұрайы,
Бар қылығы тегіс, шымыр шығады.
Одан салқын, сабырлылық өседі.
Жеті өлшеп, жалғыз рет кеседі (1866-1867)
деген бәйіт жлдары адамның жетілуі ақыл арқылы болатындығын баяндайды. Өгдүлміш ақыл тәрбиесінің мәнін ашуда қазіргі психология іліміне тән білімдерді толық көрсете алды. Ол адамның жан қуаттарының ішінде сана ұғымына ерекше көңіл бөледі. Өйткені сана-сезім бірнеше бөліктерден тұратын күрделі үрдіс.
Сана – әрбір адамға тән дара қасиет. Өгдүлміштің ойын талқылай келе сана адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсу дегеніне орай біртіндеп қалыптасқандығы туралы айтуға болады. Адам санасының басты белгісі - айналасындағы дүние туралы жүйесі ұғым-түсініктерінің қалыптасуына келіп тіреледі. Өгдүлміш «ес» деген ұғымға тоқталады. Оны арнайы суреттейді. «Есті жан» және «Ессіз қарт» деп адамның есін екіге бөледі. Сөйтіп есі бар тұлғаны ерекше сипаттайды.
Өгдүлміштің ғылым мен білімді жақсы меңгергені оның ақыл-ойының тереңдігі келесі сұхбатта көрінеді. Мұнда Өгдүлміш Елік Күнтудының күрделі сұрақтарына жауап беріп, ғылымның негіздерін ашады.
Еліктің сауалы:
Адам жеті мүшеден тұр жаралып,
Әрбірінің қызметі бар анық.
Көңіл құрты неде, және көз құрты?
Пайдасы не? Қандай екен өң-құлқы (1890-1891)
Өгдүлміштің жауабында білімінің жетік екені тағы да көріне түсті:
Көздің құрты – сүйікті өңді бір көру,
Көңіл құрты – аңсарымен бірге өлу (1893)
деген сөздерінде көзбен көрудің және көңілмен сезінудің айырмашылығын түсіндіреді. Негізінде көңілден адамның дүниетанымы, өмір позициясы, ұстанымы жақсы аңғарылады. Көңіл – адам мінез-құлқына белгілі рең беріп, одан біраз уақыт бойына байқалатын жалпы эмоциялық жағдай. Халық тәлім-тәрбиесінде көңіліне қарап адамдарды жайдарлы, жылы жүзді, түсі суық, ызғарлы, тағы басқа деп ажырататын. Көтеріңкі көңіл адамға қуат береді. Керісінше, уайым-қайғы адамды шаршатып жібереді. Осы жөнінде халық: «Көңілсізден күлкі шықпас», «Адам көңілден оңады» деп өте орынды айтқан. Көңіл, жан қуаты туралы ақпараттың барлығы Өгдүлміштің Елікке берген жауабымен ұштасып, содан шығып отыр. «Көңіл» ұғымына берген сипаттамасы махаббат сезімін ашуға бағытталған. Ондағы Өгдүлміштің айтқаны:
Көзің бірақ кейде алдана береді,
Көңіл ғана кедергісіз сезеді (1897)
Бәйіт жолдарынан аңғарғанымыз адамға махаббат деп күңіренуге болмайды. Нағыз махаббатты білдіретін – ішкі сезім. Жоғарыда айтылған көрсеқызарлық ақылды адамға тән қасиет емес. Ал шын махаббатты көңіл кедергісіз сезеді. Өгдүлміш өз ойын тек ғылыми тұрғыда ғана емес, халық тәліміне сүйене отырып дамытады. Мұны бәйіт жолдарынан аңғаруға болады. Мысалы, «ақылды», «білімді», «білікті» ұғымдарын сипаттауда тіл ұшына қазіргі қазақ танымындағы «Білекті бірді жығар, Білікті мыңды жығар» мақалы еріксіз оралады. Халықтың ғасырлар қойнауында өмір мен ойдың ортасында от пен суға кезек суғара алмастай асыл, ақылды сөздері.
Дастанда «ізгілік», «ізгі кісі», «ізгілік іс» деген ұғымдар ақылдылықтың шынайы белгісі. Ақыл, білім, ізгілік ұғымдары дастан бәйіттерінде бірге қарастырылған. Яғни олар жетілген адам бойындағы қасиеттер. Ақыл мен білім бірлікте болып жеке тұлғаның дамуына тіреу болады. Ақылды ер асыл, білікті ер бек болуға лайықты. Өгдүлміштің айтқан ойларының мағынасы кең, мазмұны терең. Жас кейіпкердің ішкі дүниесі дастанда сұхбат арқылы жан-жақты ашылады. Өгдүлміштің тұла бойындағы жеке дара қасиеттерінің қалыптасуын бала кезінен бастап байқауға болады. Ең алдымен, әкесі Айтолдымен сырласуында, кейіннен әкесінің орнын басқан Еңлік Күнтуды мен ағасы Оғдұрмышпен пікіралысуында осы шеңбердегі әңгімелер халық тәлім-тәрбиесіне негізделген. Сонымен қатар Баласағұнның көңілге қонатын идеялық ерекшелігі – білімге, адамгершілікке ынтықтыру, ұрпақты кісілікке баулу мақсатында және биік парасаттылықпен азаматтық ізгі мұраттарға ынталандыру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет