тікейтіп қойды да, «Саша үйде жоқ» деді. Даусы құлағым үйренген
əуенінен бөлек шықты ма, осы сөзден селт етіп, бетіне қарасам Раиса
Семеновнаның жүзі де сап — салқын екен. Coдан бір түрлі суынып қалдым
да: «Саша... Саша қашан келеді?» деп сұрадым. Осы кезде кухня жақтан
бір орындық сықыр-сықыр ете қалды. Бұлардың ас пісіретін титтей ғана
бөлмесі болатын, онда бір тозығы жеткен сықырлауық орындық бар —
тын. «Саша бүгін үйге келе алмаймын деген, институт оларды бір жаққа
жіберетін көрінеді» деп Раиса Семеновна орындықтың сықырымен
жарыса жауап берді маған. «Ана жақта біреу бар ғой? Ол Саша емес пе?
Саша...» деп дауыстап жібердім. Раиса Семеновна бір түрлі сасып
қалғандай болды, тіпті кухня жақ есікке көлденеңдей тұра қалып: «жоқ,
жоқ, ол менің подругам. Мен саған қашан өтірік айтып едім. Саша жоқ
дедім ғой. Неге сенбейсің» деп өзіме тұңғыш рет кейіп тастады. Осы
кезде «подругасы» орындықты тағы бір сықыр еткізді. Кейи алмайтын
адамыңа бір кейіп бастап алсаң ар жағын айту оңай болады ғой, Раиса
Семеновна да бастырмалатып маған ұрса бастады: «неге айтқанға
сенбейсің, Сашаны тауып бер деп есімді тандырғаны несі. Жап-жас
болып жігіттің артынан жүгіріп... Сашаға жармасып...» не айтып
жатқанын шала түсініп, рас па, өтірік пе деп таңырқап Раиса
Семеновнаның бетіне қарасам...
Света қатты шіміркеніп, оқыс іркіліп қалды да:
Ондай нəрсені құдай саған көрсетпесін, Надя,— деп ауыр күрсінді.
Мен де үнсіз отырмын. Ашылмаған адамның өзі кісіге жұмбақ болады
екен — ay, баяғыдан бері бірге жүріп басында
осынша қасірет барын
білсемші. Света бір бастап кеткен соң сырын түгел айтып түгескісі келді
ғой деймін, сөзін қайта жалғады.
-
Сол жолы мен қатты түңілдім. Адамнан да, өмірден де түңілдім.
Мамама да еш нəрсе айтпадым. Оның өзі жанын қоярға жер таппай
жүргенде папамның қайғысының үстіне қайғы жамап... Бірақ ана
жүрегінің сезбейтіні болмайды екен. Мені папамның қайғысынан жүдеп
кетті деп ойлауына болар еді ғой, бірақ ішімде сыры бөлек, өзгеше бір
қасірет жатқанын сезіпті. Сұрады. Бəрін айтып бердім. Менің мамам
Достарыңызбен бөлісу: