Созылмалы гангренозды пульпит+
Созылмалы жай пульпит
141. Пациент, химиялық кәсіпорнының жұмысшысы. Жоғарғы жақтың тістерінде ақаулардың пайда болуына шағымданып келген. Объективті көрінісі: 1.1, 1.2, 2.1, 2.2 тістердің вестибулярлы беткейінде эмаль және дентиннің жоғарғы қабаттың ішінде сопақ пішінді ойықтар анықталады. Ойықтардың қабырғалары мен табаны тегіс және тығыз. Шұқып тексергенде эмаль-дентин шекарасында сәл ғана ауру сезімі бар. Температуралық тітіркендіргіштерге реакциясы қысқа мерзімді. Дәрігер пациентке жұмыс уақытында міндетті түрде жеке қорғаныс затты қолдануға кеңес берді. Осындай ақаулар кезінде қандай қосымша ем жүргізу керек:
1.Реминералдау терапия курсы
2. Қуыстарды егеп, композициялық материалмен пломбылау
3.Ақау бар тістерді жылтырататын пастамен өңдеу
4. Реминералдау терапия курсын жүргізіп, композиттік материалмен пломбылау, кейін ремтерапия курсын қайталау+
5.Ақау аумағын «Белак» құралмен жабу
142. 18 жастағы пациент тістердегі ақ және ал қоңыр түстес дақтардың болуына шағымданып келген. Анамнезінен – тістер түсінің өзгеруі бала кезінен анықталады, тістердің түсінің сондай өзгеруі туыстарында да кездеседі. Қарап тексергенде – жоғарғы және төменгі жақ тістер кіреукесінде көптеген бор тәрізді, кейбір аймақтарда ал қоңыр түстес дақтар анықталады, олар тістердің бүкіл беттерінде орналасқан. Дақтар аймағындағы кіреуке тегіс, жылтыр, зонд зақымдалған аймақ бетінен сырғиды, 2% метилен көгінің ерітіндісімен боялмайды. Осы аурудың себебі не болуы мүмкін:
ауыз қуысы гигиенасын сақтамау
көмірсуларды артық қолдану
ас суында фтор құрамының шамадан артық болуы+
ас суында фтор құрамының аз болуы
бала жасындағы аурулар (3 жасқа дейін)
143. 24 жастағы пациент стоматологиялық клиникаға жоғарғы жақ тістеріндегі косметикалық ақауға шағымданып келген. Анамнез - тістердің түсінің өзгеруін бала кезінен байқаған. Бала кезінде рахитпен ауырған. Қарап тексергенде: жоғарғы жақтың ортаңғы мен бүйір күрек тістердің вестибулярлы беткейінде және бірінші азу тістердің төмпешіктерінде көлемдері бірдей, симметриялы орналасқан бор тәріздес дақтар анықталады. Дақтардың беті тегіс, жылтыр, шекаралары айқын. Ауру диагнозын дәлелдеу үшін қосымша қолданатын тексеру әдіс:
Достарыңызбен бөлісу: |