тынысалу мен асқорыту ауруларына әкеліп соқтырады.
D ВИТАМИНІ (КАЛЬЦИФЕРОЛ)
ВИТАМИН D (КАЛЬЦИФЕРОЛ)
Рахит сырқатына ұшыраған балаларды кварц шамының сәулесімен қыздырса, емдік әсер ететінін 1919 жылы Гульдчинский анықтаған.
XVIII ғ. соңына қарай дәрігерлер рахит ауруын емдеу үшін тамаққа балық бауырының майын қосуға болатынын анықтады.
XIX ғ. басында ультракүлгін сәулелермен әсер еткен жағдайда кейбір заттардан, рахитке қарсы әсерлі зат пайда болатыны анықталды. Мұндай алғы зат ашытқы ішіндегі эргостерол екен.
Рахитке қарсы фактор D витамині немесе кальциферол деп аталады.