Бейнелеу бір нәрсенің, көбінесе адамның мінезін, құлқын, амалын екінщі нәрсенің мысалында көрсетіп айту. Мыс., адам аяғының тұзағы бала шаға.
Әсірелеу бір нәрсені не кемітіп, не асырып айту. Мыс., жорғаңыз да дүлдүл ғой, көздің жауын арбайтын.
Мезгеу бір ұғым орнына екінші ұғымның айтылуы. Мыс., Халық жүдеп, іш азбас.
Әсерлеу деп сөздің әсерін күшейтіп сөйлеуді айтады.
Діни мазмұнді шешендікке құран сүрелері, діни уағыздар, діни мейрамдарда халыққа қаратылып айтылатын тілек сөздер жатады. Қазір халқымыз дінге жаппай бет қойғанда, діни шешендіктің қолданылатын орындары көбейді. Құрандағы сүре жолдары түгелімен риторикалық сұрақтардан тұрады. Риторикалық сұрақ сезім, тебіреністен туындайтыны, сөйтіп оқырмандарына әсер етуді көздейдіні белгілі. Сүре жолдарында адамшылықты, бірлікті, махаббатты білдіретін ойлар бірыңғай сөйлем мүшелерімен келіп отырған. Бірыңғай сөйлем мүшелерімен сөйлеу әдісі мазмұнға тереңдік, ойға үдетпелік, тілге көркемдік сипат беретіні белглі. «Құран Кәрімнің» тіліндегі көркемдік қуатты үн, ой айқындылығы, ыңғайлас салалас пен шартты, қимыл- сын бағыныңқылы сабақтас құрмаластардың жасалу жолдарынан, бұйрықты сөйлемдердің қатысуынан, қаратпа сөз бен демеулік шылаудың қолданысынан, риторикалық сұрақтардан көрінеді.
Қазақ ақын жырауларына тән қасиеттер: олар көбінесе елдік мәні үлкен, келелі мәселелердің тұсында халық пен ханға бірдей ақылшы, көргені мен білгені көп кемеңгер ойшыл ретінде көрінеді, айтпақ ойларын толғау түрінде философиялық, дидактикалық түйіндер арқылы, психологиялық параллелизмдер негізінде, асқақ рухта жеткізеді.
Сыпыра жырау сөзінің өткірлігі – қайталанақолданған қаратпа сөздің екпінінде, шартты мәнде жұмсалған құрамалас сөйлемнің риторикалық сұрақпен қайырылуында.
Асантолғауларындағы шешендік тәсіл – психологиялық, синтаксистік паралеллизмдер.
Қазтуған шешендігі – толғауларын өз атынан, І жақта баяндау шеберлігімен ерекшелінеді.
Бұхар жыраудың шешендігінде -адамдарға таныс құбылыстарды қатар суреттеу арқылы ой түсіріп, қоғам, тіршілік туралы түйін жасайды.
Махамбетте ойдың берілу тәсілдері – психологиялық параллелизмдер, синтаксистік жарыспалы құрылымдар, ойды түйіндеп қайырып отыратын қайталама сөздер, басқы, соңғы, ішкі ұйқастар, дыбыстық үндестіктер.
Сот ісіндегі шешендік қазір қалыптасып болды деп айта аламыз. Қазақ тілі еліміздің Конст. Мемлекеттік тіл болып қалыптасқанан бері қарай сот істері де қазақшалана бастады. Айыптаушы, қорғаушы, бітім айтушылардың қай- қайсысы да адам тағдырына араласатындықтан, жалпылама сөйлеп жайбарақат қала алмайды, тыңдаушы қауымға сөзбен ісер етуді мақсат етеді. Сол себепті мұнда қорғаушының да, айыптаушының да келтірген дәлелдері мен сөйлеген сөздеріндегі сөз оралымдары маңызды рөл атқарады.
Сотта қолданылатын шешендік монолог әрі диалог түрінде де жүзеге асады. Сотта қаралған, қаралуға тиіс қылмысты істердің бәрі мұндай шешендіктің тақырыбы бол алады. Сонда «сот ісіндегі шешендік» деген атау біршама жалпы сипатта қолданылады: тікелей сот процесіндегі үкім шығаратын судьяларға әсер етуді көздейтін шешендік және сотта тезірек қаралуға түрткі болатын баспасөз бетіндегі айыптауларға негізделген шешендік, айыпкерге үкімі шығарылып, сот процесі аяқталғаннан кейінгі халыққа жария болған тәрбиелеу мақсатындағы шешендік.