50. Әйтеке бидің мемлекеттілікті нығайту жолында атқарған қызметі және билік-кесімдері мен шешендік сөздері.
Әлім тайпасының төртқара руынан шыққан. Әмір-Темірдің бас кеңесшісі Ораз қажының бесінші ұрпағы. Бүкіл парсы, өзбек, қырғыз, қазақ жұрты «Синесоф буа»(жаны пәк жан) атаған Сейітқұл әулиенің үшінші ұрпағы. Әбілқайыр ханға дейін Кіші жүздің сөзін ұстаған қазақтың биі. Есім хан тұсында Самарқанды билеген Жалаңтөс батырдың жақын туысы. Әйтеке бес жасында молдадан оқып сауатын ашқан.
Әдебиет, өнер тарихында таза болмысымен, турашылдығымен, даналығымен, күйлі – қуатты әрі сымбатты сөздерімен аты аңызға айналған ақыл – мой алыптарының бірі – Алшын Әйтеке би.
Әйтеке бидің үлкендігі турасындағы мына бір жәйтті Мәшһүр Жүсіп «Даналар» атты өлеңінде келтірілген:
Қазыбек, Әйтекедей көсем өткен;
Әлдибек, Айтпай, Майлы шешен өткен.
Жолы үлкен, жасы кіші Төле бидің
Әйтеке, Қаздауысты Қазыбектен.
Ел аузында «Әйтеке жарып айтады, Қазыбек қазып айтады, Төле
тауып айтады, Төле тауып айтады» ұлағатты сөздер бар. Әділ сөйлеу, ойды шегелеп, нақты, жарып айту батырлық пен батылдықтан, даналық пен білімпаздықтан туады.
Әйтеке бидің мәні мен сәні үйлескен мына бір күлі – қуатты лебіздеріне дүниетаным тереңдігі, алысты болжар көрегендігі
көрініс тапқан.
ӘЙТЕКЕ БИДІҢ НАҚЫЛ СӨЗДЕРІ
Қара қылды қақ жарған — жақсылардың белгісі.
Нағыз тұлпар дауысын қоңыраудай сыңғырлатып, үзілдіріп, әсерлі қайырып кісінейді.
Ағаң келсе — ардақтап атын байлағандай, қонағың келсе — құрметтеп, көңілін жайлағандай тындырымды ісің болғанға не жетсін.
Өмірім халқымдікі, өлімім ғана өзімдікі.
Інінің реті – тас қару,
Ағаның реті – басқару.
Ағасы келсе, ардақтап атын байлағандай;
Қонағы келсе, құрметтеп жайлағандай;
Тындырымды інісі болса;
Қанат-құйрығы сай болып,
Көңілі жай болып,
Ағаның алар тынысы болса;
Інінің міндеті — басқару,
Ағаның реті — бас бағу емес пе?
Асқар тау сенде бір мін бар-
Асу бермейсің;
Тасқын су, сенде бір мін бар-
өткел бермейсің;
Билер, сендерде бір мін бар-
Басқаға сөз бермейсің!
Ашу бар жерде ақыл тұрмайды.
Ашу деген — ағын су,
Алдын ашсаң, арқырар.
Ақыл деген — дария,
Алдын тоссаң, тоқырар.
Кісі бірге туыспау керек,
Туысқан соң сөз қуыспау керек.
Сөз қуған пәлеге жолығады.
Жол қуған олжаға жолығады.
Ораздының кәрісі қартайғанда қазына болады,
Шиырлының кәрісі қартайғанда қазба болады.
Бай болсаң, халыққа пайдаң тисін;
Батыр болсаң, дұшпанға найзаң тисін.
Бай болып пайдаң тимесе,
Батыр болып найзаң тимесе,
Жұрттан алабөтен үйің күйсін!
Сарқылмайтын суат жоқ,
Тартылмайтын бұлақ жоқ.
Құйрығы суда тұрса да,
Уақтысы жеткенде,
Қурамайтын құрақ жоқ.
Дүние деген пәни бұл,
Баласы жоқта мият жоқ,
Бәрінен қиын сол екен,
Артыңда жанған шырақ жоқ…
Осы фактілердің бәрі жиылып келіп, Әйтеке би 1666 жылы дүниеге келіп, ұлы аласапыран «Ақтабан шұбырындыға» бір жыл қалғанда дүниеден 56 жасында өткенін паш етеді. Ал енді оның есімінің, туған-өлген жылының, жатқан жерінің ізім-ғайым жоғалғанын тек үш нәрсемен, біріншісі – хан, сұлтандармен өмірінің соңында тату-тәтті тұрмағанынан, жерлеу рәсімінің үш жүздің басы қосылған көлемде өтпегенінен, екіншіден, ол жақтан жерден ағайын-жұрттың ауып кеткенінен, үшіншісі, 1723-1724 жылы ел басына түскен зұлматтың әсерінен деп білген ақылға жөн. Сол себепті Әбіш Кекілбайдың Шу бойы, Сарысу, қарт Қаратау, Келес, Нұрата тауларында жатуы мүмкін дегеніне ден қоюға болатындығын айтпақпыз.Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні: әділ сөздің алдаспаны Әйтеке би – Ел басқарушы би. Қазақ қоғамындағы феодализмді нығайту бағытында маңызды рөл атқарған «Жеті жарғы» заңдар жинағын жасауға қатысқан, ресми түрде хан кеңесшісі болған ол орталықтандырылған біртұтас қазақ хандығын құру жолында белсене атсалысты. Төле және Қазыбек билермен бірге Тәуке ханнан Абылайға дейін қазақ мемлекеттігінің эстафетасын алып өткен секілді. Қазақ елінің үш жүзінің бірлікте, тату өмір сүруінің қамын ойлаған қамқоршы болды. Өзін дана, әділ би, аузы дуалы шешен, ішкі және халықаралық күрделі мәселелерді шешуде төреші, жоңғар басқыншыларына табанды қарсылық көрсетуді ұйымдастыру жолында үлкен үлес қосқан озық ойлы қайраткер ретінде таныта білді
Достарыңызбен бөлісу: |