Бақалардағы «камфоралық қояншық ауруының» көрінісіне жоғарғы және төмен температураның әсерін зерттеу.
Әдісі. Екі бақаның жұлын мый сұйығының лимфалық қапшығына 20% майлы камфораның ерітіндісі енгізіледі (20 г дене салмағына 0,1 мл). Бір бақа бөлме температурасындай суы бар ыдысқа, ал екіншісі 35-37С дейін қыздырылған суы бар ыдысқа салынады. Құрысу түріндегі қимыл-қозғалыс дамуының бұзылысы бақа денесінің температурасы жоғарылаған кезде ғана болатынына мән беріңіз.
Алынған мәліметтерді талдап, байқалған бұзылыстардың даму тетіктеріне қорытынды жасаңыз.
Науқастың басын алға еңкейту барысында қатты ауыру сезімінің пайда болуы
Керниг симптомы (алдын ала тік бұрыш жасап бүгілген тізе және жамбас буындарын жаза алмауы)
Брудзинскийдің жоғарғы симптомы (арқасымен шалқасынан жатқан науқастың басын кеудесіне жақындатуға талпынғанда, оған жауап ретінде тізе буыны еріксіз бүгіледі)
№ 4 тапсырма Ситуациялық есептерді шешіңіз
№ 1 есеп Орта жастағы ер адам жедел жәрдем ауруханасына ес-түссіз жеткізілді. Науқасты алып келген мейірбикенің айтуы бойынша, науқас бірден құлап, селкілдек-тырысқақ ұстамасы басталды. Зерттеулер барысында: науқастың санасы шатысқан, дене қызымы 38С, АҚ 170/90 мм с.б.б., пульсі мин.105 рет, тыныс жиілігі мин. 18 рет, денесінің сол жағының қимыл - қозғалысы төмендеген, Бабинский рефлексі екі жақтан анықталды.
Селкілдек-тырысқақ ұстамасы дегеніміз не?
Тырыспа-селкілдектің даму негізінде не жатыр?
Берілген науқастағы құрысу ұстамасының даму себебі қандай?
№ 2 есеп Науқас И., 42 жаста, оң қолының үдемелі әлсіздігіне, ауыру сезімінсіз күйіктеріне және жарақатына, сәл сыдырылған терісінің ұзаққа созылған іріңді жараларына шағымданып жеткізілді. Бұндай өзгерістерді алғаш рет 5 жыл бұрын анықтаған. Соңғы жарты жыл ішінде қатты тағамдарды жұтуы қиындап, сонымен қатар дауыстың мұрындық тембрі пайда болғандығы анықталды. Невропатологтың зерттеуі барысында қабағының төмен түсуіне байланысты оң көз ойығының тарылғаны, беттің оң бөлігінің ауыру сезу қабілетінің төмендегені, жұмсақ таңдайдың салбырауы, жұту рефлексінің болмауы, оң жақтағы дауыс байламының шала салдануы, оң саусақтың сүйекаралық бұлшық еттерінің атрофиялық өзгерістері, оң қолында периостальдық рефлексінің болмауы, оң жақтық бөліктік-ажырау түрі бойынша ауырулық және жылу мен суық сезімінің жоғалуы, аяқтарында «тірі» шеміршектік рефлекстердің сақталуы анықталды.
1. Науқастағы медициналық терминдерге сәйкес әйгіленімдерді табыңыз.
2. Берілген бұзылыстар дамуының мүмкіндік тетіктері қандай?
3. Жүйке жүйесінің құрылымдық-қызметтік ұйымдастырылуының қай деңгейінде берілген науқаста дерттік үрдіс дамуы мүмкін: а) сезімталдықтың бұзылысы, б) қозғалыстың бұзылуы?
4. Жүйке жүйесінің қызметі бұзылысының сипатын және ауру ағымының ерекшеліктерін ескере отырып, көрсетілген бұзылыстардың себептерін және мүмкін болатын дерттік үрдіс туралы ойыңызды құрастырыңыз
№ 3 есеп 16 жасар бозбалада ауруханаға түсерден 3 ай бұрын қолдың үдемелі дірілі және түрткі тәрізді қозғалысы пайда болды. Туысқандарының айтуынша, кезеңдермен күлкі ұстамасы және жұтынудың қиындауы байқалған. Неврологиялық зерттеуде бет еттерінің қимылдауы, дизартриялық сөйлеуі, дірілдеу, екі қолының қатып қалуы және тырысулық қозғалысы байқалады. Тесікті шамның жарығымен тексергенде көзінің қасаң қабығында Кайзер-Флейшер жүзігі анықталды. Қанда церулоплазминнің азаюы және бауырда мыстың көбеюі анықталды. Науқасқа гепатоцеребральды дистрофия (Вильсон-Коновалов ауруы) аңғарымы қойылды.
Аурудың патогенезі қандай?