Сабақтың мақсаты: Төмендегі бұзылыстардың даму және пайда болуының патофизиологиялық тетіктеріне түсінік қалыптастыру.
жүйке жүйесінің қозғалыс қызметінің бұзылысы.
тырыспа селкілдек синдромы
нейрожұқпа кезіндегі мый қабықшасының бұзылуы синдромы.
Оқыту міндеті: Тақырыпты меңгерген студент орындай алады:
Жүйке жүйесінің қозғалыс қызметінің бұзылысының этиологиясын және патогенезін түсіндіруді
Құрысу синдромының патогенезін түсіндіруді
Менингеалдық синдром патогенезін түсіндіруді
Тәжірибе жүргізіп және оны қорытындылауды.
Ситуациялық есептерді қорытындылауды
Тақырыптың негізгі сұрақтары: Қозғалыстың нейрогенді бұзылыстары. Гипокинездік жағдай. Шала салдану мен сал ауруы туралы түсінік, этиологиясы, патогенезі.
Гиперкинездік жағдай. Құрысулық жағдай туралы түсінік, этиологиясы, патогенезі.
Қояншық ауруының этиологиясы және патогенезі
Нейрожұқпаның этиологиясы және патогенезі.
Менингиттер, менингеалдық синдромның патогенезі
Оқыту әдістері және сабақ беру: Ауызша сұрау, сынамалау, шағын топтармен жұмыс жасау: тәжірибелерді орындау, «мылқау» кестелерді толтыру, ситуациялық есептерді шешу.
Тәжірибелік жұмыс
1 тапсырма.
Ақ тышқандарда «камфоралық қояншық ауруының» туындауына жүйке жүйесі қызметінің әсерін зерттеу.
Әдісі. Тәжірибе үшін үш ақ тышқан алынады. Олардың біреуінің бұлшық етіне 0,15 мл 5% кофеин ерітіндісін енгізеді. 10 минут өткеннен соң үш тышқанның бұлшық етіне 0,15 мл 20% камфордың майлы ертіндісін енгізеді. Кофеин енгізбеген бір тышқанға эфирлі наркоз беріледі. Жануарларда қимыл бұзылысы дамуын және оның әр тышқанда камфора енгізгеннен кейін туындау мерзімін, айқындалу дәрежесін белгілей отырып бақылау. Әртүрлі қимыл-қозғалыс бұзылыстары дамуының бірізділігіне мән беріңіз.