Негізгі себептері: созылмалы маскүнемдік және ұйқы безі сөлінің шығуының қиындауы.
Созылмалы панкреатит дамуындағы патогенездік тетіктері:
Өттің ұйқы безі өзегіне түсуі
Одди қысқышының бітелуі
Протеиндер гиперсекрециясы және тұтқырлықтың жоғарылауы
литостатиндердің азаюы (ұйқы безі сөліне бөлінетін және протеиндік конгломераттың түзілуін, кәлций карбонаттары кристалдарының жабысуын тежейтін пептидтер. Литостатиннің азаюы әлкогөлдің әсерінен дамиды, сонымен бірге тұқымқуалауға бейім болуы мүмкін)
кәлцийдің гиперсекрециясы
трипсин тежегіштерінің түзілуі азаюы
протеиндер агрегатының түзілуін дамытатын лактоферриннің артуы
Фиброз дамуына әкеледі:
жіті панкреатит → ұйқы безі өзегінің бітелуі→ацинус жасушаларының некрозы
ацинустардың зақымдануы (улы өнімдер, бос радикалдар лейкоциттермен зақымдану, лизосомалық ферменттер белсенділігінің жоғарылауы, холинергиялық әсерлену)
МАТ әсерленуі (ұйқы бездік P450 цитохромының шектен тыс әсерленуі (әлкогөлмен) → МАТ әсерленуі → фиброз)
Ұйқы безінің созылмалы қабынуы → бездің экзокриндік тінінің зақымдануы→ ферменттер түзілуінің төмендеуі→мәлабсорбция
4. Көрсетілімдік материал: дәрістің мультимедиялық қойылымы
5. Әдебиеттер
Негізгі
Патофизиология: Ә.Н.Нұрмұхамбетұлы: Оқулық: Алматы, «Эверо» баспасы-2007 ж.
Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. – 484-486
Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга О.И.
Уразовой- М.: ГЭОТАР-МЕД, 2т., 2009.- С.-357-361
Патофизиология. Основные понятия.: учебное пособие. Ефремов А.В.– М., 2008.– С. 153-154
Қосымша
Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга - М.: Томск., 2006.- С. 560-562
Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 2. С– 256-257.
Джозеф М. Хендерсон. Патофизиология органов пищеварения. Пер. с англ. – М. – СПб.: Бином – Невский диалект, 1997. – С.-197-224
6. Бақылау сұрақтары
1. Ұйқы безінің сөлденістік қызметінің бұзылысын туындататын себептері 2. Ұйқы бездік ахилия кезінде асқорыту бұзылыстарының патогенезі 3. Панкреатиттің негізгі себептері
№ 3 тақырып. Бауыр патофизиологиясы.
Мақсаты: Бауыр қызметтері бұзылыстарының этиологиясы және патогенезін меңгеру
Дәріс жоспары:
1. Бауыр жеткіліксіздігінің жалпы этиологиясы, патогенезі
2. Бауыр жеткіліксіздігі синдромы кезінде организмнің зат алмасу бұзылыстары.
3. Бауырдың тосқауылдық, усыздандыру қызметінің бұзылысы.
Бауырлық команың патогенезі.
Қақпалық гипертензияның түрлері мен даму тетіктері
Жаңа туылғандарда бауыр қызметі жетілмеуінің көріністері
Дәрістің қысқаша нұсқасы
Бауырдың алғашқы және салдарлық зақымдануының себептері
Биологиялық жайттар:
- вирустар (А, В, С, D, F,G гепатиттердің; жұқпалық мононуклеоздың)
бактериялар (туберкулез, мерез қоздырғыштары)
қарапайымдылар (лямблиялар, амебалар)
уақ саңырауқұлақтар, актиномицеттер
құрттар
Химиялық жайттар (гепатотроптық улар): - әлкогол, өндірістік улар (төртхлорлы көміртек, ауыр металдар, хлороформ, күшала,
фосфорорганикалық инсектицидтер);
- өсімдіктік улар (афлатоксин, мускарин);
- тіндердің ыдырау өнімдері, бұзылған зат алмасудың өнімдері;
- дәрі-дәрмектер (ПАСК, сульфаниламидтер, биомицин, тетрациклин, ж.б.).
Физикалық жайттар: иондаушы сәулелену, механикалық жарақат
Ауқаттық жайттар: нәруыздық, витаминдік ашығу, майлы тағам
Басқа ағзалар мен жүйелер қызметтерінің бұзылысы:
қанайналымының жеткіліксіздігі
ішкі сөлденістік және алмасулық аурулар
өспелер, аллергия
бүйрек жеткіліксіздігі
Бауыр жеткіліксіздігіндегі зат алмасу бұзылыстары
Көмірсу алмасуының бұзылысы:
Достарыңызбен бөлісу: |