Тақырып: «Асқорыту жүйесі бұзылыстарының жалпы этиологиясы және патогенезі. Асқазан және ішек қызметтерінің бұзылуы. Балаларда асқорыту бұзылуының ерекшеліктері»
Тақырып: «Асқорыту жүйесі бұзылыстарының жалпы этиологиясы және патогенезі. Асқазан және ішек қызметтерінің бұзылуы. Балаларда асқорыту бұзылуының ерекшеліктері» 1-тапсырма Асқорыту жеткіліксіздігі патогенезінің көріністері бойынша кестені толтыру.
Нәруыз және кәлций сіңірілуі бұзылуынан сүйек боркеміктігі және жұмсаруы.
Шеткері невриттер
В тобындағы витаминдердің тапшылығы.
Парестезии, тетания
Кәлций және магний иондары сіңірілуінің бұзылуы.
2-тапсырма Есептерді шығару № 1 есеп Жұтынудың бұзылыстары неге байланысты: жұтқыншақ немесе өңеш қызметінің бұзылуына ма? (Өңеш қызметінің бұзылуына байланысты, себебі тұлғалық сезім жұтудан соң 2-3-сек кейін пайда болады, тамақта ауыру сезімі және кері лықсу жоқ)
Ары қарай қандай зерттеулер жүргізу керек? (рентгенографиялық)
Рентгенограмма нені анықтайды? (деректерді оқытушыдан сұраңыз). Өңештің айқын кеңеюі анықталды, өңеште тағам қалдықтары, өңеш және асқазанда жергілікті ақаулар болмай, өңештің шеткері бөлігінің тегіс тарылуы көрінеді.
Осы науқаста жұтыну бұзылуының патогенезі қандай? Науқаста, негізінен, өңештің босаңсымауы болуы ықтимал. Патогенезінің негізінде, мый бағанасы, кезбе жүйкенің, интрамуралдық жүйке түйіндері жасушаларының және өңештің шеткері бөлігі тегісетінің бүлінісі бар, алғашқы жүйкелік бұзылу жатады. Бұлшықеттік босаңсу үшін қажетті нейротрансмиттердің тапшылығы дамыйды: ТБІП және азот тотығы
№ 2 есеп. А. және Б. науқастарда байқалған ауытқулар асқазанның сөлденістік қызметі бұзылыстарының қандай түріне жатады? (А. – гипосекрециялық нұсқа; Б. – гиперсекрециялық нұсқа)
Осы науқастарда асқазанның шығарулық қызметі қалай өзгереді? ( А. – жылдамдайды, Б - баяулайды)
Осы науқастардағы байқалған асқазан сөлденісінің бұзылысы ішектегі асқорытуға қандай әсер көрсете алуы мүмкін? (А. –ішектік асқорытудың бірталай нашарлауы, ішек қимылының артық белсенділенуінен іш өтудің пайда болуы мүмкін; Б. – ішек қимылының белсенділігі әлсіреген, іш қатулар болады)
№ 3 есеп Науқасқа аңғарым қою үшін қандай зерттеулер белгіленген? (Рентгенография, эндоскопия, Helicobacter pylori анықтау)
Осы науқаста ойық жара ауруын қандай озбырлық жайттар туындата алуы мүмкін? Олардың зақымдаушы әсері негізінде қандай тетіктер жатады? ( Шылым шегуден – ұйқы безінің бикарбонаттарды бөлуі тежеледі, асқазанның босауы жылдамдайды, простагландиндер түзілуі және эпителийдің регенерациясы тежеледі; ішімдік – асқазанның шырышты қабатының қанмен қамтамасыз етілуінің төмендеуіне және шырыш бөлінуінің тежелуіне әкеледі; Психикалық – эмоциялық стресстен – қан тамырлары жиырылады; Helicobacter pylori уреаза мен протеазаны бөледі, қабыну туындатады).
Қарын үсті аймағында ауыру және күйдіру сезімі дамуының себептері қандай? (Күйдіру сезімі – ноцицепциялық хеморецепторлардың қышқылмен тітіркендірілуі немесе асқазан қабырғасының тегісеттерінің жиырылуынан болады)
Осы науқасты емдеу бойынша сіздің ұсынысыңыз. (шылым шегуді, ішімдікті доғару, антацидтер, Н2 –рецепторларының және Н+, К+ -АҮФаза тежегіштерінің антагонистерін, простагландиндердің аналогтарын белгілеу).
№ 4 есеп Осы жағдайда қандай ауру бар екенін жорамалдауға болады? (Асқазанның ойық жара ауруы)
Асқазан сөлінде уреазаның бар екеніне білдіретін оң сынақ нені дәлелдейді? (helicobacter pylori бар болуын)
Ащымен кекірудің себебі қандай? (Ащымен кекіру ұлтабарлық-асқазандық кері лықсу дамуының салдары болуы мүмкін. Өт те асқазанның шырышты тосқауылын бүлдіреді)
№ 5 есеп Қосымша қандай зерттеу жүргізу керек? Барлық деректер сөлденістік диареяны көрсетеді. Іш қуысы ағзаларының компьютерлік томографиясын және ТБІП анықтауды жүргізу қажет
Оқытушыдан компьютерлік томография және ТБІП деңгейі бойынша деректерді сұраңыз (ұйқыбездің құйрығында және бауырда өспе түйіндері білінеді. Өспе түйіндерінің биопсиясы кезінде –шығу тегі жүйкелік – ішкі сөлденістік өспе жасушалары байқалды)
Жорамал аңғарым - ТБІП өндіретін өспе. (КІСӨ синдромы - көптеген ішкі сөлденістік өспе)
№ 6 есеп С -жауабы.
№2 тақырып «Ұйқыбезінің сөлденістік қызметінің бұзылуы. Балалардағы ерекшеліктері»
№ 1 есеп
1. Науқаста ұйқыбездің мынадай қызметтерінің жеткіліксіздігі байқалады:
а) сөлденістік (белгілері: трипсин белсенділігінің айқын төмендеуі, стеаторея, үлкен дәреттің бұзылуы, іш кебуі, тәбеттің айтарлықтай төмендеуі, арықтау, әлсіздік);
б) инкрециялық (инсулин азаюының белгілері: гипергликемия, глюкозурия, полиурия, жүдеу, әлсіздік).
2. Аса ықтималды жорамал: әлкогөлдік себепті созылмалы қабынулық үрдіс және әлкогөлдік
уыттанумен де, сонымен қатар аралшықтық құралдың қабынулық (салдарлық)
әлтерациясымен де туындатылған бездің аралшықтық жасушалары қызметінің жеткіліксіздігі.
3. Осы мақсатпен аңғарымдық лапароскопияны (УДЗ және компьютерлік томографияға қосымша ретінде), ұйқыбездің биопсиялық сол немесе басқа бір тәсілін, ұйқыбезі сөлінің жасушалық зерттеуін ж.б. ұсынуға болар еді.
4. Ұйқыбездің сөлденістік және инкрециялық құралының жеткіліксіздігі, әртүрлі себептердің әсерінен, бір біріне тәуелсіз дамуы мүмкін. Бірақ талданып отырған жағдайда бұл үрдістер өзара байланысты. Созылмалы маскүнемдік кезінде сөлденістік құрал аса сезімтал болып көрінеді, өйткені ол қабынулық үрдістің даму барысында алғашқы және салдарлық әлтерациямен жауап береді. Бұл кезде аралшықтық құралдың бүлінісі, әдетте, кейінірек —созылмалы қабынулық үрдіс үдеген кезде дамыйды, ол безде қанайналмының бүлінісіне, оның фиброзына әкеледі ж. т.т. Екінші жағынан, салдарлық түрде пайда болатын инсулиндік жеткіліксіздік қабынулық үрдістің өтуін, без тінінің нәрленісін, оның регенерациялық қабілетін ж. с.с. бұза отырып, ауырлатуы мүмкін.
5. Мынадай аңғарымдық жорамал аса ықтималды болып көрінеді: алғашқы (әлкогөлдік), салдарлық ҚД пайда болуымен асқынған, созылмалы панкреатит.
6. Науқастың айтарлықтай арықтауы негізінен екі себеппен туындатылған: а) қорытудың, және, демек, тағамның негізгі құрамбөлшектері —нәруыз, май, көмірсу сіңірілуінің бұзылуымен (ұйқыбездің айқын сөлденістік жеткіліксіздігі салдарынан);
ә) көмірсу, ал салдарлық түрде — сонымен қатар нәруыз және май алмасуының бұзылуымен (науқаста ҚД дамуы салдарынан).
№ 2 есеп. Осы науқаста қандай ауру бар екені туралы ойлауға болады? Созылмалы панкреатит (клиникалық көріністер, холецистопанкреатография кезінде«моншақ» әйгіленімі)
Ауру дамуының мүмкіндік себебі қандай? Ішімдікті ұзақ үздіксіз қабылдау
Осы науқаста дене массасын жоғалту, ішекте заттардың қорытылуы және сіңірілуінің бұзылуымен байланысты болуы мүмкін, соның салдарынан осмолялдық диарея дамиды.
Стеаторея липазаның жеткіліксіздігімен байланысты
Бауыр көлемінің ұлғаюы, трансаминазалар белсенділігінің жоғарылауы, гипоәлбуминемия, УДЗ бауырдың майлық дистрофиясы дамуын көрсетеді (ішімдікке салыну)
Эритроциттер көлемінің ұлғаюы витамин В12 және фолий қышқылының тапшылығына байланысты (ішімдікке салыну)
Науқасты емдеу туралы сіздің ұсынысыңыз. Созылмалы маскүнемдікті емдеу, емдәм, ұйқыбездің ферменттерімен орын басарлық емдеу.