Руководителю соц


Асқазанның қимылдық белсенділігінің бұзылуы



бет3/27
Дата19.04.2023
өлшемі0,9 Mb.
#84416
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27

Асқазанның қимылдық белсенділігінің бұзылуы





Бұзылу түрлері және негізгі көріністері

Пайда болу тетіктері немесе клиникалық мысалдар

  1. Қимылдық белсенділіктің жоғарылауы

  • ауыру сезімімен, тағам жентегінің асқазаннан өтуінің баяулауымен қабаттасады.




  • ойық жара ауруы, гастриттер кезінде.

  • дерттік висцеро-висцералдық рефлекстер кезінде.

  • асқазан сөлінің қышқылдығы жоғарылаған кезінде.

  • пилороспазм кезінде.

  • кезбе жүйкені түрткілеген кезде.

  1. Қимылдық белсенділіктің төмендеуі

  • тамақ ішкеннен соң төс астында ауырлықтың пайда болуымен қабаттасады. Асқазанда іркілген тағам жентегі ашу және шіруге ұшырайды, бұл асқорыту жолының жұқпалық-уыттық зақымданулары, асқорыту жүйесінің толық, қатты бұзылулары үшін алдын ала жағдай жасайды.




  • отадан кейінгі кезең (кезбе жүйкені кесуден кейінгі синдром).

  • жұқпалы аурулар.

  • ауқаттық дистрофия.

  • асқазанның төмен түсуі.

  • қымылдың жүйкелік реттелуінің бұзылуы (асқазанның идиопатиялық салдануы, жүйкелік анорексия).

  • диабеттік нейропатия.

  • симпатикалық жүйке жүйесінің түрткіленуі.
Салдарлары.

  • Ерте (жылдам) тояттану синдромы. Асқазанның шығаберіс бөлімінің межеқуаты және қимылы төмендеуінен болады. Тағамды аз мөлшерде қабылдаудың өзі ауырлық және асқазанның артық толу сезімін тудырады.

  • Қыжыл — өңештің төменгі бөлігінде күйдіруді сезіну (асқазанның өңеш жақтағы қысқышы, өңештің төменгі қысқышы межеқуатының төмендеуінен, сөйтіп асқазанның қышқыл ішіндегісінің түсуінен).

  • Жүрек айну, құсу. Даму тетіктері: асқазан қабырғасының күшейген кері толқи жиырылуы, көкет және құрсақ қабырғасы бұлшықеттерінің жиырылуы, асқазанның өңеш жақтағы бөлігі және өңеш тегісеттерінің босаңсуы, сопақша мыйдың құсу орталығының қозуы.

  • Демпинг‑синдром — асқазан ішіндегісінің аш ішекке жылдам өтуінен дамитын дерттік жағдай. Әдетте, асқазан бөлігін алып тастағаннан соң дамиды. Демпинг‑синдромы патогенезінің негізгі тізбектері:

  • Аш ішек ішіндегісінің гиперосмолялдығы

  • Қантамырларынан ішек қуысына сұйықтың қарқынды тасымалдануы (осмостық қысымның градиенті бойынша).

  • Гиповолемия дамуы.

  • ББЗ түзілуі және жасушааралық кеңістікке шығуының белсенділенуі, олар жүйелік қан тамырлардың кеңеюін (серотонин, кининдер, гистамин ж.б. әсері салдарынан) және артериялық гипотензияны, соның ішінде коллапсты туындатады.

  • Ішекте қанттың қарқынды сіңірілуі, сөйтіп гипергликемияның дамуы.

  • Инсулин түзілуі және сөлденісінің түрткіленуі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет