Қалыпты жағдайда асқазанда су, әлкогөл, электролиттер сіңіріледі. Кездейсоқ немесе саналы түрде қабылдауда уытты заттар сіңірілуі мүмкін. Асқазан қабырғасының құрылымдық өзгерістері кезінде (соның ішінде,тосқауылдық қызметтің бұзылыстары кезінде) организмніңішкі ортасынанәруыз түсуі мүмкін, бұл иммундық дерттік үрдістердің дамуымен қауіпті: аллергиялық әсерленістер және иммундық аутоозбырлық жағдайлардың.
Асқазанның тосқауылдық және қорғаныстық қызметтерінің бұзылуы
Шырыштық-бикарбонаттық тосқауыл шырышты қабықты қышқыл, пепсин және басқа зақымдауға әлеуетті ықпалдардың әсерінен қорғайды.
• Тосқауылдың бұзылуы:
Жағымсыз жағдайлар кезінде тосқауыл бірнеше минөттің ішінде бұзылады, эпителий жасушалары өледі, шырышты қабықтың меншік қабатында ісіну және қан құйылу болады. Тосқауылды қолдауға жағымсыз жайттар болады, мысалы, стероидты емес қабынуға қарсы дәрілер (аспирин, индометацин), этанол, өт қышқылдарының тұздары.
Helicobacter pylori —асқазанның қышқыл ортасында аман қалатын грам теріс бактерия, ол, шырыштың қорғаныстық қабатын бұзатын еріткіш ферментерді өндіреді, энтероциттерді тікелей зақымдаушы әсері бар жасуша уыттандырғыштарды өндіреді, эпителиоциттерді зақымдауға асқазандық Т-лимфоциттерді түрткілейді, қабыну және фагоцитоздық әсерленісті туындатады, олар қабыну дәнекерлері (интерлейкиндер, лизосомалық гидролазалар,өспе тіршілігін жоятын жайт) арқылы эпителиоциттерді зақымдайды. Бұл микроорганизм асқазанның ойық жара ауру бар науқастардың 70% және ұлтабардың ойық жарасы бар науқастардың 90%-да немесе антралдық гастриті бар науқастарда табылған.
Асқазан сөлінің сөлденісі және қышқылдығының жоғарылауы
Іргелік жасушалар саны көбейгенде
Тұз қышқылының сөлденісі артық түрткілену кезінде, мысалы, кезбе жүйкенің межеқуаты жоғарылаған кезде, гастринома кезінде (Золлингер-Эллисон синдромы, түрткілегіштердің әсеріне іргелік жасушалардың сезімталдығы жоғарылаған кезде)
Тұз қышқылының сөлденісі жеткіліксіз тежелген кезде: секретин тапшылығы (ішектің шырышты қабығының семуі), соматостатин тапшылығы, пепсиногеннің өзіндік реттелу тетігінің жеткіліксіздігі, ол тұз қышқылының әсерінен пепсинге айналады, симпатикалық жүйке жүйесінің межеқуаты жоғарылаған кезде, никотин әсер еткенде.)
Асқазан мен ішек қан тамырларының және тегісетінің ұзақ жиырылуы.
Шырышты қабықтағы дистрофиялық үрдіс.
Асқазанда қышқылдықтың төмендеуі көптеген микробтардың тіршілігі және өсіп-өнуі үшін жағымды жағдай жасайды, мысалы, тырысқақ вибрионы, шигелдер, амёбалар. Сондықтан, асқазандық ахилиясы бар науқастар жұқпалы аурулармен жиі ауырады (ауыз–нәжістік жолмен берілетін), уыттануларға ұшырайды, асқазан өспелерінің даму қатері аса жоғары.