Сабақ барысында айқындалған мәселелер
|
Мәселелерді шешудің жолдары
|
1
|
Презентацияны бағалау кезінде В оқушысы сөз алған топқа сұрақ қойғысы келді, алайда мұғалім уақыттың тығыздығынан оны қолдамады.
|
Мұндай сәттерде оқушының қалауын қолдау, ал мұғалімге сабақ барысының сондай өзгерістеріне дайын болу.
|
Топ 2-сабақты талқылау барысында бағалау критерийлерін жақсарту бойынша келесі қадамдарды белгіледі:
Оқушының өзін-өзі шынайы бағалау үшін әрбір тапсырма бойынша жетістіктер критерийінің әзірленуін жалғастыру;
Оқушыны аргументтелген өзін-өзі бағалауға әкелу;
Тайм-менеджментті сақтау.
Үшінші цикл
3-сабақты бірлесіп жоспарлау
С.Б. мұғалімімен 7 «С» сыныбында орыс тілі бойынша сабақтың жоспары ұсынылды. Берілген сабақты бірлесіп жоспарлау үшін бізге екі кездесу талап етілді. Алдыңғы сабақты талқылау кезінде топпен жасалған қорытындыларды ескеріп, басты назар оқушылардың белгілі бір тапсырмалар бойынша жетістіктер критерийлерін құрастыруға бөлінді. Lesson Study тобы зерттелетін «Жетістіктер критерийлері оқушылардың өзін-өзі шынайы бағалауға септігін тигізеді ме?» сұрағына жауап іздеу барысында балалардан аргументтелген өзін-өзі бағалауды күтті.
Осылайша, сабақтың қорытынды жоспары құрылды:
Достарыңызбен бөлісу: |