Шақыру кезеңінде А оқушысы қолын көтерді, алайда байқалмаған күйде қалды.
Сабақтарды жүргізген кезде бүкіл сыныптың өкілі ретінде А,В,С оқушыларына айрықша көңіл бөлу қажет
Топ 4-сабақты талқылау барысында келесі қорытындыларды жасады: Сабақтың аяқталатын бөлігінде оқушылармен критерийлер бойынша өзін-өзі бағалауға көбірек уақыт беру.
Оқушылар үшін сұхбатқа арналған 2 сұрақтың тұжырымдалуын қайта қарау қажет, себебі осы сабақтан соң сұхбаттасу барысында оқушылар сұрақтарды нақтылап отырды.
Сұхбаттасу үшін төрт сабақта біз Пит Дадлидің «Нұсқаулығында» ұсынылған сұрақтарды пайдаландық. Төртінші сабақты талқылаған кезде біз бұл сұрақтардың мазмұны жағынан аса сәтті емес, нақты емес деген қорытындыға келдік. Мысалы, «Қазір сен бұрын істей алмаған нәрсенің қайсысын істей аласың? Нені жақсырақ істей аласың? Қаншалықты жақсы істей аласың?» деген сұрақтарға балалар үстірт жауап берді және сабақты жақсарту бойынша қандай да бір жаңа ұсынымдарды бермеді. Олар біртиптес, күрделілігі бірдей жауап берді, сондықтан да сұрақтарды қайта қарау керек деп шешілді. Балалар жауап бергенде өзінің оқуы туралы өзінің пікірін білдіре алатындай сұрақтарды құрастырғымыз келді. Әрбір сұрақ мұғалімдер тобымен мұқият талқыланды. Талқылаған соң біз келесі сұрақтарға тоқтадық:
Қандай тапсырма сен үшін күрделі болды және неліктен?
Келесі сабақта нені пысықтауды қалар едің?
Келесі екі сабақта оқушылардың жауаптарын тыңдап, біз қойылған сұрақтардың орындалғанына көзімізді жеткіздік, себебі оқушылар қойылған сұрақтарға нақты жауап бере алды. Оқушылар өздері үшін сабақтағы қандай ақпарат пайдалы болғандығын түсінді, олар фактілер және пікірлерді ажыратуды, жоғары деңгейдегі сұрақтарды қоюды, аргументтерді келтіруді, сынып алдында сөз сөйлеуді үйренгенін айтып жатты. Сұхбат алу нәтижелері бойынша біз балалар үшін өзінің пікірін қорғау үшін аргумент іріктеу және жоғары тәртіптегі сұрақтарды құрастыру күрделі болды деген қорытындыға келдік. Осылайша, бізбен құрастырылған сұрақтар балаларды кері байланысты жүзеге асыруға итермеледі, яғни оқушылар сабақтың мақсаттарына қолжеткізудегі өзінің орнын анықтай білді және одан кейінгі әрекеттерін белгілей алды.