1. Ұйымдастырушылық сәт. Психологиялық тұрғыда дайындық.
Музыка жанрлары (халық, заманауи, классикалық) бойынша топтарға бөліну. «Пазлдар» стартері. 7 зат есімді табыңыз және сабақтың тақырыбын анықтаңыз. Жасырылған сөздер: сазгер, солист, музыка, әуен, кларнет, дыбыс, мақам.
Берілген сөздер қандай тақырыппен біріктірілгенін айтыңыздаршы?
Ойланып, бүгінігі сабақтың тақырыбын тұжырымдап көріңіз. Алдымызға қандай мақсат қоямыз? Оқушылардың жауабы. Тақтада көрсету. Мұғалім: Иә, балалар, бүгінгі сабақ музыкаға, оның әсемдігіне, оның адам өміріндегі рөліне арналады.
Балалар, адамдарға музыка не үшін қажет екенін айтыңыздаршы?
Музыка адам өміріне қалай оң әсер етеді?
Музыка адамға теріс әсер ете алады ма?
Музыканың адам өміріне деген әсері туралы қандай қызықты фактілерді білесіз?
Мәтіндерді түсіну Тыңдалған немесе оқылған мәтінді мазмұндау
Берілген тақырып бойынша қысқаша тұжырымдамалар жасау Сұрақтарды қалыптастыру және бағалау
Оқу
Сөйлеу
Оқушы оқыту мақсатын қолжеткізді егер:
-сұрақты талқылауға қатысса
-«Музыка өміріміздің бір бөлшегі» тақырыбындағы сұрақтарға жауап берсе
-келесі фразаларды қолданып, мазмұндаса: классикалық музыка, өзіндік стиль, сүйікті әуен, адамдарды жақындастырады, жабығудан артылтады