Руководство для Студента ппс как Тренеры indd


студентке арналған нұсқаулық | руководство для студента СЫН ТҰРғЫСЫНАН ОйлАУғА ҮйРЕТУ



Pdf көрінісі
бет46/198
Дата08.12.2022
өлшемі13,19 Mb.
#55854
түріРуководство
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   198
Байланысты:
студентке арналған нұсқаулық

45
студентке арналған нұсқаулық | руководство для студента
СЫН ТҰРғЫСЫНАН ОйлАУғА ҮйРЕТУ
Сын тұрғысынан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталған. Ол маңызды мәселелерді 
талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды. Мұғалімдер педагогикалық білімі 
бар және қосымша оқып, өз біліктілігін арттырушы субъектілер болғандықтан, оларда бұл 
дағдылар дамыған және іс-тәжірибеде қолданылады деп болжанады. Сын тұрғысынан ой-
лау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты 
педагогикалық түсінік. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сын тұрғысынан ойла-
уды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді. 
Бұл модуль шеңберінде біз сонымен қатар 1-модульде келтірілген әлеуметтік-сындарлы 
тәсілдерді, оқытуды дамыту үшін тиімді бағалауды («Оқу үшін бағалау» модулі) және түрлі 
жастағы балаларға білім берудің сараланған тәсілін қолдануды («Талантты және дарынды бала-
ларды оқыту» және «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу» модульдері) 
қарастырамыз.
Сын тұрғысынан ойлау туралы жалпы түсінік
Сын тұрғысынан ойлау бақылау, тәжірибе, толғану және пайымдау нәтижесінде 
алынған ақпаратты ұғыну, бағалау, талдау және синтездеуде қолданылатын әдіс болып та-
былады, сонымен қатар ол әрекет жасауға негіз, түрткі болуы да мүмкін. Сын тұрғысынан 
ойлау көбінесе бір нәрсені елестетуге, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және 
іс-әрекеттің жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерін енгізуге дайын болуды көздейді, ол 
ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге бейілділік пен басқаларды сын тұрғысынан 
ойлауға баулуды білдіреді.
Бастапқы деңгейде сын тұрғысынан ойлау үдерісі: 
• тиісті ақпарат жинауды;
• дәлелдерді сын тұрғысынан талдау мен бағалауды;
• кепілдендірілген шешімдер мен жинақталған қорытындылар;
• ауқымды тәжірибе негізінде болжамдар мен ұсыныстарды қайта қарауды қамтиды.
Оқыту мен оқудағы сын тұрғысынан ойлау сияқты күрделі міндеттермен қатар, бұл үдеріс 
анықталмаған болжамдар мен құндылықтарды, проблемаларды мойындау және оларды 
шешудің тиімді құралдарын табуды, түрлі міндеттерді шешуде басымдықтарды белгілеудің 
маңызын түсінуді қамтиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   198




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет