Метатану стратегиялары – білім алушының оқу үдерісін өзіндік бақылауына бағытталған
басқару түріндегі әдістер (мысалы, оқу үдерісін өз бетінше жоспарлай
білу, мақсат қою, өзінің оқу үдерісін бағалап, оның мониторингін
жүргізу қабілеті).
Модельдеу – 1. Таным объектілерін олардың шартты модельдері негізінде зерттеу.
2. Шын мәнінде бар объектілер, үдерістер немесе құбылыстардың
модельдерін құру және зерделеу. Мұндағы мақсат осы құбылыстарды
түсіну, сондай-ақ зерттеушіні қызықтыратын құбылыстарды болжау.
Модельдеу адамның объектілер туралы білімі мен сол объектілер
арасындағы қарым-қатынасты көрсету үшін қолданылады, оқытудағы
көрнекі құралдардың бірі.