Құндылықтар – баянды, мызғымас негізгі ішкі қағидаттар мен стандарттар. Түйінді құндылықтар өте тұрақты болып келеді, ал өзгерсе өте баяу, әрі ұзақ
уақыт бойы өзгереді. Түйінді құндылықтар біздің өмір, өзіміз және
бізді қоршаған адамдар, жалпы адамдардың әлеуеті және қоршаған
адамдардың әлеуеті туралы көзқарасымыздың қалыптасуына негіз
болады. Сондай-ақ құндылықтар дегеніміз біздің сенетін дүниеміз,
олар біздің қоршаған ортаға деген қарым-қатынасымызды және мінез-
құлқымызды анықтайды.
Метатану – «Таным туралы таным» деп анықталады және өзінің ойлау қабілеттерін
түйсінудің айрықша түрі. Мысалы, метатануға оқушылардың өзіндік
оқу және проблемаларды шешу стратегияларын түйсінуі жатады.
Алғаш рет психология ғылымына бұл ұғымды Джон Флэйвелл енгізген
болатын (J.H. Flavell, 1976). Автордың айтуынша метатанудың маңызды
қызметінің бірі өздерінің танымдық қызметтерінің ерекшеліктері
туралы білімдерінің негізінде оқушыларға танымдық қызметтерін
реттеуге мүмкіндік беретін танымдық қызметті рефлексиялық бақылау
болып табылады.