анықтап балалардың алдына қояды (ағаш салуды үйренеміз;
әрқайсыларыңның алдында жатқан сурет бойынша әңгіме
құруды үйренеміз) деп белгілейді. Содан кейін тапсырманы
орындау тәсілдерінің үлгілерін береді (ағашты қалай салу керек,
әңгімені қалай құру керек). Сабақ барысында ол нәтижеге жету
үшін әр баланың қызметін бағыттап отырады. Сол мақсатта
балалардың тапсырманы орындауы, жаңа білім алулары үшін
қажет тәсілдер мен амалдарды игеруге жаттықтырады.