оларды
429
ойын әрекеттерін баламен бірге орындай отырып, оған үйреткен,
балаларды өзара үйрету жағдаяттарын ұйымдастырған мақсатқа
сай («Витя, Алешаны үй құрастыруға үйретші!»). Топқа жаңа
дидактикалық ойындарды ақырындап енгізген, ал оларды игеру
шамасына қарай күрделендірілген нұсқаларын ендірген дұрыс
(ойын міндетін өзгерту, жаңа персонаждарды, қосымша
ережелерді, ойын әрекеттерін қосу,).
Педагогтың назарында үнемі балаларда дербестілікті, өзін-өзі
ұйымдастыру дағдыларын, ойынға шығармашылық қарауды
дамыту міндеттері болуы тиіс. Сәтті, іскер ойын әрекеттерін,
рөлді орындауының мәнерлілігін, өзара көмек көрсету, өзара
жәрдемдесуді мақұлдай отырып, баланың ойынға деген
қызығушылығын қолдау қажет. Балаларға таныс ойынды
ұйымдастыра отырып, олардың біреуіне басқаларына ойынның
міндетін, ережелерін еске салуды ұсынған жөн.
Дидактикалық ойынның ойын емес, оқу әрекетіне көшу
формасы ретіндегі өзіндігін ескере отырып, тікелей оқытудан
қашқақтау қажет. Сонымен, жаңа ойынды түсіндіруді педагог
ойын образын жасаудан бастайды. Мысалы, «Айболит» ойыны
бұрын К.Чуковскийдің ертегісін, оның песонаждарын, олардық
шытырман оқиғаларын, қылықтарын еске түсіруді ұсынады.
Содан кейін таныс ертегіні ойнауға шақырып, барлық ойын
бойына ескертулерден, бағалау сөздерінен, соның үстіне
негативті сипаттағы сөздерден аулақ болып, ойын барысын
қолдайды. Ойын аяқталғаннан кейін оларға бірге ойнаған қалай
қызық болғанын атай отырып, жеңілгендерді жігерлендіріп,
жеңіске жеткендерді атап өтіп, балалардың эмоционалды жай-
күйін көтеру қажет.
Дидактикалық ойындар сабақтарда және балалардың жеке
қызметінде пайдаланылады. Оқытудың тиімді құралы бола
тұрып, олар - сабақтың құрамдас бөлшегі, ал ерте жастағы
топтарда оқу үдерісін ұйымдастырудың негізгі формасы болуы
мүмкін.