С. Б. Балшыкеев



Pdf көрінісі
бет33/117
Дата27.09.2023
өлшемі1,13 Mb.
#110776
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   117
Ра
лашын
Сет
қолтырауын,
Осирис 
-
 
ешкі, 
Тот
– 
маймыл 
тҥрінде 
бейнеленген. 
Кез-келген 
қҧдайды 
бейнелейтін 


37 
жануарларды пір тҧтып, олардың қҧрметіне ғибадатханалар салынып, 
қызмет кӛрсетілді.
Ӛзінің маңыздылығына қарай бҧқа ерекше қҧдірет иесі болды, оның 
қҧрметіне қҧрбандық шалынды, ал ӛлгеннен соң денесін майлап, сәнді 
саркофагтарға кӛмілді. Сет-қолтырауын да мысырлық абыздықтың «арнайы 
қамқорлығында» болды.
Мысыр империясының аумағында жҥздеген қҧдайлардың мәйіті 
қойылатын орындар бар – жҥзетін, ҧшатын, қҧрлықта ӛмір сҥретін тірі 
жәндіктердің барлығы дерлік кез-келген қҧдайды немесе әйел қҧдайын 
кейіптеді.
Ежелгі мысырлықтар дінінде ерекше орынды ӛлімнен кейінгі ӛмір 
сҥру мәселесі ерекше орын алды. Олар ӛлімнен кейінгі ӛмір ӛз жалғасын 
табады деген пікірге сенді және сондықтан да, ӛлген адамның моласы 
қабірді, жерлеу орнын емес, тҧрғын ҥйді білдірді. Сондықтан, жерленген 
орын мен тҧрғын ҥйдің жағдайы ежелгі мысырлықтардың діни кешенінде 
ерекше орын алды. Фараондардың мәңгілігі мен қуатын, бекітілген 
тәртіптердің тҧрақтылығын әшкерелейтін пирамидалардың да болғаны 
мәлім.
Фараондар билігі қҧлағаннан соң, олардың ӛлімнен кейін әлемді 
билеу мҥмкіншіліктеріне сенім жоғалды – бҧл туралы тоналған және 
бҧзылған қабырлар мәлімдейді. Қоғамдық ӛмірдің ӛзі тҧрақтылық пен 
сенімділіктен айырылды.
«Арфашының әндері»
шығармасы – ежелгі мысырдың қҧлдырау 
гимні – бҧл дҥние мен о дҥниеге қатысты қайғыға, мҧңға, скептитизм мен 
ҥміттің ҥзілуіне толы болды. Осындай кӛңіл-кҥйлер 
«Ӛз жанынан ӛзі
күдер үзгенмен сыр шерту»
жинағына да тән, 
«Сыр шерту»
шығармасының белгісіз авторы ӛмірдің емес, «қайғы тҧтқынынан шығу», 
«масаңдық шегіндегі тыныштықты», «жорықтан ҥйге оралуды», «кӛп 
жылдар бойғы абақтыдан кейінгі ҥйге оралуды» елестететін ӛлім туралы 
гимнді айтты.
Кӛптеген мәтіндерде христиан және ислам діндерінің басты 
идеяларына айналған жоғарғы сот туралы, шындық салтанаты туралы
жамандықтың жазасын ӛтеу, жақсылық ҥшін марапатқа ие болу 
идеяларының қамтылатыны ӛте маңызды.
Осылайша, ежелгі мысыр қоғамының дінін адамгершілік-догматтық, 
сонымен қатар, діни-табынушылық қатынастарда анағҧрлым дамыған деп 
сипаттауға болады. Тарихта ең алғаш рет жалғыз Қҧдайға табыну 
бағыттары айқындалды, яғни, кейінірек еврей қоғамының рухани кӛсемдері 
арқылы, ал олардан христандық және мҧсҧлмандық кӛсемдермен енгізілген 
монотеизм бағыттары пайда бола бастады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет