С. Б. Балшыкеев



Pdf көрінісі
бет36/117
Дата27.09.2023
өлшемі1,13 Mb.
#110776
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   117
Байланысты:
Balshikeev 1 (1)

1.
 
Яхвеге табыну.
Яхве
– атауға тыйым салынатын Қҧдайдың жалқы 
есімі: христиандар сияқты діншіл еврейлер де дҧға тілегенде және 
уағыздарын оқығанда «Яхвенің» орнына «Менің Тәңірім», «Менің 
Қҧдайым» деп айтады. Яхве – Дҥниені жаратушы, қҧдайдың алдында есеп 
беретін кҥні тӛреші болады. Басқа қҧдайларға табынуға тыйым салынады. 
Яхваға сену жер бетінде ӛмір сҥру мен о дҥниедегі қолайлы жағдайлардың 
басты шарты болып табылады.
2.
 
Кӛне Ӛсиеттің киелілігі және құдайдың рухы туралы ілім.
 
Иудейлер Кӛне Ӛсиет 
(Талмуд)
пен оған қатысты пікірлер адамдардың ӛз 
еркімен емес, Қҧдайдың қалауымен орындалатынына сенеді. Иудеилердің 
пікірінше, кӛне ӛсиет пен талмудтық мәтіндердің тҥсіндірмесін тек діни 
қызметкер-мамандар жҥзеге асырады.
3.
 
Мессияның келуі туралы ілім.
Мессия тақуалардың қорғаушысы 
және барлық иудейлік халықтарды, барлық пҧтқа табынушыларды және 
барлық діннен бас тартқандарды жоюшы ретінде танылады. Талмудта 
Мессияның келуінен кейін, табиғат пен адамдар сапалы тҥрде ӛзгеретіні; 
аурулардың, соғыстардың болмайтыны туралы айтылады.
4. Еврей халқының құдайдың таңдаулысы туралы ілімі.
Бҧл 
догматтың мәні - барлығына ортақ бір Қҧдайдың әр тҥрлі халықтардың 
арасынан еврейлерді бӛліп, олармен Ӛсиет 
(шарт)
жасасқаны болып 
табылады. Қҧдайдың таңдаулысы болу идеясы еврей қоғамының 
тағдырында ҥлкен роль атқарды, бҥкіл дҥние жҥзіндегі, жат мемлекетте 
ӛмір сҥріп жатқан шашыраңқы еврей халқына психологиялық жағынан әсер 
етті.
5. Тозақ, жұмақ және құдайдың алдында есеп беру күні туралы 
ілім.
Жанның мәңгілік ӛмір сҥруі туралы постулатқа сәйкес, иудаизм жер 
бетіндегі тіршіліктің о дҥниенің мәңгілік ӛміріне дайындық ретінде 
қабылдану қажеттігі жӛнінде оқытады. Иудаизмнің киелі кітаптарында
әсіресе, Талмудта иудейлік қауымдастықтың ересек мҥшелері ҥшін 613 
жарлық міндетті тҥрде орындалуы қажет саналады. Жҧмаққа апаратын 
жолдың адам тіршілік әрекетінің барлық салаларына қатысты сан қилы 
қиындықтарға толы болатынын тҥсіну қиын емес: ырымдарды орындау
отбасылық қатынастар, сауда келісімдері, балаларды тәрбиелеу және т.б.
Иудаизмде 
басқа 
діндердегідей 
кӛптеген 
элементтерден 
қалыптасатын табыну тәжірибесіне баса назар аударылады.
Қҧдайға сенетін бірде-бір иудей ешбір маңызды ісін Яхваға сиынбай 
бастамайды. Сонымен қатар, бір қҧдайға сиынушылардың ғибадатхана 
қабырғасында жалпы дҧғаларды – синагогтарды оқуы мадақталады.
Цицит.
Бҧл сӛз тік тӛртбҧрыш тҥріндегі кездеме матаның кесегін 
білдіреді, ол жҥн шашақтармен кӛмкерілген және сыртқы киімнің сыртынан 
киіледі. Цицит қорғаныс қызметін атқарады және ҥнемі Қҧдайдың Израиль 
Қҧдайы ретінде ӛмір сҥргенін елестетеді. Цицитті кию – иудейдің қасиетті 
міндеті болып саналады.
Кошер және треф
.
Кошер – тҧтынуға рҧқсат етілген, треф – тыйым 
салынған тағам. Қоянның, тышқанның, шошқаның, етпен қоректенетін 


41 
қҧстың етін, сонымен қатар, ӛлексені тағам ретінде пайдалануға тыйым 
салынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет