С. Б. Сатымбекова компьютерлік желілер оқулық


Мақсаты: Token Ring стандартын, FDDI және CDDI стандартын оқып- ҥйрену.  Дәріс жоспары



Pdf көрінісі
бет70/109
Дата04.01.2023
өлшемі2,3 Mb.
#60360
түріОқулық
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   109
Мақсаты: Token Ring стандартын, FDDI және CDDI стандартын оқып-
ҥйрену. 
Дәріс жоспары: 
1. Token Ring технологиясы.
2. Token Ring технологиясының физикалық деңгейі
3. FDDI технологиясы. 
Негізгі тҥсініктер: Token Ring стандарты, FDDI және CDDI 
технологиялары. 
 
Тақырыптың мазмҧны. Ethernet технологиясының дамуында бірнеше 
маңызды ілгері басу нҧсқалары бар: 
Fast Ethernet (IEEE802.3u), жіберу жылдамдығы 100кбит/с. Оның ҥш 
модификациясы бар: 

сегмент ҧзындығы 100 метрден аспайтын экрандалған және 
экрандалмаған есулі қос ӛткізгішін қолданатын 100 Base-TХ; 

сегмент ҧзындығы 100 метрден аспайтын тӛртӛткізгіштік экрандалмаған 
есулі қос ӛткізгішін қолданатын 100 Base-T4; 

сегмент ҧзындығы жартыдуплекс кезінде 410 метрден, ал дуплекс кезінде 
2000 метрден аспайтын талшықтық-оптикалық кабельді қолданатын 100 Base-
FX. 
Gigabit Ethernet (IEEE802.3z), жіберу жылдамдығы 1000 кбит/с. Ол 
байланыс желілері ретінде сегменттің максималды ҧзындығы әр тҥрлі 
модификацияларда 200 метрден – 5000 метрге дейін коаксиалды кабель, 
экрандалған есулі қос ӛткізгішін және талшықтық-оптикалық кабельді 
қолданады. Мҧнда келесі модификациялар болады: 

1000 Base-LX, жарық толқынының ҧзындығы 1,3 мкм талшықтық-
оптикалық кабельді қолданады; 

1000 Base-SX, жарық толқынының ҧзындығы 0,85 мкм талшықтық-
оптикалық кабельді қолданады; 

1000 Base-CX, экрандалған есулі қос ӛткізгішін қолданады; 

Base-T, экрандалмаған есулі қос ӛткізгішін қолданады. 
Ethernet айрықшаланымы қатынаудың кездейсоқ әдісін қолдайды және 
оның әйгілі, сенімді, қарапайым және қымбат емес технологияларымен 
тҥсіндіріледі. 
 


143 
Сақиналық архитектура технологиясы болып саналатын Token Ring және 
FDDI технологиялары маркерлік қатынас қҧруға негізделген қумалы 
(эстафеталық) желі жасауға пайдаланылады. Олар сақина бойымен бір бағытта 
маркер (token) деп аталатын арнайы биттер тізбегінен тҧратын мәліметтердің 
айналып жҥруі арқылы жасалған ҥздіксіз тҧйық желі тҥрін қҧрайды. Маркер 
сақина бойымен желідегі әрбір жҧмыс стансасын, тек маркерді ары қарай 
жылжытып отырады. Token Ring желілері мәліметтерді 4 немесе 16 Мбит/с 
жылдамдықтармен тасымалдап, кӛбінесе IBM компьютерлері ортасында 
қызмет етеді.
IBM фирмасы жасаған Token Ring технологиясы «жҧлдыз» және «сақина» 
топологияларының гибриді (қоспасы) болып табылады. Token Ring «жҧлдыз» 
топологиясы бойынша концентратор ретінде «кӛп пайдаланушылық қатынас 
қҧру стансасы» (Multi-ststion Access Unit, MAU) деп аталатын IBM-нің арнайы 
қҧрылғысымен жҧмыс істейді. Бірақ онымен байланысу ҥшін әр компьютердің 
екі кабелі бар, біреуі бойынша ол деректерді жібереді, басқасы бойынша – 
қабылдайды.
43-сурет. – IBM Token Ring желісіндегі деректер маршруты 
Сонымен, Token Ring желісі жалғау тәсілі бойынша сақина секілді, бірақ 
жҧлдызша сияқты безендірілген. Жергілікті желіде ақпарат беру жылдамдығы 
5-тен 100 Мбит/с-қа дейін жетеді. 
Token Ring стандартты желісі Ethernet желісі сияқты бекет желілерін 
айналымға жинап тҧратын кабель қиындыларынан тҧратын мәліметтер 
тарататын ортаны пайдаланады. Бҧл айналым жалпы бӛлінетін қор (ресурс) 
ретінде қарастырылады, оған кіру ҥшін Ethernet торындағындай кез келген 
алгоритм қолданылмайды, керісінше бекеттерде айналымды белгілі бір ретпен
пайдалануды тарату қҧқығына негізделген детерминерлі (немесе белгілі-бір) 
алгоритм қолданылады.
Token Ring стандартын 1985 жылы 802.5 комитеті қабылдаған. Осы 
уақытта ІВМ компаниясы Token Ring стандартын ӛзінің негізгі технологиясы 
ретінде қабылдап алды. Қазіргі уақытта осы ІВМ компаниясы, Token Ring 
технологиясының 60% желі адаптерлерін шығару арқылы, осы технологияның 
сән ҥлгілерінің заңды тҧлғасына айналды. 
Token Ring торлары екі биттік жылдамдықпен – 4 Мб/с және 16 Мб/с 
жҧмыс істейді. Бірінші жылдамдық 802.5 стандарты арқылы айқындалған, ал 


144 
екіншісі Token Ring технологиясының дамуы барысында пайда болған жаңа де-
факто стандарты болып табылады. Әртҥрлі жылдамдықта жҧмыс істеген 
бекеттер бір айналымда болуы мҥмкін емес. 
16 Мб/с жылдамдығымен жҧмыс істейтін Token Ring желілерінің 4 Мб/с 
стандартына қарағанда енгізу алгоритмінде бірнеше артықшылықтары бар. 
IEEE802.5/Token Ring технологиясы моноарнада қатынау ҥшін маркерді 
беру әдісін (оны детерминацияланған маркерлік әдіс деп те атайды) қолданатын 
желінің сақиналық (негізгі) және шапақты (қосымша) топологияларын 
қолдайды. Маркерлер желіде сақина бойымен бір бағытта жылжиды 
(симплексті режим) және оларға басымдықтың (приоритеттің) сегіз деңгейіне 
меншіктеле алады. Мәлімет жіберу жылдамдығы – 4Мбит/с болғанда, маркер 
кӛлемі 4Кбайт, ал жылдамдығы 16Мбит/с болғанда – 20Кбайт. Ҥнсіздік 
бойынша әрбір стансаның маркерді ҧстап тҧру уақыты 10мс тең. 
Желі бойынша мәлімет жіберу жылдамдығы 155 Мбит/с-тан аспайды. 
Экрандалған және экрандалмаған есулі қос ӛткізгішін және талшықтық-
оптикалық кабельді қолдайды. Сақинаның максималды ҧзындығы – 4000 метр, 
ал сақинадағы тораптардың максималды саны – 260. 
Бҧл технологияны іске асыру Ethernet технологиясына қарағанда 
қымбаттау және кҥрделілеу, бірақ ол да кеңінен таралған.
FDDI (Fiber Distributed Data Interface, бӛліктенген мәліметтердің 
талшықтық-оптикалық интерфейсі) кӛбінесе Token Ring технологиясына 
негізделеді, бірақ байланыс желілерінің талшықтық-оптикалық тҥріне 
бағытталған (экрандалмаған есулі қос ӛткізгішін қолдану мҥмкіндігі де бар) 
және ҧзындығы 100 км дейін, тораптардың максималды саны 500 және 
жылдамдығы 100 Мбит/с сақина бойынша мәліметтерді жіберуді қамтамасыз 
етеді. 
Басымдықтарды 
(приоритеттерді) 
анықтаусыз 
қатынаудың 
детерминацияланған маркерлік әдісі қолданылады. Жоғары сенімділікпен 
қамтамасыз ету ҥшін бір-біріне бағытталған екі сақина ҧйымдастырылады 
(мәліметтер қарама-қарсы бағытта қозғалады). Бір сақина бҧзылудан 
тоқтатылған жағдайда, мәлімет жіберуде жаңылысқан (сбой) сақина сегментсіз 
біріктірілген бірінші және екінші сақиналар бойынша жҥреді. Интенсивті (жиі) 
бҧзылудан тоқтап қалу кезінде қосымша виртуалды сақиналар қҧру мҥмкіндігі 
бар. Технология қымбат тҧратындықтан, негізінен, магистральды арналар мен 
ірі желілерге ендіріледі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет