С. Б. Сатымбекова компьютерлік желілер оқулық



Pdf көрінісі
бет72/109
Дата04.01.2023
өлшемі2,3 Mb.
#60360
түріОқулық
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   109
 
ҚОРЫТЫНДЫ 
 

IEEE802.5/Token Ring технологиясы моноарна қатынау ҥшін маркерді 
беру әдісін (оны детерминацияланған маркерлік әдіс деп те атайды) қолданатын 
желінің сақиналық (негізгі) және шапақты (қосымша) топологияларын 
қолдайды. Маркерлер желіде сақина бойымен бір бағытта жылжиды 
(симплексті режим) және оларға басымдықтың (приоритеттің) сегіз деңгейіне 
меншіктеле алады. Мәлімет жіберу жылдамдығы – 4Мбит/с болғанда, маркер 
кӛлемі 4Кбайт, ал жылдамдығы 16Мбит/с болғанда – 20Кбайт. Ҥнсіздік 
бойынша әрбір стансаның маркерді ҧстап тҧру уақыты 10мс тең. 

Желі бойынша мәлімет жіберу жылдамдығы 155 Мбит/с-тан аспайды. 
Экрандалған және экрандалмаған есулі қос ӛткізгішін және талшықтық-
оптикалық кабельді қолдайды. Сақинаның максималды ҧзындығы – 4000 метр, 
ал сақинадағы тораптардың максималды саны – 260. 

FDII (Fiber Distributed Data Interface, бӛліктенген мәліметтердің 
талшықтық-оптикалық интерфейсі) кӛбінесе Token Ring технологиясына 
негізделеді, бірақ байланыс желілерінің талшықтық-оптикалық тҥріне 
бағытталған (экрандалмаған есулі қос ӛткізгішін қолдану мҥмкіндігі де бар) 
және ҧзындығы 100 км дейін, тораптардың максималды саны 500 және 
жылдамдығы 100 Мбит/с сақина бойынша мәліметтерді жіберуді қамтамасыз 
етеді. Басымдықтарды анықтаусыз қатынаудың детерминацияланған маркерлік 
әдісі қолданылады. Жоғары сенімділікпен қамтамасыз ету ҥшін бір-біріне 
бағытталған екі сақина ҧйымдастырылады (мәліметтер қарама-қарсы бағытта 
қозғалады). Бір сақина бҧзылудан тоқтатылған жағдайда мәлімет жіберуде 
жаңылысқан (сбой) сақина сегментсіз біріктірілген бірінші және екінші 
сақиналар бойынша жҥреді. Интенсивті (жиі) бҧзылудан тоқтап қалу кезінде 
қосымша виртуалды сақиналар қҧру мҥмкіндігі бар. Технология қымбат 
тҧратындықтан, негізінен, магистральды арналар мен ірі желілерге ендіріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет