С. Бақырғанидың қисса-дастандары – нәзира дәстүрінің қайнар көзі



Pdf көрінісі
бет11/18
Дата07.01.2022
өлшемі0,56 Mb.
#17084
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18
Байланысты:
2018 3. Матбек Н. Монография

Алтыншы шығарғаным – “Имам Ағзам”, 

Алтынды шыға ма деп белден қаздым,– [59,258 б.] 

 

деген  жолдардан  Ақылбек  Сабалұлының  “Имам  Ағзам”  деген  дастан 



жазғандығын білеміз. 

“Имам Ағзам” қиссасында Мағаз деген кәріп түсінде күннен де жарық 

жұлдызды  көріп,  пайғамбарға  келіп  жорытады.  Мағаздың  түсінде  көрген 

жұлдызы  бір  сүйікті  үмбетінің  жарығы  деп  жориды.  Расул  Әнсары  атты 

сахабасының  аузына  құрма  салып,  аманат  етіп,  сол  үмбетіне  жеткізуді 

тапсырады.  Бірде  Жебірейіл  қалпе  суретінде  Расулмен  сөйлесіп  отырғанда, 

жиендері  Хасен  мен  Хұсайын  кіріп  келеді.  Расул  екеуін  екі  тізесіне  алып, 

Хасеннің аузынан, Хұсайынның бұғағынан сүйген еді. 

 

Хабиббім мені сүйсе дұрыс, 

Мен Хабибімді сүйсем деп, 

Құдайға қызғаншылық кірген еді. 

Өз достығын қызғанды Хақ тағала, 

Расулды теңемейді ешбір жанға, 

Аузынан сүйгені үшін Хасеннің 

У бергізем қатынына, 

Кербаланың шөлінде Хұсайынды 

Батырам қызыл қанға,– [123,36 б.] 

 

деген  жолдардан  ақынның  пікіріндегі  қайшылық  көрінеді.  Хабибін 



қызғанған  Хақ  тағала  осындай  іс-әрекет  бұйырады  деп  Хасен  мен  Хұсайын 

өлімін осы оқиғамен байланыстырады. 

Жиендері  еркелеп,  Жебірейілдің  қалтасына  қол  салады.  Жебірейіл 

пайғамбарға келген сахабалардың Хасен, Хұсайынға өрік, мейіз сияқты жеміс 

беретінін сұрап біліп, қолын созып жұмақтан екі: бірі – сары, бірі – қызыл алма 



алып екеуіне береді. Хасен өзіне тиген, дәмі ерекше сары алманы жеп алады. 

Хұсайын алманы қойнына салып, шығып кетеді. Ібіліс бұны біліп, қайыршы 

жетім  бала  кейпінде  келіп,  жылап,  алманы  сұрайды.  Хұсайын  бермек 

болғанда, Жебірейіл қолын қағып жіберіп, қызыл алма ұшып кетіп, суға түсіп 

ағып кетеді. 

Су жағасына дәрет алуға келген, бір қарапайым шал мен кемпірдің қызы, 

алманы  көріп,  қолына  алып,  жартысын  жеп  қояды.  Дәмі  ерекше  болады. 

Рұқсатсыз біреудің алмасын жеп күнәға қалдым деп жылап отырады. Шешесі 

келіп, мән-жайға қанып, алманы жеген ақысына бір мүсәпірге бау-бақшасын 

шарбағымен  бермек  болады.  Суда  ағып  бара  жатқан  жарты  алманы  Сәбит 

деген  адам алып  жеп  қояды.  Ойланып, ақысын  бермек  болып,  қалтасына  он 

динарын салып, иесін іздейді. Шалға жолығады. “Домалақ мес сықылды сұм” 

қызын алуға көндіреді. Сәбит шалмен келіп, Сақыпжамал қыздың сұлулығын 

көріп, жалған сөйлегеніне ренжіп, қызынан бас тартады. Шал айтты: 

 

Аяғы жоқ дегенім - а, шырағым, 

Жер басып, дәретсіз жүрмес деді. 

Көзі жоқ деп айтқаным - а, шырағым, 

Құраннан айырылмайды екі көзі. 

Құлағы жоқ дегенім - а, шырағым, 

Құраннан айырылмайды құлақтары. 

Қолы жоқ деп айтқаным - а, шырағым, 

Құраннан айырылмайды екі қолы. 

Сөзі жоқ деп айтқаным - а, шырағым, 

Кәлима, тағаттан аузы кетпес [123,20 б.]. 

 

Сақыпжамал босанып, сәбиге “Нұғыман” деген ат қойды. Бес жасында 

молдаға  сабақ  алуға  келгенде  Нұғыман  өзінің  білімімен,  зеректігімен 

таңғалдырады.  Әнсари  пайғамбардың  аманат  еткен  құрмасын  Інсібіл  деген 

молдаға  табыстап,  өмірден  өтеді.  Інсібіл  Расулдың  аянымен  Нұғыманға 



құрманы  береді.  Содан  соң  Нұғыман  әкесімен  Байтоллаға  зиярат  етуге 

аттанады.  Мәдина  шаһарына  келіп,  Әнхазіреттің  қабіріне  келеді.  Пайғамбар 

қабірі  жарылып,  Нұғыманға  үмбеттерін  тапсырып,  “Имам  Ағзам”  деген  ат 

береді. 


Туындыгер  дастаны  мен  “Жарым  алма  хикаясының”  сюжеті  бірдей 

екендігін, “Бақырғани” жинағындағы қиссамен үндестігін аңғарамыз. Кітапта 

қиссаның  толық  нұсқасы  емес,  үзіндісі  берілгені  көрінеді.  Қиссада  Имам 

Ағзамды  ерекше  жан  етіп  суреттейді.  Оған    қасиет  қонғандығы  жұмақтағы 

алмадан деп түсіндіреді. 

“Бақырғани  кітабы”  жинағында  Шәмсіддиннің  төрт  қиссасы  берілген. 

Мұхаммед  пайғамбардың  дүниеден  өтуі  жайлы  қиссаның  желісімен 

жырланған  “Қисса  Мұхаммед  Расулланың  дар-ал-фәниден  дар-ал-бақиға 

рахлат еткен мысаласы” деген шығарма Жүсіпбек Шайхисламұлының “Қисса-

ан-Хазірет  Расулдың  Миғражға  қонақ  болғаны  бұ  тұрұр”  деген  кітабында 

(Қазан,  1901)  жарық  көрген.  Ақын  екі  қиссаны  да  “Бақырғани  кітабының” 

желісімен жырлаған. 

Қисса  Расулаллаға  мадақ  сөздермен  басталады.  Хақ  Жебірейілді 

Мұхаммед  ризашылығымен  опасыз  дүниеден  шын  дүниеге  келсін  деп  хабар 

айтуға  жібереді.  Мәдинада  осы  түні  пайғамбар  маңайындағы  сегіз  кісі  түс 

көреді. Бәрі де түстерін жорытуға Расулға келеді. 

Халық  ауыз  әдебиеті  үлгілерінде  әсіресе  батырлар  жырында,  аңыз-

әңгімелерде, ертегілерде жиі  кездесетін түс көру, түс арқылы  құдіреттің аян 

беруі, оны жору сияқты жоралар Шәмсіддиннің қиссасында да көрінеді. 

Мұхаммеддің төрт  халифі,  әйелі  Айша,  қызы  Фатима,  жиендері  Хасен 

мен Хұсайын түс көреді. Әбубәкір үстіндегі киімім жерге түсті десе, Омар бет-

жүзіндегі  қасынан  айырылады.  Оспанның  қолынан  кітабы  жерге  түседі, 

Әлидің  сауыты  өзінен-өзі  шешіледі.  Айша  басына  қара  шадыр  салыпты, 

Фатиманың  күртесі  дал-дал  болып,  жағасынан  айырылады.  Хасен  мен 

Хұсайын  жер  мен  көктің  арасынан  бір  тақ  көреді,  оған  Мұхаммед  отырып, 

ғайып  болады,  төменде  жалаң  аяқ,  жалаң  бас  Хасен  мен  Хұсайын  қалады. 




Мұның бәрін Расул өзінің өмірден кетер сәті жеткендігіне жориды. Барлығы 

қайғырып, жыласады. Дастанда оқиға күшейтіліп, әсірелеп суреттеледі. Мұны 

білген көктегі періштелер де, тәмам халық тіпті,  “жер-көк уа тау-теңіз, құрт, 

құс т.б. жандылар” барлығы қайғырып, жыласады.  

Әзірейіл келіп, рұқсат алып, Расулдың жанын алмақ болады. Пайғамбар 

туыстарымен қоштасады. Айша айтты: 

  

                    Йа, Рух-рауаным, машфақым, 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет