С. Бақырғанидың қисса-дастандары – нәзира дәстүрінің қайнар көзі



Pdf көрінісі
бет13/18
Дата07.01.2022
өлшемі0,56 Mb.
#17084
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
2018 3. Матбек Н. Монография

Жетім халін сұраңыз, 

Жетім көңілін аулаңыз,– [49,56 б.] 

 

деп қиссада Расулдың жетім балаға істеген ісін үлгі етеді. 



 

Болсаң Расулға үммат, 

Қылың жетімге шапағат. 

Болар саған көп рахмат, 

Расул осылай деді-ә. 

 

Білгіл бұл сөзді жақын, 

Жемеңдер жетімдер хақын. 

Баян қылып Шамсіддин 


Достына жадгар құйды-ә,– [49,56 б.] 

  

деп аяқталады. Қожа Ахмет Ясауи де 51-хикметінде: 

 

Расулдың алдына бір жетім келіпті, 

Барып, мүсәпірмін деп сәлем беріпті. 

Рақым қылды мүсәпір халына, 

Тілегенін берді оның қолына. 

Расул айтты оған: мен де жетіммін, 

Жетімдікте, ғаріптікте өтіппін. 

Мұхаммед айтты: әркім де жетім дүр, 

Біліңдер: ол сүйген үмбетім дүр. 

Жетімді көрсеңіз, жәбірлемеңіз, 

Ғарыпты көрсеңіз, әмірлемеңіз [48,94 б.]. 

 

Бұл хикметте Мұхаммед пайғамбардың жетім балаларға қамқор болған 

адамгершілік, қайырымдылық, мейірімділік қасиеттерін танытады. Сондай-ақ 

Мұхаммед  пайғамбар  хадистерінде  де  үмбеттеріне:  “Кімде-кім  өзінің  не 

біреулердің жетім балаларын ес біліп, етек жиып, өз күнін өзі көретіндей жасқа 

келгенше бағып-қағып, тәрбиелесе, оған бейіштің есігі ашық” және “Ісің ілгері 

басып,  көңілің  шаттануын  қалайсың  ба?  Қаласаң  жетімдерге  мейірбан  бол, 

басынан  сипа,  жеп  отырған  тамағыңа  ортақтастыр,  сонда  ғана  ниетің қабыл 

болып, талабың өрге жүзеді”,– [71,9 б.] деп өсиет етті. 

А.С.  Пушкиннің  “Құранға  еліктеу”  деген  өлеңіндегі  (тәржімелеген 

Қуандық Шаңғытбаев): 

 

Ақ жолға түзеп бетіңді, 

Абай бол жалған жауызға. 

Мүсірке сүйіп жетімді, 



Құранды көпке уағызда,– [124] 

 

деген  жолдар  имандылықтың  бастауы  Құранда  жатқандығын 

дәлелдейді.  

Шәмсі қиссаларындағы ортақ тақырып – фәнидің өткіншілігі, Мұхаммед 

пайғамбардың  “өлім  келместен  бұрын  дайындалып  қой”  дегеніндей,  ақырет 

қамын жеу және Мұхаммед пайғамбардың өмірінен, ісінен үлгі алу. 

Шәмсінің  “Міскін  адам  басына  не  келерін  білмесе”  деп  басталатын 

қиссасы отыз екі шумақтан тұрады. Адам баласы соңғы сәті жеткеннен кейін, 

Мәнкүр,  Нәкүр  келіп  тергейтіндігін,  күнәлілер  тозаққа,  мүміндер  пейішке 

баратынын жаза келіп:  



 

Шәмсі асы бұ сөздері 

Иман, ислам асылы дүр. 

Биаллаһ мүмін емес дүр 

һәр кім мұны білмесе,– [49,66 б.] 

 

деп мұны білудің әрбір мұсылманға парыз екендігіне назар аудартады. 



Жинақта  Ғұбайдолла  деген  автордың  Мұхаммед  Мұстафаның  жалғыз 

ұлы Ибраһимнің Расул үмбеттері үшін жанын пида еткені жайлы қиссасы бар. 

Көлемі  –  қырық  бес  шумақ.  Жебірейілден  Хақ  пәрменін  жіберіп,  “Ұлының 

амандығын тілесе, үмбеттерін менен сұрамасын,”– дейді. 

 

Мұстафа қайран болып көтерді бас, 

Көздерінен төгізіп силаба жас. 

Деді: Менің үмбетім үшін, уа, Кәрім. 

Жолына болсын пида жүз Ибраһим 

Айтты: Ұғлым дүр – жүрегім қуаты, 

Тілерім, Хақтан күнаһар үмбетім [49,67 б.]. 

 



Ұлының  жанын  алмақ  болып,  Әзірейіл  келеді.  Ұлының  әкесіне  деген 

сүйіспеншілігін    “аяғыңның  топырағын  көзіме  сүрме  қылайын”  деген 

жолдармен  береді.  “Ибраһимге  алдыма  түсіп  жүр,  жақсылап  көрейін”– 

дегенде, жеті жасар ұлы: 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет