деген ат береді. Анасынан барып, сүйінші сұрады. Анасы: “Менің ұлым үш
Қиссаның соңы: “Хақ пәрменін тұтыңдар, харам, шүбә жемеңдер, кісі
малын алмаңдар”,– деген өнегелі сөздермен аяқталады.
Жоғарыдағы қисса-дастанның үзінділеріне қарап отырып, халық ауыз
әдебиетінде жиі кездесетін сұлу қыздың “ай десе аузы бар, күн десе көзі бар”
секілді бейнелі суреттеулерін және дәстүрлі шешендік сөздердің үлгілерін
кездестіреміз. Халқымыздың қуанышты хабарға сүйінші сұрау тәрізді дәстүрі
де аталмыш шығармада айтылады.
“Жарты алма хикаясының” негізгі кейіпкерлерінің бірі – тарихта болған
“Имам Ағзам” атанған Нұғыман Сәбитұлы. Ол мұсылмандарға шариғатта зәру
болған мәселелерді діни дәлелдермен баяндап, амал-ғибадат жолдарын жеңіл
етіп көрсетіп берген. Мұндай ғалымдардың ең көрнектілері төртеу:
1. Нұғыман Сәбитұлы – зор имам, Әбу Ханифа деп те аталады,
һижраның 80-150 жылдары Куфа қаласында туылып, Бағдад қаласында дүние
салған.
2. Имам Мәлік Әнасұлы – Мәдина қаласында туылып, сонда қайтыс
болған. һижраның 93-179 жылдары өмір сүрген.
3. Ахмад Ханбалиұлы, һижраның 124 жылы Бағдад қаласында туылып,
241 жылы сонда дүниеден өткен.
4. Мұхаммед Шафиғ Ыдырысұлы, һижраның 150 жылы Ғазза қаласында
туылып, 206 жылы Мысырда қайтыс болған.
Қазақ халқы өздерін осылардың ішінде Имам Ағзамның мәзһабындамыз
деп есептейді. Бұл жөнінде Ы. Алтынсариннің “Мұсылманшылықтың
тұтқасы” деген еңбегінде түсінік беріледі [83,22 б.].
Мұхаммед пайғамбардың хадис шәрифінде: “Адам (ғ.с.) мені мақтан
тұтады, мен болсам, үмбетімнің ішінен бір ер кісі шығады, соны мақтан
етемін. Оның аты – Нұғман, лақабы – Әбу Ханифа. Ол менің үмбетімнің тура
жол көрсететін шырағы,”– [122] деген жолдар кездеседі.
Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы көп томдық шығармалар жинағының екінші
томында:
Дүниеде мазһап болған төрт имамы,
Махшардың төрт жағына қойған, әні!
Алдына имамлардың жібереді,
Әркімнің болса сонда дау-жанжалы,
Төртеуі махшарда болар қазы,
Сұрайды әр пенденің болса ғарызы,– [100,298 б.]
деп Махшар күнінде төрт имамның қазы болатындығын баян етеді.
Солардың ішінде Имам Ағзамды ерекше атайды:
Төрт имам әулиесі – Имам Ағзам,
Шығар ма дәл солардай ендігі жан ?!
Мәлік пен Имам Шапиғ, Имам Ахмет,
Шариғат осылардан бізге қалған [100,351 б.].
Әбубәкір Кердері “Насихат толғауында”:
Хазірет Имам Ағзам,
Шариғаттың айнасы,
Солардан кәміл табылған,
Шайтанның өлмек хайласы, – [52,109 б.]
деп суреттейді.
“Ислам әлемі” діни-мәдени журналының 2003 жылғы №3-6-сандарында
Мақсұт Шафиғидың баспаға әзірлеуімен “Қисса Имам Ағзам” деген шығарма
жарияланды. Авторы, яғни кім жырлағаны айтылмаған.
Шығыс әдебиеті сюжетімен қисса, дастандар жырлаған ақындардың бірі
– Ақылбек Сабалұлы. “Ғашықтық дастандар” жинағына енген 1910 жылы
жазылған “Таһир-Зуһра” дастанының кіріспесінде өзі “ноғай тілден өлең
қылған” жиырма алты шығармасын атайды.