С. Бақырғанидың қисса-дастандары – нәзира дәстүрінің қайнар көзі



Pdf көрінісі
бет9/18
Дата07.01.2022
өлшемі0,56 Mb.
#17084
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18
Байланысты:
2018 3. Матбек Н. Монография

Көрің  Қадыр құдіретін, 

Білсін деп сүннатын, 

Мұстафаның үмбетін, 

Бұндай ташриф қылды-ә,– [49,64 б.] 

 

деген жолдармен басталады. Сәбит Мұқанов молдадан оқыған түркіше 

кітаптарының  қатарында  “Бақырған,”  “Тақи  ғажаптармен”  бірге  бұл 

шығарманы да “Көрің Қадыр” деген атпен атайды. 

Дастанда 

Алла 


тағала 

құдіретімен 

Мұстафаның 

үмбеттерін 

жаратқандығы баяндалады. 

 

Көзді берді көргелі, 



Ақыл берді білгелі, 

Хақ жадын айтқалы, 


Тілді және берді-ә. 

Жоқ едік біздер бар қылды, 

Тән жаратты, жан берді, 

Қатра (тамшы) судан біздерді, 

Бұндай көрікті қылды-ә. 

Қолды берді тұтқалы, 

Аяқ берді жүргелі, 

Нығмет берді жиғалы, 

Шүкір қылсын деді-ә [49,64 б.]. 

  

Алланың  жаратқанының  барлығына  да  шүкір  қылудың  қажеттігін, 

барша  анадан  туған  адамдардың,  сонымен  бірге  ата-анаңның  да  өмірден 

өтетіндігін ескертеді. 

Қиссаның басты кейіпкері Сәбит судың жағасында таһарат (дәрет) алып 

отырғанда, суда бір қызыл алма ағып бара жатады. Ол алманы алып, қызығып, 

жартысын  жеп  алады  да  ойланады.  Иесін  тауып,  ақшасын  төлемек  болады. 

Жарты  алманы  қолына  алып,  шарбақтарды  жағалап  келе  жатады.  Бір  жігіт 

көріп: “Алма біздікі, рұқсатсыз алғаның үшін ақиретте жаза тартасың”,– дейді. 

“Ақиретті  ойлап,  қорыққаннан  бағасын  бергелі  иесін  іздеп  жүрмін”,–  дейді. 

Кездескен кісі: “Сөйлегелі тілі жоқ, көргелі һәм көзі жоқ, Аяғы һәм қолы жоқ 

қызым  бар,  соны  алып,  мені  риза  етпесең,  жарты  алманың  жазасын 

тартасың”,– деген шарт қояды. Жігіт ойланып, қызды алуға келісімін береді: 

  

һәр не болса болайын, 



Қызды һәм алайын, 

Ақирет азабынан, 

Құтылайын деді-ә [49,64 б.]. 

 

Той  жасап,  некесін  қиып,  ата-анасы  ризашылығымен  қызын  ұзатты. 



Қазақ халқында да кездесетін қыз ұзату, келін түсіру салтының бір көрінісі – 


қыз  жеңгелерінің  қызды  таныстыруға  отауға  алып  келуі  дастанда  былайша 

суреттеледі: 

 

Қатынлар жыладылар, 

Үйге төсек салдылар, 

Қызды алып келділер, 

Үшбу жігіт көрділер [49,64 б.]. 

 

Қызды көріп: “Өзге қызды келтіріп, мазақ қыларсың”,– деп өз көзіне өзі 



сенбеді. Қыздың сұлулығы: 

 

Ауыз десең- аузы бар, 



Көрік десең- көркі бар, 

Аят, хадис сөзі бар, 

Мұндай жүрер деді-ә,– [49,64 б.] 

деп суреттеледі. 

Жігіт қыз әкесі өзін алдады деп ұғып, қызды алудан бас тартады. Қыздың 

атасы мен анасы келеді. Әкесі: 

 

Тілі жоқ дүр дегенім – 

Пасық сөзді жимады. 

Хақ жадын қоймады, 

Тілден мадам деді-ә. 

Аяғы жоқ дегенім – 

Жаман іске жүрмеді, 

Есіт енді бұл сөзді, 

Иә, перзент, деді-ә,– [49,64 б.] 

 

деп түсіндіреді. 




Қызы күндердің бір күнінде бір ұл табады, атын Нұғман қояды. Баласын 

алты жасқа келгенде мектепке береді.  

Осы шаһардың ханымы патшаға “жаһаннами сен” деген әзіл сөз айтады. 

Патша  сөз  мәнісін  түсінбей:  “Мен  жаһаннами  болсам,  сен  талақ  бол”  дейді 

ашуланып.  Патша  бүкіл  қол  астындағы  ғалымдарын  шақырып,  үш  күнде 

шешуін  таппаса,  өлетіндіктерін  айтты.  Ғалымдар  жауабын  таба  алмай, 

жыласты,  қайғырды.  Нұғман  ұстазының  қайғыруының  себебін  сұрап,  білгісі 

келді,  қоймады.  Есіткеннен  кейін,  өзін  патшаға  апаруын  сұрады,  шешуін 

айтпақ болды. 

Баланы патшаға алып келеді. Бала патшаны тағынан түсіріп, өзі отырып, 

жауабын айтады. Бала: 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет