С. Бақырғанидың қисса-дастандары – нәзира дәстүрінің қайнар көзі



Pdf көрінісі
бет4/18
Дата07.01.2022
өлшемі0,56 Mb.
#17084
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
2018 3. Матбек Н. Монография

Иузи – рәушан, көзі – гәуһар, 

Лағилдек бет үші ахмар, 

Тамағы қардан әм баһтар, 

Қашың құдірет, қоли шегә [92,9 б.]. 

 

Әріп Тәңірбергеновтің (1856-1924) “Зияда-Шаһмұрат” қиссасында: 



 

 

 



Ақ маңдай, қол – зүбаржат, көзі – гауһар, 

 

 

Назы наз, қиғаш қара қабағы бар… 

 

 

Інжуден отыз тісі, ерні – лағыл, 

 

 

Ақ тамақ, алтын иек мойындары, – [116,146 б.] 

 

деген суреттеулер ұшырасады. 



Тұрмағамбет Ізтілеуов (1882-1939) “Сымбатты сұлу” деген өлеңінде: 

 

 



 

 

Мысалы: көзің – гауһар, маржан – тісің, 



 

 

Күндей ақ шығып келе жатқан – түсің… 

 

 

Күмістей сымға тартқан саусақтарың, 

 

 

Сүйріктей судан шыққан бәрі мүсін. 

 

 

Қиғаш қас, оймақ ауыз, ақық ерін, 

 

 

Көргеннің көркің кетер өртеп ішін, – [53,455 б.] 

 

десе,  Мұқамедсәлім  Кәшімов  (1883-1935)  өлеңдерінде  де  осындай 



тәсілдер жиі ұшырасады: 


 

Әй, қалқа, жүруші едің естен кетпей, 

Тісің бар жамбы лағыл, меруерттей [96,271 б.]. 

 

Сүмбіл шаш, түйме басың, маңдайың ақ, 

Алтын қас, күміс кірпік, гауһар қабақ [96,276 б.]. 

  

Ақтан Керейұлының “Той бастау” деген өлеңінде: 



 

 

 



Айырған алтын реңді, 

 

 

Күміске меңзер өңдерің… 

 

 

Жүз тоқтатып қарасам, 

 

 

Лағыл, жауһар көздерің. 

 

 

Тісің – меруерт маржандай, 

 

 

Қасың бір қиғаш қаламдай, – [87,215 б.] 

 

дегендей,  ежелгі  дәуір  әдебиетіндегі  көркемдегіш  тәсілдермен  ұқсас 



болып келеді. 

Жебірейіл  үш  жүз  алпыс  қанатын  жазып,  Афақта  қалды,  Расул  Хақ 

дәргаһына барды. Аллаға сәлем берді, сый ретінде төрт нәрсе: руза, намаз, хаж, 

зекет әкелгендігін айтады.  

Расул таң атып, памдат намазын оқыған соң, Миғражды жұртына баян 

етті.  Абужаһил  нанбай,  теріске  шығарды,  елді  азғырды.  Сахабалары  атқа 

мініп,  соғыспақ  болады.  Күмән  қылмай,  мұсылмандардың  бәрі  де  нанады.  

Жүсіпбек қиссаны: 

 

 

 



Әркімге ғибрат үшін жаздым мұны, 

 

 

Жайымыз қандай болар мақшар күні, 

 

 

Иә, Алла, рақматың көп жарылқағыл, 

 

 

Ғафу қыл мен асының күнәһыны, – [114,13 б.] 


 

деп аяқтайды. 

Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  Ғылым  академиясы  Хабарлары,  Тіл, 

әдебиет сериясының 1994 жылғы №3 санында Ғ.Қ. Жүсіпованың алғысөзімен 

Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының “Миғраж” хикаясы жарияланды [117,56-66 бб.]. 

Автор қиссасын: 

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет