Бұхари, Имам Муслим, Қази Аяз
Миғражын жазған өлшеп безбенменен.
Мәсжиді “Ақса” барған, пырақ мініп,
Көкке ұшқан осы жерден Жәбірейілмен.
Не түрлі ғаламатты көзі көрді,
Сыймайды бәрін сөйлеп тізгенменен…
Бес уақыт намаз парыз алып қайтты,
Орын тар сөз етуге сіздерменен [119,51-52 бб.].
Ақын “Миғраж” оқиғасына кең тоқталмайды. Бұл үзіндіден осы
тақырыпқа басқа да шығыс ақындарының қалам тартқандығын білеміз.
С. Бақырғанидың жинақтағы келесі бір шығармасы – “Исмайыл”
қиссасы. Көлемі – 74 шумақтан тұратын туынды көпшілікке мәлім Құрбан айт
мерекесінің шығу тарихын баяндайды. “Исмайыл қиссасының” мазмұны
қасиетті Құранның 37-Саффат сүресінен алынған оқиға негізінде жазылған.
Ы. Алтынсарин 1884 жылы Қазан қаласында бір-ақ рет жарық көрген
“Мұсылманшылықтың тұтқасы. Шариат-ул ислам” деген еңбегінің “Ағмал
Заһир турасында” деген екінші бабында құрбан шалудың Ибраһим пайғамбар
уақытынан мұсылмандарға жыл сайын оразадан екі ай он күн өткен соң уәжиб
екендігін
түсіндіре
келіп,
“Қиссас-ул-әнбия”
кітабынан
Ибраһим
пайғамбардың баласы Исмайылды құрбан етпек болған оқиғасын баяндаған
[83,41-46 бб.].
Сүлеймен Бақырғанидың “Исмайыл қиссасында” Ибраһим пайғамбарға
жаратушы түсінде аян беріп, құрбан шалуы керектігін айтады. Жүз түйені
құрбан шалады. Алла Жебірейілге Ибраһим ұлын құрбан қылсын деген
пәрмен жібереді. Әйелі Ажарға ұлын досына ертіп апаратынын айтып, басын
жуғызып, көзіне сүрме жағып, басына тәжін, стіне таза тонын кигізіп
дайындайды. Ибраһим алмас пышақ, жіп алды. Екеуі Мекке шаһарынан
шығады. Ібіліс бұл істі біліп, Исмайылды азғырады. Исмайыл оның сөзіне
сенбей, шайтанға тас атып қуады.
Мина тауына келіп, ұлына Хақ пәрменін жеткізеді. Исмайыл:
Қиямет күні қиындық көрер,
Ата сөзін тұтпаған.
Түрлі азаптар көрер, – [49,63 б.]
деп әке сөзін құптап, Алла пәрменін жасауға келісімін береді. Әкесіне
үш тілегін жеткізеді:
Әуелгі сөзім тұтыңыз,
Қол-аяғым байлаңыз,
Қол-аяғым бос қоймаңыз
Жан тәтті дүр деді-ә…
Екінші сөзім алыңыз,
Жүзімді жерге қойыңыз,
Маған рақым қылмаңыз.
Болмақ осы деді-ә.
Үшінші – құрбан қылғыл,
Қанлығ тонымды алғыл,
Достарыңызбен бөлісу: