Бҧл тапсырмаларды орындағанда жағдайдың мазмҧнын сипаттау
керек. Ыммен жҧмыс істеп, мҧғалім мен оқушының орнында
жағдайды ойнап шығу.
13-жаттығу. «Жекелеген реакцияны көрсету». Алдыңғыға
қарағанда бҧл жаттығу аудитория алдында орындалады. Жағдай
оңайлатылған.
Шығармашылықты талап етеді. Студенттер
кезекпен мҧғалімнің роліне кіреді.
Топ болып жаттығуды
орындағаннан кейін мақсатты нҧсқасы таңдалады жəне аудитория
алдында көрсетіледі. Біз Н. Е. Шуркова ҧсынған жағдайлар мысалын
ҧсынамыз, мектеп тақырыбына қатысты басқа да жағдайлар болуы
мҥмкін.
1-Ж а ғ д а й. Сіз тақтаға жазасыз. Оқушылар сізбен бірге
дəптеріне жазады. Кенет бір шу естіледі, бҧрыласыз, былай дейсіз:
—
таңданыс: «Не болды?»;
—
кінəлау: «Кім əлі жҧмысты бастаған жоқ?»;
—
талап: «Қойыңдаршы, тынышталатын уақыт болды»;
—
тосып тҧру: «Мен тыныштықты кҥтіп тҧрмын»;
—
ашу: «Тыныш! Барлығы жҧмыс
істеп жатқанда шулауға
болмайды»;
—
қиналу: «Осындай маңызды істе қалай шулауға болады?!»
2-Ж а ғ д а й. Оқушы тақта алдында. Тапсырманы орындады.
Сіздің реакция:
—
салмақты: «Бəрі дҧрыс»;
—
қуанышты: «Жарайсың!»;
—
көңілді қанағаттану;
—
осындай тамаша нəтижеге байланысты жағымды таңданыс;
—
таңданыс: «Сенде бəрі дҧрыс екеніне сенімдісің бе?»;
—
ренжу пен кінəлау;
—
қатаң кінəлау;
—
аяушылық пен кекесінмен кінəлау;
—
мысқыл: «Керемет!»
Студенттердің реакциясы сырттай ғана емес, ішкі қатынасын да
білдіруі ҥшін,мҧндай реакциялардың себебін суреттеуді ҧсынған
пайдалы, сыныптағы өмірдің мəн-жайын ойша бейнелеп, əрекет
ықпалын таңдау нҧсқасын ақтау, өзіңнің көзқарасыңды алдымен ішкі
монолог тҥрінде сөзбен, содан кейін ишаратпен көрсету.
Қиналған жағдайда берілген тақырыпқа қатысты алдын ала
тҥсірілген слайдтағы мимикалық реакция мысалдарын көрсету.
14-жаттығу.
«Ишарат
қылықтарының
логикасы».
Студенттерге мектептегі типтік ахуалдарға байланысты қылықтар
логикасын көрсету өздеріне ҧсынылады. Жҧптасып
орындалады,
аудитория қосылады.
Мысалы, «Білімді тексеру» жағдайы. Оқытушы тақта алдындағы
оқушының жауабын тыңдайды жəне бірмезетте, сыныппен
педагогикалық қатынастың ҥзіліссіз болуына қол жеткізіп, ишарат
қҧралдары арқылы, жауап
берушіге кедергі келтірмей, партада
отырғандарды жауапқа қатысты ойлануға шақырады.
Оқушы сабақта алаңдағанда, мҧғалімге ол қалай əсер етеді? Бҧл
əрі таңданыс, əрі қатал көзқарас,
жауапқа деген жоғары
қызығушылықты көрсету, əрі ҧялту.
Студенттер
жҧптасып
оларға
ҧсынылған
жағдайларды
дайындайды жəне өз реакцияларын көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: