290
291
теңдік тақырыбын дамыта түсті. Ханван тілінде жазылған Нгуен
Зының (ХVІ ғ.) «Таңғажайып оқиғалар əңгімелерінің жинағы» но-
велла жанрының жоғары дəрежеде жетілгендігін көрсетті. ХVІ
ғасырдың екінші жартысында поэзияның философиялық лирикалық
жанры пайда болды.
Дайвьеттік музыка, оның ішінде, əсіресе музыка өнерінің теория-
сы өркен жайды. ХVІ ғасырда екі музыкалық қоғам құрылды. Олар:
теориялық «Бо данг ван» жəне вокалды-инструменттік «Боня няк»
(кейін «Бо зяо фьюнг» деп аталған) ансамблі. Сарайда корольдің
салтанатты мерекелеріне қызмет ететін «Дой ба лэнь» оркестрі
құрылды.
Вьетнамдық туонг деп аталған классикалық театр халық
мақтанышы болды. Оның репертуарында ұлттық тарихтың
оқиғаларын баяндайтын қойылымдар жеткілікті орын алды.
Туонгпен қатар
кезбе театр да кеңінен тарап, өнер саласын дамытуға
едəуір үлес қосты.
Ə д е б и е т т е р:
1. Васильев Л. С. История Востока: В 2 т., т. 1.— М.: Высш. шк.,
1998.— 409—413 бб.
2. История стран Азии и Африки в средние века. ч. 2.— М.: МГУ,
1987.— 168—175 бб.
3. История Востока. т. ІІІ: Восток на рубеже средневековья и
нового времени.— М., 1999.— 302—314 бб.
Достарыңызбен бөлісу: