292
293
Құлдардың өз мүліктері болды, бірақ оның толық құқылы иелері
бола алмады. Құлдық өмірбақилық болып, ұрпақтан-ұрпаққа мұра
ретінде сақталып отырды.
Моңғолиядағы феодалдық бытыраңқылық XIV ғасырдың аяғын-
да басталды. 1368 жылы Қытай халқы көтеріліске шығып, монғол
феодалдарының өкіметін құлатып, елден қуып шықты. Монғолияда
натуралдық шаруашылық үстемдік құрды. Жекелеген князьдықтар
арасында экономикалық байланыс болмады. Князьдықтар күшейіп,
олардың ханға тəуелділігі шамалы болды. Алдымен Қалған мен
Қайюан облыстарының аралығы бөлініп шықты. 1389 жылы бұл
ауданның басшысы Нағашы /Нагачу/ монғол ханына бағынудан бас
тартып, өзін Мин императорының вассалы деп жариялады.
ХIV ғасырдың аяғына қарай
Моңғолияның шығысы мен
батысындағы үстемдік етуші топтар арасында ұзаққа созылған
күрес басталды. Оған Юань династиясының құлатылып, импе-
рияның ыдырауынан кейінгі Монғол империясындағы дағдарыс
себеп болды.
ХІV ғасырдың аяғындағы Монғолияның малы мен шикізатын тек
Қытай ғана сатып алып тұратын. Өнеркəсіп жəне ауыл шаруашы-
лық тауарларын монғолдарға сол қытайлықтар ғана сататын.
Қытайлықтармен сауда-саттық қатынасын негізінен шығыстағы
моңғолдар жүргізетін, ал батыстағы монғолдардың Қытай рыно-
гымен байланысы нашар болды. Сол себепті олардың экономикалық
дамуы артта қалып қойды. Шығыс пен батыстың арасындағы күрес
ең алдымен Қытаймен байланыстыратын жолға үстемдік ету үшін
жүргізілді. Бұл күрестің барысында Монғолия екі хандыққа бөлінді:
батыс-шығыс болып. Қытай екі хандықты бір-біріне шағыстырып,
олардың күшейіп кетпеуін қадағалап отырды. Батыс Монғолияның
халқын негізінен ойраттар құрайтын.
Батыстық монғолдар шығыстық монғолдарға қарағанда ұйым-
шыл болды. Сондықтан да ХV ғасырдың бірінші жартысында
батыстықтар жеңіске жиі жетіп отырды. Батыстықтар, əсіресе Тоған
деген басшысының тұсында зор табыстарға жетті. Ол ойраттардың
ханы Дайсынның орынбасары еді. Ол тек батыстағы князьдарды
ғана
өзіне бағындырып қоймай, шығыс князьдықтардың да біразын
бағындырды. 1439 жылы Тоған өлген соң оның ісін баласы Есен
əрі қарай жалғастырды. Көп өтпей Моңғолия толық Дайсын хан
мен Есеннің қол астына бірікті. Күшейіп алған соң Есен Қытайдан
Монғолия шикізатын көтеріңкі қымбат бағамен сатып алуды, Қытай
тауарының бағасын кемітуді талап етті. Қытай өкіметі бұл талапты
орындаудан бас тартқан соң, екі ел арасында соғыс басталды.
1449 жылы күзде Туму деген жерде шешуші шайқас болды.
Қытай армиясы жеңілді. Оның қолбасшысы — император Инь Цзун
тұтқынға түсті. Есен Қытайға бітім шартын ұсынды. Жаңа сайланған
император ол шартқа көнгісі келмеді. Ақыры 1450 жылы шартқа қол
қойылды. Енді Дайсун хан мен Есеннің арасында қырқыс болып, хан
өлді. 1451 жылы Есен өзін Монғолияның ханы деп жариялады. 1455
жылы Есенге қарсы князьдар көтерілісі болып, Есен жеңілді, қаза
тапты. Есен өлген соң, Монғолия қайтадан бірнеше князьдықтарға
ыдырап кетті. Ойрат феодалдары Қытай рыногынан қол үзіп қалды.
Елді қайтадан феодалдық қырқысулар жайлады.
1479 жылы Даян хан деген атпен белгілі болған Бату Мөңке
Монғолияның ханы деп жарияланды. Ол ыдырап кеткен
князьдықтарды қайтадан біріктірді. 1488 жылы ол ‘’ұлы Юанъ
ханының” атынан Пекинге елшілік жіберді. Қытаймен
келісім
жасалды. Ол келісім бойынша көшпенділер үшін шекарада жылына
үш рет сауда-саттық өткізілетін болды. Моңғол көшпенділері бұл
базарға мал мен малдың өнімдерін əкелсе, қытайлықтар өнеркəсіп
жəне ауыл шаруашылығына қажетті тауарлар əкелетін болды. 1500
жылы ыза кернеген монғолдықтар Қытайға шабуыл жасады.
Даян хан Монғолияны жеке дара 64 жыл бойы билеп, 1543
жылы қайтыс болды. Ол өлгеннен кейін Монғолия біржолата
бірнеше князьдықтарға ыдырап кетті. Бір орталыққа бірікпеуінің
басты себебі — оның экономикалық артта қалушылығы болды:
натуралды шаруашылық пен ішкі рыноктың жоқтығы. Даян хан
өлген соң, онтүстік Монғолия мен солтүстік Монғолия бір-бірінен
бөліне бастады. Даян ханның үлкен ұлдары оңтүстік Монғолияны
еншісіне алды. Ал кенже ұлы Гересензе əкесінің иелігін — Халха
Монголияны алды /қазіргі Монғолия/.
ХVІ ғасырдың екінші жартысындағы Моңғолия тарихындағы
маңызды оқиғалар Даян ханның немересі Түметтік Алтын хан
/1507ж. туған/ есімімен тығыз байланысты. Ол Қытаймен бейбітшілік
орнатып, сауданы жақсартуға күш салды. Өзінің ішкі саясатында
ол егіншілік пен қолөнерді дамытуға тырысты. ХVІ ғасырдың 50-
жылдарында Алтын ханның иелігінде Кукухото қаласы өмірге келіп,
қолөнері мен сауданың орталығына айнала бастады. Бұл қаланың
маңында егіншілік те өріс алды. 1570 жылы Алтын хан Қытаймен
бітім жасады. Қытайдың бірнеше қалаларында монғолдар үшін
рыноктар ашылды. 1571 жылы осындай төрт қала базарында 12—14
күн ішінде монғолдар 28 мыңдай жылқы сатты.
1566—1578 жж. Моңғолия бұрынғы шамандық діннен ламаистік
дінге көшті. 1586 ж. Халқа (солтүстік) Моңғолияда алғашқы ла-
294
295
маистік монастырь — дацан ашылды.
Алтын хан ірі монғол
феодалдарының ішінде ең бірінші болып ламаизм дініне кірді.
Сөйтіп Монғолиядағы шаманизмнің орнына ламаизмнің таралуына
жол салды, ХІV ғасырдың екінші жартысында ламаизм буддизм
дінінің бір тармағы болды. Ламаизмнің шығуы тибет монағы
Дзонхаваның /1357—1419/ атымен байланысты. Ол Будданың
“4 шындығын” уағыздады: өмір — азап, азап себебі — өмірге,
оның қуанышына құштарлық; азаптан құтылу жолы — өмірге
құштарлықтан бас тарту, адал, қарапайым өмір сүру. Пəктік, ең
жоғарғы сатыдағы адалдыққа жету əрине қиын, оған əрбір адам
жетуге тырысуы керек. Ол үшін адам өлтірмеу, өтірік айтпау, ұрлық
жасамау, арамдық ойламау керек. Əрі қарай монахқа, ламаға сену
керек. Əр адамның ламасы, монахы болуы керек. Ол — лама ұстаз,
дұрыс бағыт, жол сілтеуші.
Дзонхава буддалық жанның қайта оралуы, басқа адамға көшуі
туралы ілімді жақтады. Осы ілімнің негізінде ламалар адамдардың
өмірдегі қиыншылықтары мен сəтсіздіктері олардың өткен өмірін-
дегі арамдық, қулық-сұмдықтарының нəтижесі деп түсіндірді. Ал
қазіргі жолы болғыш, бай феодалдардың жандары бұрынғы өмірде
адал, пəк адамдардың денесінде болған. Яғни, қазір адал жүріп
тұрсаң,
құдайға құлшылық қылып, арамдықтан аулақ болсаң, келесі
өмірде бай, бақытты адам боласың деген пікір уағыздалды.
Дзонхава қатаң тəртіпке, бір орталыққа бағынған шіркеу құрды.
Ламалардын бəрі бірдей сары түсті бас киім киетін болғандықтан
бұл ілім /Дзонхава ілімі/
сары бөріктілер ілімі деп те аталды.
ХVІ ғасырдың аяғында манчжурлар Қытайда ғана емес,
Монғолияда да өз биліктерін орнату үшін күресті. Манчжурларға
оңтүстік Монғолияда Шахар хандығы қатты қарсылық көрсетті.
Бұл хандықтың көсемі Даян ханның үлкен ұлының немересі
Лингдан хан еді. Ол бүкіл Монғолияны бір мемлекетке біріктіруге
тырысты. 1625 жылы манчжурлар жағына шыққан князьдықтарға
қарсы жазалаушы əскер жіберді. Бұл жорық сəтсіздікке ұшырап,
оңтүстік Монғолиядағы кейбір князьдықтар манчжурлар жағына
шығып кетті. Лингдан хан манчжурларға қарсы күресу үшін Миндік
императормен одақтасты. 1634 жылы Лингдан хан мен манчжурлар
арасында шешуші шайқас болды. Сатқындықтың салдарынан
Лингдан хан жеңіліп қалды. Шаһар хандығы талқандалғаннан кейін
1636 жылы оңтүстік Монғолия князьдарының съезінде Манчжур
императоры Абыхай Монғолия ханы деп жарияланды. Сөйтіп
Монғолияда манчжурлар билігі орнады. Ол билік 1911 жылға дейін
созылды.
Бірнеше жүз жылдарға созылған соғыстар мен өзара қырқысулар
Монғол мəдениетінің дамуына кедергі келтірді. Халықтың ауыр
тұрмыс жағдайы, жарқын болашақ туралы арманы оның ауыз
əдебиетінде көрініс тапты. Əсіресе
халыққа зорлық-зомбылық
көрсетуші қанаушыларға қарсы күресуші əділетті де батыр Гесерхан
туралы аңыз кең танымал болды. Оның бізге жеткен жазбалары ХVІІ
ғасырдың басында өмірге келді. Сонымен қатар халық арасында
алғыс баталар мен тілектердің сан қилы түрлері кең тарады.
Бұл кездегі Монғолияның əдебиеті саласында маңызды
уақиғалар аз болды. ХVІ ғасырдың аяғында Убаши — қонтайшы
мен оның ойраттарға қарсы күресі туралы аңыз өмірге келді. ХVІІ
ғасырдың басында Цокто тайшының шығармалары жазылды. Оның
өлеңдерінің шумақтарын достары Урга маңындағы Төле өзенінің
жағасындағы жартастарға кашап жазған.
ХVІІ ғасырдың бірінші жартысында екі тарихи шығарма
өмірге келді. Оның біреуі “Алтын сырғалар” деп аталады. Авторы
— Лубсанданзан. Екіншісі — Саган Сэсеннің “Тарихы”. Бұл
шығармалардың авторлары бай феодалдар өкілдері. Олар алдымен
ламаизмнің діни ережелерін, буддалық коcмогония теориясын,
үнділік жəне тибеттік өкімет басшыларының тарихын баяндап,
сонан кейін ғана өз елінің тарихын баяндауға көшеді. Бұдан басқа
сол кездегі тарихи шығармалардан бізге лама шіркеуінің екі көрнекті
қайраткерлері — Нейджи — тойна мен Зая Пандиталардың өмірін
баяндайтын шығармалар да жетті.
ХVІІ ғасырдың ортасында ойраттардың өз жазулары пай-
да болды. Оның негізіне біраз түзетулер енгізілген ескі монғол
алфавиті алынды. Монғолияда ламаизмнің тарауына
байланысты
тибет тілінен монғол тіліне аударылған буддалық əдебиеттер
жарық көрді. Ламаизммен бірге Монғолияға тибеттік сəулет өнері
тарады. Ол монастырлар салуда, Будда бейнесін жасауда көрініс
тапты. Бурхандарды /”қасиеттілер”/ жасауда ағаш пен металл
пайдаланылды; олар /бейнелер/ сондай-ақ маталарға да салынды.
Сөйтіп, қиын-қыстау кездерде де монғол мəдениеті өте баяу болса
да дамып, жетіле түсті.
Ə д е б и е т т е р:
Достарыңызбен бөлісу: