300
301
ие болған еді. Шиизмді суннизмге қарсы қоюдың түріктерге қарсы
бағыттаушылық мəні де болды. I-Исмаил халықтың алдында «ши-
изм немесе өлім» екеуінің бірін таңдау міндетін қойды. Армяндар
мен грузиндер өздерінің христиан діндерін сақтап қалды. Сефевилер
державасындағы үстем таптар құрамына арасында қызыл ба-
сты эмирлер, жоғарғы мұсылман абыздары жетекші рөл атқарған
көшпелі тайпалардың əскери басшылары жəне жергілікті феодалдар
кірді.
Үкімет басына жаңа əулеттің келуіне байланысты жер қоры жаңа
иелер арасында қайтадан бөліске салынды. Жердің көп
бөлігі мем-
лекет қарамағына алынды. Ол қор «дивани» деп аталды. Шах үйінің
үлесі «хассе» деп аталды. Жердің едəуір бөлігін көшпелі тайпалар
үлесіндегі жұрт /йурт/ құрады.
Мұсылман жəне христиан мешіттері мен шіркеулері де ірі жер
иелері болды. Мешіттер мен медреселерге берілген жерлер «вакф»
деп аталды. Бұл жерлер салық иммунитетімен қорғалды.
Мүлік
жəне
сойырғал деп аталған жер үлестерінің көлемі азайды. Сефеви
шахтары күшті үкімет құру саясатын жүзеге асыра отырып, сой-
ыргал таратуды тоқтатты. XVI-ғасырда жер иеленудің жаңа түрі
— «тийул» кең өріс алды. Бұл бұрынғы замандардағы ихтаға ұқсас
иелік болды.
Сефевилер мемлекетіндегі əскери күштің негізін құрайтын
көшпелілердің /илят/ жағдайы жаман болған жоқ. Көшпелілер өз
руының басшыларына «туыстық сый» деп бүркемеленген салық
төлеп тұрды. Тек егіншілікпен
айналысатын райаттардың жағ-
дайы нашар болды. XVI-ғасырдың аяғына қарай шаруаларды қанау
күшейе түсті.
Исмаил шах өлген соң таққа оның 10 жасар баласы І-Тахмаспе
/1524—1576/ отырды. Оның тұсында феодалдық қырқысулар кең өріс
алды. Шах өкіметі
көтерілісшілерді жер беру, лауазымды қызметке
тағайындау, сый тарту арқылы басып отырды.
Сефевилер өзбектермен шұрайлы Хорасан үшін үздіксіз
соғыстар жүргізді. Бұл провинция жиі-жиі қолдан-қолға өтіп от-
ырды. XVI-ғасырдың аяғында өзбектер Хорасанның ірі қала-
лары Мервті, Нишапур мен Мешхедті басып алды. XVI-ғасырда
Сефевилер османдық Түркиямен де тынымсыз соғыс жүргізді.
Ол соғыстарда түріктер басымдық танытып отырды. Əскері на-
шар ұйымдастырылып, ескі қару-жарақпен
қаруланған Сефевилер
мемлекеті қорғаныспен шектеліп отырды. 1514—1555 жылдардағы
соғыс Амасьедегі бітім шартымен аяқталды. Грузия, Батыс Армения
жəне арабтық Ирак — Түркия үлесіне, Шығыс Грузия мен шығыс
Армения жəне Əзербайжан — Сефевилік Иран үлесіне тиді.
1578 ж. Түркия Иранға қайтадан соғыс ашты. Ол соғыс 1590
жылға дейін созылды. Оның мақсаты — Закавказье мен Волга-
Каспий сауда жолын басып алу болды. Сефевилер
мемлекеті өте
қолайсыз Стамбул бітім шартына қол қоюға мəжбүр болды. Ол шарт
бойынша Түркия Шығыс Грузияны, Шығыс Арменияны, Күрдістан
мен Əзербайжанды жəне Луристанның /Батыс Иранда, орталығы –
Хоремабад қаласы/ біраз бөлігін алды. Түркия тарапынан тыным-
сыз төнген қауіп астананы Тебризден Казвинге көшіруге мəжбүр
етті.
Достарыңызбен бөлісу: