Мəдениет. Ерте орта ғасырларда корей мемлекеттерінде өте бай
мəдениет өмірге келді. Когуредегі сəулет жəне бейнелеу өнерінің өте
жоғары деңгейін археологиялық қазба материалдары дəлелдейді.
Жапон дерекнамалары IV ғасырдан бастап Пэкче мемлекетінің
Жапонияның рухани мəдениеті мен қолданбалы көркем өнерінің да-
муына зор ықпал еткенін хабарлайды. Кенчжу маңында табылған
археологиялық ескерткіштер арасында таза алтыннан жасалған
тəж, алтын моншақ, білезік, сақиналар, жібек мата қиындылары,
қару-жарақтар бар. Олар V ғасырда жасалған.
Үш патшалық кезіндегі Корея мəдениеті Қытайдың күшті ық-
палымен дамыды. Кореяға конфуциандық пен буддизмнің енуімен
тек қытай əдебиеті ғана тарап қойған жоқ, сонымен қатар кəріс
авторларының қытай тіліндегі шығармалары жазылды.
IV ғасырдың аяғында Когуре мен Пэкчеде Қытай үлгісімен
жылнамалар жазыла бастады. 545 жылы Силла тарихшылары өз
мемлекетінің тарихын құрастырды. Жаратылыстану саласындағы
білімнің жетілуі нəтижесінде VII ғасырдың ортасында Силлада
астрономиялық обсерватория салынды. Оның қалдықтары Кенчжу
каласында əлі күнге дейін сақталған.
VII ғасырдың аяғындағы Сольчхон деген оқымыстының дəріс
сөздерін жазуға қытай иороглифтерін қолдануы біртұтас кəріс
тілін қалыптастыру жолындағы алғашқы қадам болды. Бұл «иду»
деп аталған жазу корей тіліне қытай діни кітаптарын аударуға ғана
емес, сондай-ақ халықтың ауызша қалыптасқан шығармашылық
мұраларын корей тілінде жазып шығуға мүмкіндік берді. VII—VIII
ғасырлардан сақталған көптеген сəулет жəне мүсін өнерлерінің
ескерткіштері буддаға табынушылық сарынында жасалғанымен,
ұлттық ерекшеліктерін де қамтыған.
VIII ғасырдың ортасындағы сəулет жəне мүсін өнерлерінің ең
көріктілері Силла мемлекетінің астанасында салынған Пульгукс пен
Соккурам храмдары. Қазірге дейін сақталған Пульгукс храмының
тастан жасалған баспалдақтары мен беті теңізге қарап тұрған
Будданың Соккурам храмындағы мүсіні Силладағы мүсіншілердің
тас қашаудағы асқан шеберліктерін көрсетеді. Қазірге дейін
сақталған Пондокс храмындағы XII ғасырдың ортасында жасалған
қола /бронза/ қоңырау тек қашау өнерінің ғана емес, сондай-ақ, бей-
нелеу өнерінің де жоғары дəрежеде дамығандығының куəсі. Бұл
алып қоңыраудың сыртында силландық ақсүйектердің рахат өмірі
асқан шеберлікпен тартымды бейнеленген.
Бірігу кезінде Корея Қытаймен байланысын нығайта түсті.
Силламен Қытай арасындағы сауда айырбасында өнер шығарма-
лары мен шіркеулік бұйымдар, кітаптар кең орын алды. Сондай-ақ
қытайлықтар мен кəрістер мəдениет саласында алыс-беріс, араласу,
бару-келу сияқты тікелей қатынастар да жасап тұрды.
682 жылы Силлада ашылған жоғары мемлекеттік мектепке
оқытушылар ретінде қытай оқымыстылары шақырылды. Көптеген
Силла ақсүйектері өз білімдерін Тан империясының астанасы
Чанъань қаласында тереңдете түсетін. Ондайлардың ішінде будда
монағы Хе Чжо мен IX ғасырдағы көрнекті оқымысты, əрі жазушы
Чхоэ Чхи Вон, т.б. болған. Ван Санак деген сазгер VI ғасырда «кая-
гым» деген музыкалық аспап жасады.
Ə д е б и е т т е р:
1. Васильев Л. С. История Востока: в 2 т. Т. 1.— М.: Высшая школа, 1998.— 427—428 бб. 2. История Востока. Т. 2. Восток в средние века.— М.: Восточная литература РАН, 1995.— 83—89 бб. 3. История Кореи (с древнейших времен до наших дней).— Сеул, 1995. 4. Очерк Корейской истории. Книга 1.— Пхеньян, 1992.