С. Ə. Тортаев орта ғасырлардағы азия жəне африка тарихы алматы 2009


§ 3. Ерте орта ғасырлардағы Корея



Pdf көрінісі
бет11/162
Дата06.01.2022
өлшемі7,49 Mb.
#14221
түріОқулық
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   162
Байланысты:
учебник Азия и Африка

§ 3. Ерте орта ғасырлардағы Корея
1. Таптардың қалыптасуы. Когуре, Пэкче мен Силлада 
    феодалдық мемлекеттердің құрылуы.
2. Корей мемлекеттерінің арасындағы күрес. Олардың 
    Қытаймен, Жапониямен соғыстары.
3. Силла басшылығымен Кореяның бірігуінен кейінгі 
    əлеуметтік-экономикалық дамуы.
4. Ерте орта ғасырлардағы Корей мəдениеті.
Жаңа дəуірдің I ғасырында Корей жарты аралын əртүрлі тайпа-
лар мекендеді. Ханган өзенінің солтүстігінде окчо, когуре, пуе, ло-
лан, емэк тайпалары тұрса, оңтүстігінде пэкче, махан, чинхан, саро, 
е, пенхан, т.б. тайпалар тұрды. Жарты арал тұрғындары мал ұстады, 
аңшылықпен, балық аулаумен айналысты. Дегенмен, ең негізгі 
шаруашылық түрі — егіншілік болды. Корейліктер тары, арпа, 
кендір өсірді. Оңтүстікте сонымен қатар күріш екті. Күріш өсіру 
суару жүйелерін салуды қажет етті. Ауыл шаруашылығында темір 
құрал-жабдықтар қолданылды. Жер өңдеп, егін егушілер өздері жіп 
иіруші де, өздері мата тоқып, киім тігуші де болды.
Алғашқы қауымдық құрылыс қоғамының қалдықтары қытайдың 
ықпалы күштірек сезілетін Солтүстік Кореяда тез қарқынмен жой-
ылды. Кореяның ежелгі замандардағы тарихы Қытай деректерінде 
кең орын алды. Бес рулық топқа бөлінген Амноккан (Ялу) өзенінің 
бассейінін мекендеген когуре тайпасының өмірінде қауымдық 
құрылыстың белгілері сақталғанымен, мүлік теңсіздігі пайда болған 
еді. Қауымдастық ішінде «тэга» деп аталатын байлар да болды. Олар 
өз туыстарын көрші қауымдарды жаулауға ұйымдастырып отырды. 
Мысалы, көрші окчо, емэк деген тайпалар когуре тайпасына тəуелді 
болып, егінмен, матамен, қымбат аң терілерімен, балықпен алым-
салық төлеп тұрды. Мұндай басқыншылық соғыстар когуре тайпа-
сының ішіндегі мүлік теңсіздігін күшейте түсті.
Ақсүйектер байыған үстіне баии түссе, соғыста кедейлер 
одан  сайын  кедейлене  түсті.  Сөйтіп,  олар  жеңілген  тайпалардың 
кедейлерімен бірге қаналушы, езілген тап — “хахо” қатарын толты-
рып отырды. Ал жеңілген жақтың көсемдері ақсүйектік жағдайын 
сақтап қалып отырды.
Когуредегі таптық қоғам ІІ—ІІІ ғасырларда қалыптасты. 
Астанасы алғаш Хвандо, кейін — Пхеньян (427 ж.) қалалары бол-
ды. Когуредегі мемлекеттің құрылуын тарихшылар 313 жылға 
жатқызады. Мемлекеттік аппаратты король басқарды. Ал əскери 
чиновник ақсүйектер атқаратын қызметінің маңыздылығына 
қарай 12 разрядқа бөлінетін. Жеке меншіктікті қорғайтын заңдар 
қабылданды. Ұрлық жасалса, ұрлаған мүлкінің құны 12 есе етіп 
қайтарылуға тиіс болды. Ал малға келтірген зияны үшін күнəһар 
құлға айналды.
IV—V ғасырларда Когуре мемлекеті Корей жарты аралының 
солтүстігіндегі үлкен кеңістікті алып жатты. Махан деген тайпаның 
құрамына кірген пэкче деген қауым III—IV ғасырларда көрші 
қауымдарды жаулап алып, Корей жарты аралының оңтүстік-
батысында, Ханган мен Кымган өзендерінің төменгі жағында 346 ж. 
өз мемлекетін құрды. Оның астанасы Хансон (қазіргі Кванджу), 538 


30
31
жылдан Сабури (Пуе) қалалары болды. Кейінірек, 356 ж. Оңтүстік 
Шығыста Силла мемлекеті құрылды. Бұл мемлекеттің негізін саро 
қауымы қалады. 
Сөйтіп, VI ғасырға қарай Корей жарты аралының кеңістігі 
үш  мемлекеттің  арасында  (Когуре,  Пэкче,  Силла)  бөлінді.  Бұл 
үшеуінің арасында біріншілік үшін күрес жүрді.Ол күрес сондай-ақ 
феодалдық қоғам дамуының талабына сай елді біріктіру мақсатын 
көздеді. Мемлекеттік ұйым жерге феодалдық меншікті бекітетін 
белсенді күш болды. Мемлекеттік аппарат шаруалардың қоғамдық 
жерлерін феодалдық меншікке айналдыруда күш көрсетіп отырды.
Шаруалар қауымдары мемлекет қарамағына немесе жекелеген 
феодалдарға басыбайлы бола бастады. Феодал-чиновниктердің мем-
лекеттен өзін «асырауға» алып отыратын округы «сикып» деп атал-
ды. Құлдардың жағдайына өзгерістер енгізілді. Оларды енді өлтіруге 
тыйым салынды. VI ғасырдың басында Силлада король өлгенде 
10 құлды бірге өлтіретін əдетке тыйым салатын ерекше жарлық 
шықты. Жарнамалар 558 жылы Силла əскер басшысы Садахам Кая 
қауымының көтерілісін басқан соң сыйлыққа алған 200 тұтқынды 
еркіне жіберіп, егінші-диқанға айналдырғанын хабарлайды.
Өз билігін нығайту үшін жергілікті аристократия қытайдың 
мемлекеттік билік түрін ғана емес, идеологиясын да қабылдады. 
Біздің эрамыздың I ғасырында Кореяда конфуциандық кең өріс 
алды. Ол бойынша кіші-үлкенге, қатардағы қоғам мүшесі — үкімет 
басшыларына сөзсіз бағынуы тиіс болды. Когуреде мемлекеттік чи-
новниктер дайындайтын арнаулы конфуциандық оқу орны ашыл-
ды.
Қытайдан Кореяға феодалдық базис пен қондырманың қалып-
тасуында үлкен рөл атқарған будда діні тарады. Когуредегі ең 
алғашқы будда монах уағызшылары 372 жылы пайда болды. 
Олар будда дінінің кітаптарын, будданың суретін əкелді. Бұл 
уағызшыларды  король  сарайы  жылы  шыраймен  қарсы  алды. 
Пхеньян маңында екі үлкен будда монастыры салына бастады.
384 жылы Пэкче королінің өтініші бойынша оның астанасына 
Оңтүстік Қытайдан будда уағызшылары жіберілді. Пэкче үкіметінің 
басшылары буддизмнің кеңінен тарауына қамқорлық жасап, будда 
дінбасыларына ірі жер үлестерін сыйға тартып отырды.
Силлада буддизм VI ғасырдың I жартысында — 528 жылдан бері 
тарай бастады. Бұл кезде мемлекеттік құрылыс негізінен аяқталған 
болатын. Силланың үкімет басшысы қытай үлгісі бойынша «Ван» /
король, князь/ атағын алды. Силла кеңістігі облыстар мен уез дерге


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет