С. Ə. Тортаев орта ғасырлардағы азия жəне африка тарихы алматы 2009



Pdf көрінісі
бет10/162
Дата06.01.2022
өлшемі7,49 Mb.
#14221
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   162
Мəдениет. V ғасырда Жапонияға иероглифтік жазу ене бастады. 
Ол Корея арқылы Қытайдан келді. Əдетте ол жазудың келуін 404 ж. 
Пэкче деген корея мемлекетінен Атика деген тəрбиешінің келуімен 
байланыстырады. Ол тайпалық одақ көсемінің мұрагерін тəрбиелеу 
үшін шақырылды. Келесі жылы Атиканың кеңесі бойынша Кореядан 
Вани деген оқымысты шақырылды. Ол өзімен бірге конфуциандық 
кітаптар ала келді. Сүйтіп Жапонияға иероглифтік жазу, кітаптық 
білім ене бастады.
Сауаттылықты əдетте монахтар таратты. Алғашқы жапонның 
буындық əліпбиі IX ғасырда жасалып, ол «Катакана» деп атал-
ды. Жапониядағы кітап басу ісін 770 жылға жатқызады. Оның өте 
қауырт дамуы XI ғасырдан басталды.
710—784 жылдар — жапон тарихнамасында Нара кезеңі деп ата-
лады. Себебі, бұл кезде Жапонияның астанасы Нара қаласы болды. 
Бұл кезең елдің материалдық жəне рухани байлықтарының гүлдене 
түсуімен сипатталады. Ең алдымен Нара қаласының салынуы соған 
дəлел. Бұл қала Қытайдың астанасы Чань-ань қаласының үлгісімен 
қытай құрылысшыларының басшылығымен салынды.
Нара қаласында 720 жылы салынған Тодайдзи монастырында 
«Дайбуцу» немесе «үлкен Будда» деп аталатын биіктігі 16 м. қола 
мүсін тұрғызылды. Астана маңында 607 жылы тұрғызылған алты 
қабат Хорюдзи монастыры болды. Ол тек сыртынан ғана əдемі, 
таңғажайып болған жоқ, ішкі суреттері де көргенді таңдандырады.
Нара қаласының сарайлары мен храмдарында жапон, корей, 
қытай шеберлерінің алтыннан, күмістен, қоладан жасаған əсем 
бұйымдары сақталды.


28
29
Жапонияда алғашқы тарихнамалар пайда болды: 710 жылы 
«Кодзики» (ежелгі тарих), 720 жылы «Нихонги» (жапон анналда-
ры) жазылды. Бұл шығармаларда ежелгі мифтер, ертегілер, тари-
хи мұралар, жылнамалар жиналған. Сарай маңындағы ақсүйектер 
қатарынан шыққан бұл шығармалардың авторлары император 
билігінің құдайдан тарайтынын уағыздады.
VIII ғасырдың екінші жартысында «Маньесю» (мириад гүлде-
рінің  жиынтығы)  жинағы  өмірге  келді.  Ол  жапонның  халық 
өлеңдерімен гүлдене бастаған əдеби поэзияның алғашқы жинағы 
еді. Жапонияның көрнекті ақындары Хитомара мен Якомоти бол-
ды.  Хитомара  əсерлі  элегиялардың  авторы  болса,  Якомоти  ма-
хаббат жайлы лириканың көрнекті өкілі болды. Сондай-ақ, жапон 
əдебиетінде ақын Окура айтарлықтай із қалдырды. Оның өлеңде-
рінде феодалдар езгісінен қалжыраған халықтың ащы тағдыры 
көрініс тапты.
Сөйтіп, VIII ғасырдың аяғына қарай Жапонияда феодалдық 
қоғам орнығып, мəдениеті гүлдене түсті.
Ə д е б и е т т е р:
1. Васильев Л. С. История Востока. В 2-х т. Т. 1.— М., 1998.—  
433—438 бб.
2. История Востока. В 6 т. Т. II — Восток в средние века.— М.: 
Восточная литература РАН, 1995.— 90—93, 180—192 бб.
3. История Японии. В 2-х т.— М.: ИВ РАН, 1999.
4.  Кузнецов  Ю.  Д.,  Навлицкая  Г.  Б.,  Сырицын  И.  М.  История 
Японии.— М., 1998.— 13—71 бб.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет