34
35
феодалдық міндеткерлікті өтеуге күшпен мұқтаждап отыру үшін
елді басқаратын əскери-əкімшілік аппарат құрылды. Барлық ел
аумағы 9 əкімшілік облысқа /чжу/ бөлінді де облыс əкімдерін ко-
роль тағайындады. Əкім облыстағы əскердің де басшысы болды.
Силла мемлекетінің астанасы Кенчжу қаласында 170 мыңға жуық
үй болды.
Астана байларының үйлері сəнді де салтанатты болатын. Үйле-
рінің төбесіндегі черепицалары алтынмен апталатын. Астанада
үстем таптар мұқтаждығын өтейтін қолынан өнер тамған шеберлер
тұратын.
Силла мемлекеті сыртқы саудамен қызу айналысты.
Достарыңызбен бөлісу: