342
343
теңізіндегі саудада үлкен маңызы бар Кипрдің тəуелсіздігін
сақтап
қалу үшін Венеция, Австрия, Испания, Генуя, тағы басқа мемлекет-
тер Түркияға қарсы одаққа бірікті.
Шешуші шайқас 1571 жылғы 7 қазанда Лепанто қаласында /
Патраикос шығанағында/ болды. Одақтастар жағынан 207 гале-
ра, 6 галеас қатысты. Оны Испания королі ІІ-Филипптің інісі Хуан
Австрийский басқарса, түріктердің 210 галерасы мен 66 галио-
тын Али-паша Муэдинзаде басқарды. Түрік
флоты бұл шайқаста
талқандалды: 224 кемесінен айырылды. Оның 117-ін одақтастар
қолға түсірді. Одақтастар 15 галерасынан айрылды. Бірақ бұл
шайқас соғыс барысына əсер ете алмады. Одақтастар арасындағы
алауыздықты түріктер орынды пайдалана білді. Олар тез жаңа флот
құрып, соғысты табысты аяқтап шықты. 1573 жылғы
бейбіт бітімі
бойынша Венеция Кипрді Туркияға беріп тынды. ХVІ ғасырдың
екінші жартысындағы соғыстар Түркияны айтарлықтай əлсіретіп
тастады.
ХVІ ғасырдың аяғынан бастап османдардың жаулап алуы
аяқталды. Олжаның түсуі тоқтағаннан
кейін сұлтан қазынасы-
ның табысы кеміп кетті. Салықтар мен міндеткерліктер өсті.
Əскери-феодалдар əскердегі қызметі үшін алған иеліктерін өзінің
жеке меншігіне айналдыра бастады. Олардың көпшілігі жорыққа
қатысудан жалтарды. Армияның саны кеміді. Сөйтіп, ХVІ ғасырдың
аяғынан Осман империясының құлдырауы басталды.
Достарыңызбен бөлісу: