С. Ə. Тортаев орта ғасырлардағы азия жəне африка тарихы алматы 2009



Pdf көрінісі
бет32/162
Дата06.01.2022
өлшемі7,49 Mb.
#14221
түріОқулық
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   162
VІІ—ІХ ғғ. араб халифаты
Арабтарға карсы ірі көтерілістер аудандары: 1. Берберлер көтерілісі 
(VIІ ғ. аяғы — VІІІ ғ. басы); 2. Муканна көтерілісі (776—783 жж.); 
3. Бабек көтерілісі (816—837 жж.); 4. Зинджалар көтерілісі (869—883).
Араб халифатының шекарасы (шамамен): 5. мемлекеттің 632 ж. 
шекарасы; 6. халифаттың 661 ж. шекарасы; 7. омейядтар халифтары 
жаулап алған жерлер; 8. аббасид халифтары кезінде жаулап алынған 
жерлер; 9. жаулап алушылық жорықтарының негізгі бағыттары; 
10. астаналар.


84
85
Арабтардың жеке топтары біздің заманымызға дейін-ақ көршілес 
Палестина, Сирия елдеріне қоныс аударып, тіпті Иорданияда 
арабтардың Гассанид патшалығы да құрылған болатын. ІV ғасырға 
қарай Месопотамия мен Сирия шекарасында Лахмидтер əулеті 
басқарған араб патшалығы құрылды. Ол VІІ ғасырдың басына дейін 
сасанидтік Иранға вассалдық тəуелділікте болды. 
Біздің заманымызға дейінгі І ғасырда арабтар Египетке де қоныс 
аударды. Мысалы, Копт қаласындағы тұрғындардың жар-тысына 
жуығы арабтар болды. Бұл жағдай кейін араб жаулап алушылығын 
жеңілдетті. 
Шонжар арабтар көршілес бай елдерді — Сирияны, Египетті, 
Иранды жаулап алуды аңсады. Бұл жерлерден бағалы олжа, жер, мал 
басып алуға болатын еді. Бұл елдердің байлығына қызықтырып, өз 
кедей-кепшіктерін жорыққа əкетуге тырысты. Соғысты ойдағыдай 
жүргізу үшін бүкіл араб тайпаларын біріктіру керек болды.
Бірігуге араб көпестері де ынталы болды. Өйткені VІІ ғасырдың 
басында Аравияның оңтүстік бөлігі мен Қызыл теңізге шығатын 
жолды Иран басып алды, ал Аравияның солтүстігінде Византия 
үстемдік етті. Сауда барған сайын нашарлай берді. Көпес керуендері 
Қызыл теңіз жағасына сирек келетін болды. Сондықтан да бай 
көпестер бұрынғы сауда жолдарын қалпына келтіру жəне жаңа 
жолдар басып алу үшін араб халықтарын біріктіріп, жорыққа 
аттандыруға мүдделі болды.
Араб тайпаларын біріктіріп, көршілес бай елдерді басып алу 
үшін шонжарлар жаңа дінді — ислам дінін пайдаланды. Ол дінннің 
негізін Мұхаммед пайғамбар қалады.
Мұхаммед пайғамбар 570 (571) — 632 жылдары өмір сүрген. Ол 
Меккеде үстемдік құрған корейшиттердің кедейленген отбасында 
өмірге келген. Əкесінің аты — Абдулла, анасының аты — Əмина. 
Ана құрсағында пайда болғанына жеті ай толғанда əкесі дүние са-
лады. Мұхаммед пайғамбар туғанда күн шықпай тұрып-ақ оның 
жүзіне рисалат нұры құйылған (жамандықтан айырылтушы сəуле) 
делінеді. 
Төрт жасына дейін сүтанасы Халиманың бауырында болды. 
Содан соң өз үйіне табыс етілді. Алты жасында туған анасы Əмина 
дүние салды. Енді оны атасы Абдулмүтəлип қолына алды. Бірақ 
анасы қайтыс болғаннан кейінгі екі жылдан соң, сегіз жасқа келген-
де атасы да дүниеден өтті. Бұл жолы ол немере ағасы Əбутəліптің 
жанында қалды. 
Жиырма бес жасында Хұбайлид қызы Хадиша-Кубраға (Аллаға 
сыйынушылар анасы) үйленеді. Хадиша анамыз Мұхаммедтен 15 
жас үлкен болған. Мұхаммед пайғамбар Хадишамен жиырма бес 
жыл өмір сүрген. Алла тағала Мұхаммед пайғамбарға құранды — 
мұсылмандардың қасиетті кітабын — ол қырық жасқа келгенде 
жібере бастады делінеді.
Мұхаммед пайғамбарға Алла тағала атынан Кəрімнің уағыздарын 
біртіндеп төбе періштелерінің бірі Жəбірейіл Ғалайһи уəссəлам əкеліп 
тұрған деп, құран 23 жыл ішінде түсіп болған деп есептеледі. Құранда 
114 сүре бар. Ол сүрелер меккелік жəне мединелік болып екіге бөлінеді. 
Меккелік сүрелердің саны — 90, ал мединелік сүрелердің саны — 24. 
Сүрелер аяттардан тұрады. Аяттар (өлеңді сөз жолдары) саны əрқай-
сысында əр түрлі. Мысалы, «Фатиха» деп аталатын бастаушы сүреде 
жеті аят болса, ең ұзақ екінші сүре «Бахарада» 286 аят бар.
«Мұхаммед пайғамбарымыздың тірі кезінде Алла тағаланың сөзі 
қағаз бетіне түспей, ауызша тараған. Алланың сөздерін жатқа білетін 
мұсылмандарды «қари» деп атаған. Алайда, Мұхаммед пайғамбар 
қайтыс болғаннан кейін қасиетті сөздердің жоғалып кету каупі төнеді. 
Сондықтан Əбу Бəкір халиф Мұхаммед пайғамбардың  хатшысы  
болған Зəид ибн Сəбитке Алла тағаланың сөзін жинап, кітап етіп 
құрастыруды аманаттайды. Үшінші Халиф тұсында Зəид ибн Сəбит 
көмекшілерімен бірге Құранды төрт дана кітап етіп жазып шығады. 
Осман Халиф бұл төрт дана кітапты заңды Құран деп жариялап, 
Медине, Димашық, Куфа, Басыра қалаларында сақтауға əмір етеді»
1
.
Өз уағызын 610 жылы бастаған Мұхаммед пайғамбар 622 жылы 
Ясрибке (Медине) қоныс аударуға мəжбүр болды. Осы жыл — 622 
жыл — мұсылмандардың бірінші жылы болып саналады. Бұл «хиж-
ра», яғни «көшу» жылы деп аталады. Ясриб сол жылдан бері Медина 
— «пайғамбар қаласы» деп аталады.
Айша — Мұхаммед пайғамбардың сүйікті əйелі. Оған тоғыз 
жасында үйленген. Мұхаммед пайғамбардың төрт қызы болды: 
Зейнеп, Рұқия (Ұрқия), Үмму Күлсім, Фатима (Аллаға сыйынушы-
лар сүйіктісі). Үш ұлы болды: Ибраһим, Қасым, Абдулла. Мұхаммед 
пайғамбардың уағыздаған діні ислам деп аталады. Ислам деген 
сөз құдайға құлшылық дегенді білдіреді. Ол дінді ұстанушылар 
мүсілімдер, мұсылмандар деп аталады.
Мұхаммед пайғамбар арабтарды бір ғана құдайға табынуға
өзара жауласуды тоқтатуға, бірігуге шақырды. 630- жыл шамасын-
да араб тайпаларының көпшілігі ислам дінін қабылдады, Мұхаммед 
өкіметін мойындады. Мекке мұсылман дінінің орталығына, бүкіл 
мұсылмандардың  «қасиетті»  қаласына  айналды.  Мұхаммед  мем-
1
Дұға. Құрастырған Қ.Ламашəріпов. Алматы. 1991, 7-бет.
 


86
87
лекет пен мұсылман мешітінің басқарушысы болды. Мұхаммед 
өлгеннен (632) кейін көп ұзамай, мұсылмандар бүкіл Аравияны өзде-
ріне бағындырып алды. Араб мемлекетін «халифтар» («пайғамбардың 
орынбасары») басқарды. Арабтар Византия мен Иранға шабуыл 
жасады. Ол елдердің көптеген қалалары жаулаушыларға ұрыссыз 
бе-рілді. Арабтар 636 жылы Ярмуктегі шайқастан кейін Византия-
ның аса бай провинциялары — Сирия мен Египетті — басып 
алып, 637—651 жылдары Иранды жаулап алды. Араб əскерлері 
Константинопольді бірнеше рет қоршап, шабуылдағанымен, оны 
ала алмады.
Мұхаммедтің үшінші мирасқоры халиф Осман (644—656) өте 
кəрі шал еді. Ол Мекке ақсүйектерінің өкілі болатын. Оны Сирия 
арабтары да қолдайтын. Сирияның əкімі — Муавия əмір оның жақын 
туысы болатын. Мединеліктер жек көретін кəрі халиф Османды 
қастандық жасаушылар (656) өлтірді. Оның орнына Мұхаммедтің 
күйеу баласы Əлі халиф болды (Фатиманың күйеуі). 661 жылы ол 
да қастандықшылар қолынан қаза тапты. Енді Муавия өзін халиф 
деп жариялады. Бірақ ол халифатты Меккеге де, Мединеге де бар-
май, Дамаскіден басқара берді. Сөйтіп, араб халифатының жаңа 
тарихи кезеңі басталды. Арабтардың саяси өмірінің орталығы араб 
қалаларынан Сирия қалаларына ауысты.
Дамаск халифаты 661 жылдан 750 жылға дейін өмір сүрді. Бұл 
тоқсан  жылдық  билік  Омеядтар  халифаты  деп  аталды.  Бұл  кез-
де  халифаттың  иелігі  орасан  зор  ұлғайды.  VІІІ  ғасырдың  басына 
қарай бүкіл Солтүстік Африка жаулап алынды. 711 жылы арабтар 
Гибралтар бұғазы арқылы вестготтардың əлсіреп қалған мемлекеті 
орналасқан Пириней түбегіне өтті.
Олар бірнеше жылдың ішінде Испанияны түгелдей дерлік жау-
лап алды. Оның тек солтүстік таулы бөлігінің тұрғындары ғана 
бағынбай, күресе берді. Одан соң арабтың атты əскері Пириней тау-
ларын басып өтіп, франктер корольдігіне бас салды. Бірақ Пуатье 
түбінде болған 732 жылғы жойқын соғыста франктер арабтарды 
жеңіп, оларды оңтүстікке ығыстырып тастады.
750—754 жылға дейін Абул-Аббас тақта отырды. Ол 1055 жылға 
дейін билік құрған аббаситтер əулетінің негізін қалады. Жаңа 
халифаттың  астанасы  Бағдад  қаласы  болды.  Оны  768  жылдан  ба-
стап халиф Мансұр (754—775) тұрғызды.
Осы аббасидтер тұсында Араб мемлекеті өзінің шырқау шегіне 
жетті. Араб мемлекетінің гүлденуіне зор еңбек сіңірген халифтер: 
Мансұр (754—755), Харун-ар-Рашид (786—809), Аль-Мамун (813—
833), Мұтадид (892—902) болды. Мұтадидтен кейін халифаттың 
кұлдырауы басталады. Халифаттағы барлық жер əуелде халифтың 
меншігі болып есептелді. Ол елді наместниктері арқылы басқарды. 
Наместник өзі қызмет атқаратын мерзіміне қарай пайдалануға жер 
алып  отырды.  Халықтан  жиналған  салықтардың  есебінен  ол  чи-
новниктер мен əскер ұстады. Бертін келе халиф жердің бір бөлігін 
шонжарлардың тұрақты иемденуіне берді. Шығыс елдерінде 
егіншілікпен суармалы жерлерде ғана шұғылдануға болатын еді. 
«Сусыз жер — өлі жер»,— дейді араб мақалы. Үлкен суландыру 
құрылыстары салынды. 
Халифатта тұтқындар еңбегі де кеңінен пайдаланылды: олар кен 
қазу жұмыстарында істеді, батпақтарды құрғатты, каналдар сал-
ды. Құлдар шонжарлардың үйлерінде малай, халифті қорғайтын 
жасақшы болды, бірақ еңбекшілер бұқарасының басым көпшілігі 
құлдар емес, тəуелді шаруалар еді. Халиф өз əскер басыларымен 
ерекше еңбек сіңірген қызметкерлеріне жер үлестіріп беріп отыр-
ды. ол үлес «ихта» деп аталды. Ихта үшін оның иесі салық төлейтін 
болса, Омар халиф (634—644) ол иелікті игеруді міндеттеді. Егер 
бос жатса, үкімет қайта алып қоятын болды. Бұқара халық ұшыр 
(құшыр), зекет, харадж (қалан) т.б. салықтар төледі. Ұшыр — жан 
басынан жиналатын жер салығы. Ислам дініне енбеген халықтар 
жизья деген ақшалай салық төледі. Егер мұсылман болса, бұл са-
лықтан босатылды. Харадж деген егін салығы. Ол жиналған өнімнің 
үштен бірін құрайтын. Зекет — шариғатқа негізделген, мешіт үшін 
салынатын мал салығы. 
Жаулап алынған елдердің тұрғын халқына қару асынуға рұқсат 
етілмеді. Олар өздерінің киген киімдерімен де арабтарға ұқсамауға 
тиісті  болатын.  Жаулап  алушылар  мұсылман  емес  халықтардың 
бəріне қосымша салықтар салды жəне өз əскерлерін азық-түлікпен 
қамтамасыз етуді міндеттеді. 
VІІІ—ІХ ғасырларда жаулап алынған жерлерде арабтарға 
қарсы халық көтерілістерінің толқыны етек алды. 776 жылы Орта 
Азиядағы Мары қаласы маңында Хашим-ибн-Хаким басқарған 
көтеріліс болды. Оны халық Муканна деп атап кеткен. Ол көтеріліске 
қатысушылар маздакидтер ықпалында болып, дүние мүлік теңдігін 
талап етті. 
816 жылы Əзербайжанда көтеріліс басталды. Оны Бабек бас-
қарды. Көтерілісшілер халифтың алты армиясын талқандады. 
Көтеріліс Əзербайжаннан Армения мен Иранға ауысты. Араб 
тарихшысының айтуынша, халифат астанасын «қатты үрей 
мен қорқыныш басты». Бабектің басы үшін орасан зор сыйлық 


88
89
белгіленді. Бабектің өзіне де егер берілетін болса, кешірім жаса-
лады деп уəде етілді. Бұған: «40 жыл бейшара, құл болғанша, бір 
күнгі бас бостандығым артық» деген тəккаппар жауап қайтарылды. 
Сөйтіп, көтеріліс 20 жылдан соң əрең басылды. Бабек өлтірілді. 
Халиф көтеріліс жасаушыларға қарсы өзінің негізгі əскерін жіберді. 
Жақсы қаруланған əскер көтерісшілерді талқандады. Бабек баспана 
сұраған жергілікті тұрғындардың бірі оны халифке ұстап берді. Ол 
837 жылы азаптап өлтірілді. Халифаттың басқа аймақтарында да 
қуатты көтерілістер болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет