82
83
§ 9. Араб халифатындағы феодалдық
қатынастардың қалыптасуы
1. Мұсылмандыққа дейінгі Аравия.
2. Ислам дінінің қалыптасуы.
3. Арабтардың тақуа халифтар кезіндегі жаулап
алушылықтары.
4. Омейядтар мен аббастар халифаттары.
5.
Халифаттың ыдырауы.
6.
Арабтар мəдениеті.
Ұлан-ғайыр Аравия түбегінің көлемі 3 млн. км
2
. Ол шөл дала,
құмды жер. Теңіз жағалаулары ғана егіншілікке жарамды. VІ ғасырда
арабтар 1) көшпелі мал шаруашылығымен айналысушыларға жəне
2) отырықшы диқандарға бөлінетін, оның ішінде араб қоғамының
басым көпшілігі мал бағатын көшпелілер болатын. Олар
бедуиндер
деп аталатын. Малдан жылқы, қой, ешкі, түйе өсірілетін.
Шонжар
бедуиндердің қора-қора малы, үйір-үйір асыл тұқымды жылқылары
болды. Əр тайпада түк малы жоқ, тақыр кедейлер де жеткілікті еді.
Олар көбінесе кесіртке мен жабайы құрманы қорек етті. Тайпалар
руға бөлінетін. Рудың бақуатты отбасылары кедей туысқандарына
қарайласуы керек болды. «Қанға-қан» деген кек алу дəстүрі болды.
Тайпа
басшысы шейх, ру басшысы — саидтар өз қалауы бойынша
басқарды (барлық мəселені өзі шешетін).
Қолөнері, егіншілгі Аравияның оңтүстік-батысында — Иеменде
жақсы дамыды. Иеменнің ертерек
дамуына оның сауда жолында
делдалдық рөл атқаруы əсер етті. Ол Египет пен Палестинаның,
Сирияның арасында, ал ІІ ғасырдан бастап бүкіл Жерорта теңізінде
делдалдық рөл атқарды.
Үндістаннан теңіз арқылы əкелінген тауарлар Иеменде түсіріліп,
түйелерге артылып,
Палестина, Сирия арқылы Батыс Еуропа
елдеріне дейін жетіп жататын.
Аравияның батысындағы Хиджаз облысында Иеменнен Сирияға
баратын жолда үлкен сауда-саттық қаласы — Мекке орналасты.
Оның көпестері көрші елдерге жылына бірнеше рет үлкен
керуендер
жабдықтап жіберіп отырды. Меккенің орталық алаңында куб тəріздес
Кааба мешіті болды. Оның төрінде қасиетті «қара тас» тұрды, ал ай-
наласында араб тайпаларының құдайларының мүсіндері қойылған
болатын. Əр тайпа өз құдайына құлшылық етті. Бұл арабтар ара-
сында алауыздықты күшейте түсті. Каабаның маңында жанжалға,
айтыстартысқа, ұрыс-керістерге қатаң тыйым салынды.
V—VІ ғасырларда арабтар елінде алғашқы қауымдық құрылыс-
пен қатар, құлдық қоғам да орын алды.
Бірақ құл иеленушілік
қатынас дамып, жетілмеді. Алғашқы қауымдық құрылыс негізінде
феодалдық қатынастар да қалыптаса бастады.
Достарыңызбен бөлісу: