Мəдениет. IX ғасырда Жапонияда өз жазуы қалыптасты. Ұлттық
жазудың қалыптасуы көркем əдебиеттің, əсіресе лирикалық поэзия
мен прозаның дамуына кең жол ашты. 925 ж. IX—X ғасырлардағы
ақын жазушылардың таңдаулы шығармаларының жинағы –
«Кокинсю» жарық көрді. Өлеңнің ішінде 31 буыннан тұратын «тан-
ка» деп аталған түрі кең тарады.
X—XII ғасырдың аяғында Жапон поэзиясында екі ағым
байқалды:
— өлеңдер жинақтарын құрастыру;
— поэзия түрін бекіту. 951 ж. сарайда «Вакадокоро» деген жа-
пон поэзиясының ведомствосы құрылды. Оның мақсаты жоғарыда
аталған бағыттарды қолдап, жүзеге асыру болды.
X—XI ғасырларда Вакадокороның басшылығымен көптеген
өлеңдер жинағы жарық көрді. Олардың бірі «Гэндзи моногатари»
(«Гэндзи туралы повесть») болды. Бұл X—XI ғасырлардағы жапон
классикалық əдебиетінің жоғарғы шыңы еді. Оның авторы Мурасаки
Сикибу (978—1016) деген император сарайының фрейлинасы бола-
тын. X—XI ғасырлар аралығында дзуйхицу (эссе) жанрындағы ең
алғашқы шығарма «Макура но соси» («Жастық астындағы жазба-
лар») жазылды. Оның авторы да Сэй Сёнагон (966— ?) деген əйел
болатын.
XII—XIV ғасырларда өзара қақтығыстар мен саяси биліктің əс-
кери күштер қолына көшуі кезінде мəдениеттің жаңа салалары өмір-
ге келді. Əсіресе рыцарлар өмірін баяндайтын эпикалық əңгімелер
кең тарады. Мұндай əңгімелерден үлкен жинақ құрастырылды.
Сондай жинақтың бірі «Хэйке — Моногатари» /Тайра туралы по-
весть/. Онда Тайраның Жапонияны гүлдендіру үшін күресі баян-
далады. XIV ғасырда кезбе жыраулар айтатын «Сеген», «По» деген
сахналық өнер түрлері қалыптасты. Пьесаларды будда шіркеуі дінді
насихаттау үшін шебер пайдаланып отырды. Сонымен бірге пьеса-
ларда батырлық пен адалдық кеңінен насихатталды.
Сондай-ақ сəулет өнері де кең қанат жайды. Ою-өрнектермен
безендірілген, бірнеше қабатты пагода — храмдар, даймелердің
үйлері мен князьдер сарайлары салынды.
Ə д е б и е т т е р:
1. История Японии. В 2-х т.— М., ИВ РАН, 1999. 2. Мендрик В. М. История Сёгуната в Японии (Нихон гайси).— М.: СПб, 1999. В 2-х т. 3. Хироаки Сато. Самураи. История и легенды.— Евразия, 1999.