138
139
1022 жылдан ағаштан, 1232 жылдан металдан жасалған шрифтер
қолданыла бастады. 1403 жылы сөз құю қалыптары жасалды. Білім
беру ісін кеңейту шаралары жүзеге асырылды. Ол істі қытайдың
философия, саясат, экономика жəне тарих жөніндегі кітаптарынан
рухтанған кəріс оқымыстылары — конфуциандықтар басқарды.
Мəдениеттің дамуына 1403 жылы жасалған «сөз құю» қалыптары
зор үлес қосты.
Корей халқының мəдени өміріндегі ең маңызды оқиға — онмун
/қарапайым халық жазуы/ деп аталған ұлттық алфавиттің жасалуы
болды. Ол алфавит 1446 жылы ресми құжатта жарияланды.
Ұлттық
алфавиттің жасалуына байланысты ағарту ісі қанат жайып,
ұлттық
тілдегі əдебиет дамыды.
Корольдің конфуциандық кеңесшілері қарапайым халық тіліндегі
жазуды кеңінен қолдануға қарсы болды. Сол
себепті мемлекеттік
құжаттар мен барлық саяси, экономикалық жəне философиялық
əдебиеттің тілі ретінде қытай тілі қалып қойды. Астрономия мен
календарлық есепке үлкен көңіл бөлінді. Жұлдыздардың ор-
нын анықтайтын жаңа астраномиялық құралдар жасалды. Жаңа
метеорологиялық аспаптар ойлап табылды. Жердің ылғалдылығын
өлшейтін аспап барлық мекемелерде болуы керек деп міндеттелді.
ХV ғасырдың ортасында кəріс оқымыстылары «Нонса чиксоль»
(«Жер өңдеу кітабы») деген кітап жазды. 1451 ж. Ян Сон Джи жəне
басқалар Корёның тарихи-географиялық сипаттамасын жазып,
картасын жасады. Медицина саласында да біраз табыстарға қол
жетті. 1432 ж. «Хянъяк чипсонбан» (дəрі жасау) деген фармакопея
құрастыру аяқталса, 1445 ж. «Ыйбан юхчви» деген медициналық
энциклопедия баспадан шықты.
ХІY ғасырдың аяғында Хансонда Кёнбоккун сарайы салынды.
Кəріс музыкасының дамуына ХV ғасырда өмір сүрген
Пак Ен көп
үлес қосты. Ол ең алғашқы музыка мектебін ашты. 1493 ж. Сон
Хён басқарған топ «Акхак квебом» («Музыка білімінің негіздері»)
деген кəріс музыкалық энциклопедиясын құрастырды. ХІV—ХV
ғасырда «камёнгык» деген маскалар театры мен «инхёнгык» деген
қуыршақтар театры құрылды.
Сөйтіп, дамыған орта ғасырларда Корё мəдениеті ішкі — сыртқы
қиыншылықтарға қарамастан елеулі табыстарға қол жеткізді.
Ə д е б и е т т е р:
1. История Кореи (с древнейших времен до наших дней).— Сеул,
1995.
2. Очерк Корейской истории. Книга 1.— Пхенъян, 1992.
3. История Востока. Т. 2: Восток в средние века.— М.: Восточная
литература РАН, 1995.— 174—180 бб.
4. Васильев Л. С. История Востока: В 2 т. Т. 1.— М.: Высшая
школа, 1998.— 430—431 бб.
Достарыңызбен бөлісу: