148
149
ХI ғасырдың екiншi жартысынан бастап Дайвьет өкiметi белсендi
сыртқы саясат жүргiздi: солтүстiктегi
тай жəне
нунг тайпаларын
қосып алу басталды. ХI ғасырдың ортасында Дайвьет əскерi Тямпаға
бiрнеше жорық жасап, оның үш облысын басып алды.
Орталық өкiметтiң билiгiн таулы облыстарға орнату əрекетi
жергiлiктi тайпалардың қарсылығына тап болып отырды. 1013
ж. Туйенкуанг провинциясында Ли əулетiне қарсы бүлiк шықты.
Əсiресе Каобанг провинциясында Нунг-чи-Као басқарған азаттық
қозғалысы күштi болды. Ол қозғалыс 1038 жылдан 1048 жылға дейiн
созылды. Көтерiлiсшiлер өздерiнiң тəуелсiз мемлекетiн құрды. Бiрақ
көтерiлiс басып тасталды. 1058 ж. Дайвьет əскерi Чампа əскерiнiң, ал
1075 жəне 1076 жылдары Қытай əскерiнiң шабуылдарына тойтарыс
бердi.
1181 ж. елде қатты ашаршылық болды, барлық халықтың жарты-
сына жуығы қырылып кеттi. 1188, 1192 жылдары шаруалар көтерiлiсi
болды.
Осындай экономикалық дағдарыс нəтижесiнде 1225 ж. сарай
төңкерiсi болып, билiк Чан əулетiнiң қолына көштi. Ол əулет 1400
жылға дейiн билiк құрды.
Жаңа əулет елдi 12 провинцияға бөлдi. Шенеунiктiк қызметке ар-
наулы конкурстық емтиханнан өткендер қабылданды. Егiстiк жер
қайта есепке алынып, корольдiң, шенеунiктердiң, қауымның жəне
жеке отбасыларының жерлерi болып төрт категорияға бөлiндi. Ха-
лық санағы алынып, оның нəтижесiнде жан басы салығы енгiзiлдi.
Оның мөлшерi жер үлесiнiң көлемiне байланысты болды. Үлесiнiң
көлемi 1 маудан (1 мау=3600 кв.м.) аз адамдар бұл салықтан боса-
тылды.
1257 ж. Уриянгидай басқарған Моңғол əскерi Дайвьет шекара-
сына келiп, Сун армиясын айналып өтуге жол берудi талап еттi.
Дайвьеттiктер бұл талапты орындаудан бас тартқан соң моңғол
əскерi астананы басып алып, талан-таражға салды. Бiрақ вьеттiктер
күш жинап, моңғол əскерiн елден кетуге мəжбүр еттi.
Қытайды толық жаулап алғаннан кейiн
моңғолдар Дайвьетке
шабуылын қайта жалғастырды. 1284 жылдың аяғында моңғолдар
əскерi Тханглонгке келiп кiрдi. Моңғол əскерiнiң қолбасшысы Омар
оңтүстiктен келе жатқан Согату басқарған əскермен қосылуға бет
алды.
Шет елдiк жарты миллиондық əскерге Чан-Хынг-Дао басқарған
200 мыңдық əскер қарсы тұрды. Əскерге барлық халық көмекке кел-
дi. Бiр шайқаста моңғол əскерiнiң оңтүстiк тобын басқарған Согату
қаза тапты. Құбылай Тоқан басқарған əскердi көмекке жiбердi. Бi-
рақ ол əскер де Ванкьеп ауданында жеңiлiс тауып, Дайвьеттi тастап
шықты.
1287 жылы Тоқан басқарған 300 мыңдық Моңғол-Қытай əскерi
Хонгха алқабына басып кiрдi. Чан Хынг Дао басқарған вьеттiк
əскер
қулықпен тағы да жеңiске жетiп, Тоқанды 400 кемесiмен қоса
тұтқынға алды. Осы жеңiлiстен кейiн моңғолдар Дайвьетке шабу-
ылдарын доғарды.
Моңғол-Қытай шапқыншылығы Дайвьеттiң экономикасына
орны толмас зиян келтiрдi. Ауылда жұмыс қолы жетiспедi, суару
жүйелерi тозды, күрiш егiстiктерi қаңсып қалды. Оның үстiне ХIII
ғасырдың аяғында елдi табиғи апаттар қалжыратты. XIV ғасырдың
басында вуа (король) Чан Ань Тонг Тьямпамен (Чампа) келiсiм бой-
ынша О жəне Ри облыстарын күйеу баласынан сыйлық ретiнде алған
едi. Ол облыстардың халқы Дайвьетке қарсы көтерiлiс жасады. 1311
ж. Тьямпамен соғыс басталды. Ол соғыс 1318 жəне 1326 жылдары
жалғасты.
XIV ғасырдың 30- жылдары тау халықтарымен жəне лаостық-
тармен соғыс жүргiзiлдi.
Чан Зу Тон (1341—1369) билiк
құрған кезде өкiмет басына
қарапайым халықты тонаушы, парақор, сатқын шенеунiктер келдi.
Оларға деген наразылық көтерiлiстердi жиiлетiп, елдiң экономика-
сын титықтатты. 1369 ж. Тьямпа королi Тебоннгтың əскерi Дайвь-
еттiң астанасы Тханглаунгқа дейiн жеттi. Бiрақ чамдар (Тьямпа
халқы солай аталады) Дайвьеттi ұстап тұра алмай, кетуге мəжбүр
болды.
Осындай дағдарыс жағдайында 1371 ж. елдегi өкiмет билiгi
iрi ақсүйектер өкiлi Хо-Кюи-Лидiң қолына көштi. Ол реформа-
лар арқылы орталық өкiмет билiгiн нығайтып, вьет мемлекетiнiң
бұрынғы қуаттылығын қалпына келтiруге тырысты.
1372 ж. əкiмшiлiк аппаратында тазарту қолға алынып, халық
санағы жүргiзiлдi. Астанадан провинцияларға наместниктер, əскери
губернаторлар мен құпия бақылаушылар жiберiлдi.
Конфуциандықтың ығыстыруымен буддалық дiн өз ықпалынан
айырыла бастаған болатын. Сол себептi буддалық дiнбасыларының
жер иелiктерiн қысқарту басталды. 1396 жылы бұрынғы
металл
ақша қағаз ақшамен (бон) ауыстырылды.
1397 ж. Хо-кюи-Ли корольдiң отбасы мүшелерiнен басқа
адамдардың 10 маудан (1 мау=0,36 га) артық жер үлесiн алуына
тыйым салды. Артық жерлердi мемлекет алып, жер жетпей жатқан
қауымдарға таратып бердi. 1401 жылдан бастап əрбiр провинция-
да қоғамдық қамбалар ұйымдастырылды. Онда жиналатын астық
қоры ашаршылық бола қалғанда таратылып беруге арналды.
150
151
Хо-кюи-Лидiң реформалары аяғына жеткiзiлмедi. Оны 1407—
1427 жылдардағы Қытай басып алушылығы тоқтатты.
Қытай басқыншыларына қарсы күрестiң орталығы Тханьхоа
провинциясындағы Ламшон ауылы болды. Сол ауылдан 1418 ж.
көтерiлiсшiлер Ле Лой мен оның серiгi Нгуен Чайдың басшылығымен
жаудың əскерiне қарсы шабуыл бастады.
Он жылдық соғыстың барысында вьеттiктер жеңiске жетiп, от-
анын толық азат еттi. 1428 ж. өкiмет билiгiнiң Ле əулетiнiң қолына
көшкендiгi жарияланды. Ол əулет 1788 жылға дейiн билiк құрды.
Жаңа əулет басқарған өкiмет ең алдымен ауыл шаруашылығын
қалпына келтiрiп, онан əрi дамытуды қолға алды.
Iрi жер иелерi
Қытай басқыншыларымен ынтымақтастықта болғаны үшiн олардың
иелiктерi қазынаға алынды. Ал Ле Лой əскерi негiзiнен шаруалардан
тұрғандықтан қазынаның жері жері жоқ немесе жерi аз шаруаларға
бөлiнiп берiлдi. Ол жерлердi сатуға тыйым салынды. Алдағы екi
жыл бойына шаруалар салықтан босатылды. Бұл шаруалар соғыста
зардап шеккен экономиканы жандандыруға зор үлес қосты.
Өкiмет шаруаларды жаңа қазыналық жəне жеке меншiктiк
жерлердi игеруге ынталандырып отырды. Тек салықты төлеп отыру
талап етiлдi. Бiрақ шаруалардың бəрi бiрдей өз шаруашылықтарын
дамытып кете алмады. Кейбiр шаруалар бақуатты шаруашылық
иелерiне тəуелдiлiкке түсiп, жалдануға əрекет жасады. Бiрақ салық
төлеушiлер қатары кемiп кететiн болғандықтан мұндай əрекеттерге
тыйым салынып отырды.
Ле Нян Тон (1442—1454) билiгi кезiндегi жарлықтар ұсақ отба-
сыларының жеке меншiк жерлерiн нығайтуға бағытталды. Мұндай
шаралар XV ғасырдың 50- жылдарының аяғына қарай Дайвьетте
жер иеленудiң тұрақтылығын қамтамасыз еттi.
Ле Тхань Тон (1460—1497) корольдiң тұсында реформалар
толықтырылып, “Хонг-дык” кодексiмен бекiтiлдi. Ол орталық-
тандырылған монархияны құруды көздеп,
XV ғасырдың ортасына
қарай аграрлық қатынастарда орын алған өзгерiстердi бейнеледi.
Оның көптеген баптары жердi иелену, мұраға алу, сату тəртiптерiн,
ол тəртiптердi бұзғаны үшiн қолданылатын жазаларды белгiледi.
Ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң өсуi қолөнерi мен сауданың да-
муына ықпал еттi. “Жүз бiрлестiк өндiрiс” деп аталған мемлекеттiк
шеберханаларда əскерге қажеттi қару-жарақтар, өндiрiс құрал-
саймандары, сəндiк бұйымдар жасалды, киiм-кешек тiгiлдi. Ауылдар
егiншiлiктен қол үзбестен жiбек жəне мақтадан тоқылған маталар
шығарды, қағазбен күйдiрiлген қыш бұйымдарын жасады. Вьеттiк
шеберлердiң бұйымдары тек iшкi рынокта ғана емес, сондай-ақ
сыртқы рынокта да, əсiресе Қытайда үлкен сұранысқа ие болды.
Дайвьет сыртқы саясатта да елеулi табыстарға қол жеткiздi. 1471
ж. Тьямпа жаулап алынды да, тəуелсiздiгiнен айырылды. 1479—
1480 жылдары Лангсангқа сəттi жорық жасалды. Оның нəтижесiнде
Лангсанг бiраз уақыт Дайвьеттiң сюзеренитетiн мойындауға мəжбүр
болды.
Достарыңызбен бөлісу: