Мəдениетi. ХІ—ХV ғасырларға мəдениеттегi ұлттық эле-
менттердің күшеюi тəн. 1035 ж. кави тiлiнде жазылған М
,
пу Канваның
“Арджунаның үйлену тойы” (“Арджунавиваха”) деген эпикалық
шығармасында Аирлангтың тарихы баяндалады. Маджапахит са-
райында 1365 ж. жазылған Прапанчидің “Нагара-кертагама” де-
ген шығармасында Маджапахит патшалығы мадақталады. Ал
Тантулардың “Арджунавиджайя” деген шығармасында Маджпахит
империясындағы халықтар мен дiндердің бiрлiгi мен ынтымағы
дəрiптеледi. Қазiргi кездегi Индонезия Республикасының туындағы
“Бхинекка тунггал ика” — “Көп түрлердің бiрлiгi” деген сөз сол
Тантулардың сөзi делінедi.
Сингхасари дəуiрiнде явалық тiл мен əдебиет, сəулет өнерiн-
дегi ұлттық стиль санскрит пен үндiлiк элементтердi толық ығы-
стырды.
Əн-би, театр өнерлерi де дамып, жетiле түстi. Ваянг-пурво де-
ген явалық көлеңке театры кең өрiс алды. Сарайда салт-дəстүрлер
мен əдет-ғұрыптар, мiнез-құлық ережелерi қалыптасты. Заңдар
жинақтары жазылды.
Ерте ортағасырлық Индонезиядағы дiн үндiстiк-буддалық сим-
биоз болса, дамыған феодализм дəуiрiнде елдің саяси жəне мəдени
өмiрiнде ислам дiнi маңызды орынға ие бола бастады. Индонезиядағы
ең алғашқы мұсылмандық жазу 1082 жылға жатады. Ол Явадағы
Сурабай ауданынан табылған. Индонезиялықтар ислам дiнiн ХІ—
ХІI ғасырларда қабылдай бастаса керек. ХІII ғасырдың аяғына
қарай Солтүстiк Суматра негiзiнен ислам дiнiне өттi. Индонезияға
ислам дiнi енгеннен кейiн елде үш тарихи-мəдени кешен орын алды:
ежелгi жергiлiктi; үндiстiк-буддалық жəне мұсылмандық.
Индонезияда түрлi-түстi суреттер салынған ерекше батик мата-
сы тоқылды. Темiр ұсталары айбынды семсерлер жасаса, зергерлер
құнды металдар мен асыл тастардан əшекей бұйымдар жасады.
Ə д е б и е т т е р:
1. История Востока. В шести томах. т. II. Восток в средние века.— М.: “Восточная литература” РАН, 1995.— 360—364; 588— 591 бб. 2. История стран Азии и Африки в средние века. В 2-х частях. ч. 1.— М.: МГУ, 1987.— 279—285 бб.