§ 15. ХІ—ХV ғасырлардағы Дайвьет мемлекеті 1. Ли əулеті кезіндегі Дайвьеттің саяси құрылысы, əлеуметтік-экономикалық жағдайы. 2. Дайвьеттің ХІ—ХV ғасырлардағы сыртқы саясаты. 3. Дайвьеттің ХІІІ—ХV ғғ. экономикалық жағдайы. 4. Чан жəне Ле əулеттерінің билігі кезіндегі аграрлық қатынастар. 5. Дайвьет мəдениеті. 1010 ж. Вьетнамдағы өкiмет билiгi Ли əулетiнiң қолына көштi.
Əулет 1225 жылға дейiн билiк құрды. Əулеттiң алдында мемлекеттi
жəне орталық билiктi нығайту мiндетi тұрды. Бұл мiндет
мемлекеттiң жаңа астанасын жаңа қала — Тханглаунгқа (қазiргi
Ханой) көшiруден жəне 1069 ж. елдiң атын Дайвьет — “Ұлы Вьет”
деп өзгертуден айқын көрiнiс тапты. Мемлекет 24 уезге (фу) бөлiндi.
Оларды чифулер басқарды. Əсiресе солтүстiктегi жəне оңтүстiктегi
екi (Хоан жəне Ай) шекаралық облыстарға ерекше мəн берiлдi.
Мемлекеттi басқаратын шенеунiктiк-бюрократиялық жүйе Қы-
тай үлгiсiмен құрылды. Азаматтық та, əскери де шенеунiктер тоғыз
дəрежеге бөлiндi. Олар əскери немесе азаматтық палаталардан келiп
түсетiн жарлықтарды басшылыққа алуға тиiс болды. Ең жоғарғы
абсолюттiк билiк корольдiң қолында болды. Ол мемлекеттiң
қарамағындағы барлық жердiң иесi деп те саналды.