194
195
мəжбүр болды. 1191 жылы біріккен Үнді əскерлерін басқарған
князъ Притхви Раджа /Аджмир мен Делидің князі/ Шихаб-ат-дин
Гуридің əскерлерін жеңді. Бірақ, келесі 1192 жылы жеңіліп қалды.
Притхви Раджа соғыста қаза тапты. Шихаб-ат-дин Аджмирды
басып алды. Бірақ Притхви Раджаның баласы князъ болып қала
берді. Ол тек Шихаб-ад-динге тəуелді екендігін мойындап, вассалы
ретінде салық төлеп тұратын болды. Өзі Газниге қайтып, Шихаб-
ад-дин Гури түркі тұқымынан шыққан əскери қолбасшы Кутуб Ад-
дин Айбекті Индияға наместник етіп қалдырды. Айбек Солтүстік
Индияны жаулап алуды онан əрі жалғастырды. 1193 жылы ол Делиді
алды, оны өзінің астанасына айналдырды. 90- жылдардың аяғында
Айбек Бихар мен Бенгалияны да басып алды. Бұл жақтағы Палдар
мен Сендер княздықтары жойылды. Бүкіл Солтүстік Индияда түрік,
ауған, тəжік феодалдарының билігі орнады.
1206 жылы Шихаб-ад-дин /Мухамед Гури/ өлген соң оның
Солтүстік Индиядағы наместниктері Газнидің жаңа патшасын мой-
ындаудан бас тартты. Солтүстік Индиядағы наместниктер Кутуб-
Ад-дин Айбектің қол астына бірігіп, соның билігін ғана мойындады.
Газни мемлекетінен бөлінген мұсылман феодалдары Дели сұлта-
натын құрды. Айбектің қол астына біріккен наместниктер бара-бара
бір-бірімен соғысып, сұлтанат əлсіреді. Осы жағдайды Үнді княз-
дары пайдаланып қалуға тырысты. Олар тəуелсіздіктерін қалпына
келтіре бастады. Осындай жағдайда мұсылман наместниктердің
көпшілігі қайтадан Айбектің төңірегіне топтасып, біріккісі келме-
ген облыстарды күшпен қосып алды. Сөйтіп, Дели Сұлтандығы
нығая түсті. Бірақ 1221 ж. Пенджабқа Хорезм шахы Джелал-ад-динді
қуып келген монғолдар басып кірді. Шыңғыс ханның əскері батыс
Пенджабты талан-таражға ұшыратып, кейін қайтты.
1241 жылы моңғолдар тағы да Шығыс Пенджабқа басып кірді.
Осы жерден Делиге шабуыл ұйымдастыра бастады. Монғол
шапқыншылығына қарсы жергілікті феодалдар бір орталыққа
бағындырылған мемлекетті нығайтуға бет бұрды. Дели сұлтандығы
1206—1526 жж. өмір сүрді. Оны ХV ғасырдың ортасына дейін түрік
халқының өкілдері, ХV ғасырдың ортасынан — ауғандық Лоди
əулеті басқарды.
Достарыңызбен бөлісу: